Өңірлік бөліністе 2025 жылғы қаңтарда жүк айналымының өсуі Алматы (54,9%), Астана (40,6%), Шымкент (35,7%), қалаларында және Павлодар (35,6%), Атырау (29,2%), Маңғыстау (24,7%), Алматы облысында (22,7%), Қостанай (14%), Батыс Қазақстан (10,5%), Қарағанды (9,1%), Ақмола (7,2%), Жамбыл (7,2%) және Қызылорда (6,1%) облыстарында байқалады.
Жолаушылар айналымы ең көп дәрежеде: Алматы (22,3%), Шымкент (11,4%) Астана (2,5%) қалаларында және Алматы облысында (2,2 есе), Маңғыстау (83,3%), Атырау (50,4%), Батыс Қазақстан (14,7%), Абай (6,9%), Қарағанды (5,9%), Ақтөбе (4,3%) Павлодар (2,9%) жәнеТүркістан (2%) облыстарында ұлғайды.
| Жүк айналымы | Жолаушылар айналымы | |
| Қазақстан Республикасы | 113,8 | 115,0 |
| Абай | 96,2 | 106,9 |
| Ақмола | 107,2 | 57,9 |
| Ақтөбе | 99,4 | 104,3 |
| Алматы | 122,7 | 224,8 |
| Атырау | 129,2 | 150,4 |
| Батыс Қазақстан | 110,5 | 114,7 |
| Жамбыл | 107,2 | 94,3 |
| Жетісу | 78,7 | 73,6 |
| Қарағанды | 109,1 | 105,9 |
| Қостанай | 114,0 | 72,7 |
| Қызылорда | 106,1 | 115,8 |
| Маңғыстау | 124,7 | 183,3 |
| Павлодар | 135,6 | 102,9 |
| Солтүстік Қазақстан | 92,5 | 67,1 |
| Түркістан | 89,6 | 102,0 |
| Ұлытау | 92,0 | 78,5 |
| Шығыс Қазақстан | 98,1 | 98,6 |
| Астана қаласы | 140,6 | 102,5 |
| Алматы қаласы | 154,9 | 122,3 |
| Шымкент қаласы | 135,7 | 111,4 |
2025 жылғы қаңтарда республика темір жол көлігімен 37,4 млн. тонна жүк тасымалданды, бұл 2024 жылғы қаңтар деңгейінен 17,8%-ға ұлғайды, осы кезеңде жүк айналымы 27,8 млрд. т-км құрады (2024 жылғы қаңтармен салыстырғанда 9,7%-ға өсті), 1,7 млн. жолаушы тасымалданды (2024 жылғы қаңтарға қарағанда 1,9%-ға кем), жолаушылар айналымы 1,3 млрд. п-км құрады (2024 жылғы қаңтарға қарағанда 2,7%-ға кеміді).
2025 жылғы қаңтар өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда автомобиль көлігімен жүктасымалдау 21,4%-ға өсті және жүк айналымы 73,9%-ға ұлғайғаны байқалады. Бұл ретте жолаушыларды тасымалдау және жолаушылар айналымы тиісінше 15,9% және 36,7%-ға ұлғайды.
2025 жылғы қаңтар 28,7 млн. тонна жүк тасымалданды (2024 жылғы қаңтарға қарағанда 15,7%-ға артық), жүк айналымы 14,4 млрд.т-км құрады (2024 жылғы қаңтармен салыстырғанда 12,3%-ға өсті).
2025 жылғы қаңтар-желтоқсанда республиканың әуе көлігімен 1,2 млн. жолаушы тасымалданды (2024 жылғы қаңтармен салыстырғанда 5,7%-ға кеміді), жолаушылар айналымы 2,4 млрд. п-км құрады (2024 жылғы қаңтармен салыстырғанда 2,1%-ға ұлғайды).
2025 жылғы қаңтарда теңіз көлігімен 354,8 мың. тонна жүк тасымалданды, 2024 жылғы қаңтармен салыстырғанда 73,3% ұлғайғаны байқалады, жүк айналымы 161,1 млн. т-км құрады және 2024 жылғы қаңтармен салыстырғанда 23,1% өсті.
Тасымалданған жүктер – көлікпен тасымалданған тоннадағы жүктер саны.
Көліктің жүк айналымы – жүктерді тасымалдау бойынша көлік жұмыстарының көлемі, тонна-километрмен тұлғаланады. Тасымалданатын жүктің әрбір партиясының (жөнелтудің) салмағын оны тасымалдау арақашықтығына көбейтудің жиынтықталуы арқылы анықталады.
Жолаушылар тасымалдау – белгілі бір уақыт кезеңінде тасымалданған жолаушылар саны. Көлік, қатынас түрлері бойынша ескеріледі. Жолаушыларды тасымалдау статистикасындағы байқау бірлігі жолаушы-сапары болып саналады.
Көліктің жолаушылар айналымы – жолаушыларды тасымалдау бойынша жұмыс көлемі. Өлшем бірлігі-жолаушы-километр, яғни 1 жолаушынының 1 километр қашықтыққа орын ауыстыру болып табылады. Әр тасымалдаудың жолаушылар санының туындыларын километрмен тасымалдау қашықтығына қосу арқылы анықталады.
Нақты көлем индексі – есепті кезеңдегі жүк және жолаушылар тасымалының сандық көлемдерінің базиспен салыстырғанда өзгеруін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш және жүктер мен жолаушыларды тасымалдаудан түсетін кірістердің орташа өлшенген өсу қарқыны негізінде есептеледі.
Шығарылымда 1-көлік айлық нысаны бойынша есеп берген, негізгі қызмет түрі – көлік (ЭҚЖС-ның коды – 49-51) болып табылатын кәсіпорындардың жұмысы, жолаушыларды және жүктерді коммерциялық негізде тасымалдауды жүзеге асыратын экономиканың басқа да салаларындағы кәсіпорындар көрсетілген, сондай-ақ коммерциялық негізде автомобиль көлігінде жүктерді және жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын, тоқсандық нысандар бойынша есеп берген дара кәсіпкерлер: 1-ЖК (автожүк), 1-ЖК (автожолаушылар).