Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
    Түйінді тұстар
    108,5%
    «Көлік және қоймалау» секциясының қызметтерінің НКИ 2024 жылғы қаңтар-желтоқсан өткен жылдың тиісті кезеңіне 108,5% құрады.
    1 078,8 млн.
    2024 жылғы қаңтар-желтоқсанда Республика көлігімен 1 078,8 млн. тонна жүк тасымалданды, бұл 2023 жылғы қаңтар-желтоқсан деңгейінен 10%-ға өсті.
    514,5 млрд.
    Осы кезеңде жүк айналымы 514,5 млрд.т-км құрады (2023 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 2,6%-ға өсті).
    1 727,2 млн.
    1 727,2 млн. жолаушы тасымалданды (2023 жылғы қаңтар-желтоқсанға қарағанда 9,3%-ға өсті).
    82,8 млрд.
    Жолаушылар айналымы 82,8 млрд. п-км құрады (2023 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 13,8%-ға өсті).

    Өңірлік бөліністе 2024 жылғы қаңтар-желтоқсанда жүк айналымының өсуі Шымкент (32,7%), Астана (25,7%), Алматы (24,2%) қалаларында және Павлодар (17,4%), Жамбыл (6,4%), Атырау (4,4%), Батыс Қазақстан (2,6%), Маңғыстау (1,5%), және Қызылорда (0,9%) облыстарында байқалады.

    Жолаушылар айналымы ең көп дәрежеде Алматы (17%), Астана (15,1%) қалаларында және Алматы облысында (75%), Маңғыстау (73,2%), Ұлытау (39,3%), Жамбыл (19,5%), Павлодар (14,9%), Қостанай (13,6%), Атырау (13,3%), Қызылорда (5,2%), Батыс Қазақстан (3,5%), Ақмола (2,4%), Ақтөбе (2,2%) және Қарағанды (1,6%) облыстарында ұлғайды.

    2024 жылғы қаңтар-желтоқсандағы жүк айналымы және жолаушылар айналымы
    пайызбен
      Жүк айналымы Жолаушылар айналымы
    Қазақстан Республикасы 102,6 113,8
    Абай 91,6 94,8
    Ақмола 97,9 102,4
    Ақтөбе 93,7 102,2
    Алматы 96,1 175,0
    Атырау 104,4 113,3
    Батыс Қазақстан 102,6 103,5
    Жамбыл 106,4 119,5
    Жетісу 78,3 88,0
    Қарағанды 97,5 101,6
    Қостанай 100,7 113,6
    Қызылорда 100,9 105,2
    Маңғыстау 101,5 173,2
    Павлодар 117,4 114,9
    Солтүстік Қазақстан 88,5 94,9
    Түркістан 94,2 88,8
    Ұлытау 89,9 139,3
    Шығыс Қазақстан 90,6 94,4
    Астана қаласы 125,7 115,1
    Алматы қаласы 124,2 117,0
    Шымкент қаласы 132,7 93,0
    Теміржол көлігі

    2024 жылғы қаңтар-желтоқсанда республика темір жол көлігімен 437,1 млн. тонна жүк тасымалданды, бұл 2023 жылғы қаңтар-желтоқсан деңгейінен 5%-ға ұлғайды, осы кезеңде жүк айналымы 327,9 млрд. т-км құрады (2023 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 0,3%-ға өсті), 20,8 млн. жолаушы тасымалданды (2023 жылғы қаңтар-желтоқсанға қарағанда 5,1%-ға артық), жолаушылар айналымы 16,2 млрд. п-км құрады (2023 жылғы қаңтар-желтоқсанға қарағанда 0,5%-ға өсті).

    Автомобиль және қалалық электр көлігі

    2024 жылғы қаңтар-желтоқсан өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда автомобиль көлігімен жүктасымалдау 19,5%-ға өсті және жүк айналымы 19,7%-ға ұлғайғаны байқалады. Бұл ретте жолаушыларды тасымалдау және жолаушылар айналымы тиісінше 9,4% және 24,6%-ға ұлғайды.

    Құбыр көлігі

    2024 жылғы қаңтар-желтоқсан 295,4 млн. тонна жүк тасымалданды (2023 жылғы қаңтар-желтоқсанға қарағанда 7,4%-ға артық), жүк айналымы 149,1 млрд.т-км құрады (2023 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 3,7%-ға өсті).

    Әуе көлігі

    2024 жылғы қаңтар-желтоқсанда республиканың әуе көлігімен 14,7 млн. жолаушы тасымалданды (2023 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 10,6%-ға ұлғайды), жолаушылар айналымы 28,3 млрд. п-км құрады (2023 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 9,2%-ға ұлғайды).

    Ішкі су көлігі

    2024 жылғы қаңтар-желтоқсанда ішкі су көлігімен 349,7 мың тонна жүк тасымалданды, (2023 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 54,1%-ға азайды), 231,1 мың жолаушы тасымалданды (2023 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 90,9%-ға өсті).

    Теңіз және жағалау көлігі

    2024 жылғы қаңтар-желтоқсанда теңіз көлігімен 2,8 млн. тонна жүк тасымалданды, 2023 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 2,1 есеге ұлғайғаны байқалады, жүк айналымы 1 581,4 млн. т-км құрады және 2023 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 1,8 есеге өсті.

    Глоссарий

    Тасымалданған жүктер – көлікпен тасымалданған тоннадағы жүктер саны.

    Көліктің жүк айналымы – жүктерді тасымалдау бойынша көлік жұмыстарының көлемі, тонна-километрмен тұлғаланады. Тасымалданатын жүктің әрбір партиясының (жөнелтудің) салмағын оны тасымалдау арақашықтығына көбейтудің жиынтықталуы арқылы анықталады.

    Жолаушылар тасымалдау – белгілі бір уақыт кезеңінде тасымалданған жолаушылар саны. Көлік, қатынас түрлері бойынша ескеріледі. Жолаушыларды тасымалдау статистикасындағы байқау бірлігі жолаушы-сапары болып саналады.

    Көліктің жолаушылар айналымы – жолаушыларды тасымалдау бойынша жұмыс көлемі. Өлшем бірлігі-жолаушы-километр, яғни 1 жолаушынының 1 километр қашықтыққа орын ауыстыру болып табылады. Әр тасымалдаудың жолаушылар санының туындыларын километрмен тасымалдау қашықтығына қосу арқылы анықталады.

    Нақты көлем индексі – есепті кезеңдегі жүк және жолаушылар тасымалының сандық көлемдерінің базиспен салыстырғанда өзгеруін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш және жүктер мен жолаушыларды тасымалдаудан түсетін кірістердің орташа өлшенген өсу қарқыны негізінде есептеледі.

    Әдіснамалық түсініктемелер

    Шығарылымда 1-көлік айлық нысаны бойынша есеп берген, негізгі қызмет түрі – көлік (ЭҚЖС-ның коды – 49-51) болып табылатын кәсіпорындардың жұмысы, жолаушыларды және жүктерді коммерциялық негізде тасымалдауды жүзеге асыратын экономиканың басқа да салаларындағы кәсіпорындар көрсетілген, сондай-ақ коммерциялық негізде автомобиль көлігінде жүктерді және жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын, тоқсандық нысандар бойынша есеп берген дара кәсіпкерлер: 1-ЖК (автожүк), 1-ЖК (автожолаушылар).

    Шығаруға жауапты:
    Қызмет көрсетужәне энергетика статистикасы департементі
    Департамент директоры:
    Г. Қарауылова
    Тел. +7 7172749060
    Орындаушы:
    Б. Қуандықов
    Тел. +7 7172 749771
    E-mail: b.kuandikov@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер Үйі, 4 кіреберіс