Өңірлік бөліністе 2025 жылғы қаңтар-наурызда жүк айналымының өсуі Астана (27%), Алматы (14,5%) қалаларында және Атырау (37,7%), Павлодар (28,8%), Маңғыстау (26,5%), Жетісу облысы (26,3%), Абай облысы (21%), Қостанай (15,6%), Түркістан (15,6%), Алматы облысында (12,6%), Қарағанды (12%), Батыс Қазақстан (11,6%), Ақтөбе (8,1%), Қызылорда (7,4%), және Ақмола (2,1%) облыстарында байқалады.
Жолаушылар айналымы ең көп дәрежеде: Алматы (23,4%), Шымкент (10,5%) қалаларында және Алматы облысында (2,3 есе), Маңғыстау (57%), Атырау (36,9%), Абай облысы (21,4%), Қарағанды (14,3%), Батыс Қазақстан (14,2%), Қызылорда (14,1%), Ақтөбе (8,4%), Шығыс Қазақстан (8,4%), Павлодар (7,4%) және Түркістан (0,6%) облыстарында ұлғайды.
| Жүк айналымы | Жолаушылар айналымы | |
| Қазақстан Республикасы | 114,3 | 114,0 |
| Абай | 121,0 | 121,4 |
| Ақмола | 102,1 | 57,1 |
| Ақтөбе | 108,1 | 108,4 |
| Алматы | 112,6 | 227,8 |
| Атырау | 137,7 | 136,9 |
| Батыс Қазақстан | 111,6 | 114,2 |
| Жамбыл | 94,6 | 88,7 |
| Жетісу | 126,3 | 89,9 |
| Қарағанды | 112,0 | 114,3 |
| Қостанай | 115,6 | 72,1 |
| Қызылорда | 107,4 | 114,1 |
| Маңғыстау | 126,5 | 157,0 |
| Павлодар | 128,8 | 107,4 |
| Солтүстік Қазақстан | 100,7 | 74,2 |
| Түркістан | 115,6 | 100,6 |
| Ұлытау | 97,4 | 86,9 |
| Шығыс Қазақстан | 92,5 | 108,4 |
| Астана қаласы | 127,0 | 99,2 |
| Алматы қаласы | 114,5 | 123,4 |
| Шымкент қаласы | 89,0 | 110,5 |
2025 жылғы қаңтар-наурызда республика темір жол көлігімен 111,3 млн. тонна жүк тасымалданды, бұл 2024 жылғы қаңтар-наурыз деңгейінен 14,9%-ға ұлғайды, осы кезеңде жүк айналымы 83,7 млрд. т-км құрады (2024 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 10,3%-ға өсті), 4,7 млн. жолаушы тасымалданды (2024 жылғы қаңтар-наурызға қарағанда 8,2%-ға кем), жолаушылар айналымы 3,6 млрд. п-км құрады (2024 жылғы қаңтар-наурызға қарағанда 5,4%-ға кеміді).
2025 жылғы қаңтар-наурыз өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда автомобиль көлігімен жүктасымалдау 7,8%-ға өсті және жүк айналымы 58%-ға ұлғайғаны байқалады. Бұл ретте жолаушыларды тасымалдау және жолаушылар айналымы тиісінше 13,1% және 30,6%-ға ұлғайды.
2025 жылғы қаңтар-наурыз 85,8 млн. тонна жүк тасымалданды (2024 жылғы қаңтар-наурызға қарағанда 17,7%-ға артық), жүк айналымы 42,8 млрд.т-км құрады (2024 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 14,5%-ға өсті).
2025 жылғы қаңтар-наурыз республиканың әуе көлігімен 3,3 млн. жолаушы тасымалданды (2024 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 2,2%-ға өсті), жолаушылар айналымы 6,7 млрд. п-км құрады (2024 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 4,6%-ға ұлғайды).
2025 жылғы қаңтар-наурыз теңіз көлігімен 1 020,0 мың. тонна жүк тасымалданды, 2024 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 56% ұлғайғаны байқалады, жүк айналымы 478,4 млн. т-км құрады және 2024 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 21,4% өсті.
Тасымалданған жүктер – көлікпен тасымалданған тоннадағы жүктер саны.
Көліктің жүк айналымы – жүктерді тасымалдау бойынша көлік жұмыстарының көлемі, тонна-километрмен тұлғаланады. Тасымалданатын жүктің әрбір партиясының (жөнелтудің) салмағын оны тасымалдау арақашықтығына көбейтудің жиынтықталуы арқылы анықталады.
Жолаушылар тасымалдау – белгілі бір уақыт кезеңінде тасымалданған жолаушылар саны. Көлік, қатынас түрлері бойынша ескеріледі. Жолаушыларды тасымалдау статистикасындағы байқау бірлігі жолаушы-сапары болып саналады.
Көліктің жолаушылар айналымы – жолаушыларды тасымалдау бойынша жұмыс көлемі. Өлшем бірлігі-жолаушы-километр, яғни 1 жолаушынының 1 километр қашықтыққа орын ауыстыру болып табылады. Әр тасымалдаудың жолаушылар санының туындыларын километрмен тасымалдау қашықтығына қосу арқылы анықталады.
Нақты көлем индексі – есепті кезеңдегі жүк және жолаушылар тасымалының сандық көлемдерінің базиспен салыстырғанда өзгеруін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш және жүктер мен жолаушыларды тасымалдаудан түсетін кірістердің орташа өлшенген өсу қарқыны негізінде есептеледі.
Шығарылымда 1-көлік айлық нысаны бойынша есеп берген, негізгі қызмет түрі – көлік (ЭҚЖС-ның коды – 49-51) болып табылатын кәсіпорындардың жұмысы, жолаушыларды және жүктерді коммерциялық негізде тасымалдауды жүзеге асыратын экономиканың басқа да салаларындағы кәсіпорындар көрсетілген, сондай-ақ коммерциялық негізде автомобиль көлігінде жүктерді және жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын, тоқсандық нысандар бойынша есеп берген дара кәсіпкерлер: 1-ЖК (автожүк), 1-ЖК (автожолаушылар).