Өңірлік бөліністе 2025 жылғы қаңтар-сәуірде жүк айналымының өсуі Астана (24,4%), Алматы (7,1%) қалаларында және Атырау (38,8%), Жетісу облысы (34,9%), Маңғыстау (26,3%), Павлодар (26,1%), Абай облысы (24,8%), Түркістан (22,5%), Қостанай (13,4%), Алматы облысында (12,2%), Қарағанды (12,1%), Батыс Қазақстан (12,1%), Ақтөбе (9,4%), Қызылорда (7,6%), Солтүстік Қазақстан (1,9%) және Ақмола (1,3%) облыстарында байқалады.
Жолаушылар айналымы ең көп дәрежеде: Алматы (24,6%), Шымкент (12,7%) қалаларында және Алматы облысында (2,2 есе), Маңғыстау (46,1%), Атырау (36,8%), Абай облысы (22,9%), Қарағанды (17,7%), Қызылорда (14,5%), Батыс Қазақстан (11,7%), Шығыс Қазақстан (9,5%), Түркістан (9,1%), Ақтөбе (8,9%) және Павлодар (8,7%) облыстарында ұлғайды.
| Жүк айналымы | Жолаушылар айналымы | |
| Қазақстан Республикасы | 114,3 | 113,7 |
| Абай | 124,8 | 122,9 |
| Ақмола | 101,3 | 55,9 |
| Ақтөбе | 109,4 | 108,9 |
| Алматы | 112,2 | 222,0 |
| Атырау | 138,8 | 136,8 |
| Батыс Қазақстан | 112,1 | 111,7 |
| Жамбыл | 94,8 | 89,5 |
| Жетісу | 134,9 | 89,4 |
| Қарағанды | 112,1 | 117,7 |
| Қостанай | 113,4 | 64,1 |
| Қызылорда | 107,6 | 114,5 |
| Маңғыстау | 126,3 | 146,1 |
| Павлодар | 126,1 | 108,7 |
| Солтүстік Қазақстан | 101,9 | 75,9 |
| Түркістан | 122,5 | 109,1 |
| Ұлытау | 98,2 | 86,4 |
| Шығыс Қазақстан | 91,5 | 109,5 |
| Астана қаласы | 124,4 | 98,4 |
| Алматы қаласы | 107,1 | 124,3 |
| Шымкент қаласы | 84,1 | 112,7 |
2025 жылғы қаңтар-сәуірде республика темір жол көлігімен 147,5 млн. тонна жүк тасымалданды, бұл 2024 жылғы қаңтар-сәуір деңгейінен 14,7%-ға ұлғайды, осы кезеңде жүк айналымы 111,3 млрд. т-км құрады (2024 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 10,4%-ға өсті), 6,2 млн. жолаушы тасымалданды (2024 жылғы қаңтар-сәуірге қарағанда 7,8%-ға кем), жолаушылар айналымы 4,7 млрд. ж-км құрады (2024 жылғы қаңтар-сәуірге қарағанда 4,6%-ға кеміді).
2025 жылғы қаңтар-сәуірде өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда автомобиль көлігімен жүктасымалдау 3,6%-ға өсті және автомобиль көлігінің жүк айналымы 45,3%-ға ұлғайғаны байқалады. Бұл ретте жолаушыларды тасымалдау және жолаушылар айналымы тиісінше 11% және 25,6%-ға ұлғайды.
2025 жылғы қаңтар-сәуірде 114,8 млн. тонна жүк тасымалданды (2024 жылғы қаңтар-сәуірге қарағанда 18,1%-ға артық), жүк айналымы 57,5 млрд.т-км құрады (2024 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 16,2%-ға өсті).
2025 жылғы қаңтар-сәуірде республиканың әуе көлігімен 4,4 млн. жолаушы тасымалданды (2024 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 4,4%-ға өсті), жолаушылар айналымы 8,7 млрд. ж-км құрады (2024 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 8,1%-ға ұлғайды).
2025 жылғы қаңтар-сәуірде теңіз көлігімен 1 308,0 мың. тонна жүк тасымалданды, 2024 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 46,8% ұлғайғаны байқалады, жүк айналымы 617,9 млн. т-км құрады және 2024 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 16,8% өсті.
Тасымалданған жүктер – көлікпен тасымалданған тоннадағы жүктер саны.
Көліктің жүк айналымы – жүктерді тасымалдау бойынша көлік жұмыстарының көлемі, тонна-километрмен тұлғаланады. Тасымалданатын жүктің әрбір партиясының (жөнелтудің) салмағын оны тасымалдау арақашықтығына көбейтудің жиынтықталуы арқылы анықталады.
Жолаушылар тасымалдау – белгілі бір уақыт кезеңінде тасымалданған жолаушылар саны. Көлік, қатынас түрлері бойынша ескеріледі. Жолаушыларды тасымалдау статистикасындағы байқау бірлігі жолаушы-сапары болып саналады.
Көліктің жолаушылар айналымы – жолаушыларды тасымалдау бойынша жұмыс көлемі. Өлшем бірлігі-жолаушы-километр, яғни 1 жолаушынының 1 километр қашықтыққа орын ауыстыру болып табылады. Әр тасымалдаудың жолаушылар санының туындыларын километрмен тасымалдау қашықтығына қосу арқылы анықталады.
Нақты көлем индексі – есепті кезеңдегі жүк және жолаушылар тасымалының сандық көлемдерінің базиспен салыстырғанда өзгеруін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш және жүктер мен жолаушыларды тасымалдаудан түсетін кірістердің орташа өлшенген өсу қарқыны негізінде есептеледі.
Шығарылымда 1-көлік айлық нысаны бойынша есеп берген, негізгі қызмет түрі – көлік (ЭҚЖС-ның коды – 49-51) болып табылатын кәсіпорындардың жұмысы, жолаушыларды және жүктерді коммерциялық негізде тасымалдауды жүзеге асыратын экономиканың басқа да салаларындағы кәсіпорындар көрсетілген, сондай-ақ коммерциялық негізде автомобиль көлігінде жүктерді және жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын, тоқсандық нысандар бойынша есеп берген дара кәсіпкерлер: 1-ЖК (автожүк), 1-ЖК (автожолаушылар).