Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
    Түйінді тұстар
    108,1%
    «Көлік және қоймалау» секциясының қызметтерінің НКИ 2024 жылғы қаңтар-қараша өткен жылдың тиісті кезеңіне 108,1% құрады.
    977,4 млн.
    2024 жылғы қаңтар-қарашада Республика көлігімен 977,4 млн. тонна жүк тасымалданды, бұл 2023 жылғы қаңтар-қараша деңгейінен 9,2%-ға өсті.
    467,3 млрд.
    Осы кезеңде жүк айналымы 467,3 млрд.т-км құрады (2023 жылғы қаңтар-қарашамен салыстырғанда 1,9%-ға өсті).
    1 567,2 млн.
    1 567,2 млн. жолаушы тасымалданды (2023 жылғы қаңтар-қарашаға қарағанда 9,2%-ға өсті).
    75,8 млрд.
    Жолаушылар айналымы 75,8 млрд. п-км құрады (2023 жылғы қаңтар-қарашамен салыстырғанда 13,6%-ға өсті).

    Өңірлік бөліністе 2024 жылғы қаңтар-қарашада жүк айналымының өсуі Шымкент (28,0%), Астана (24,7%), Алматы (22,7%) қалаларында және Павлодар (14,7%), Жамбыл (6,2%), Атырау (3,9%), Маңғыстау (1,5%), Батыс Қазақстан (1,4%), және Қызылорда (0,9%) облыстарында байқалады.

    Жолаушылар айналымы ең көп дәрежеде Алматы (17,5%), Астана (15,1%) қалаларында және Маңғыстау (70,3%), Алматы (70,3%), Ұлытау (37,4%), Жамбыл (18,8%), Павлодар (14,5%), Атырау (12,6%), Қостанай (11,9%), Қызылорда (4,2%), Батыс Қазақстан (4,1%), Ақмола (2,6%), Ақтөбе (2,2%) және Қарағанды (1,6%) облыстарында ұлғайды.

    2024 жылғы қаңтар-қарашадағы жүк айналымы және жолаушылар айналымы
    пайызбен
      Жүка йналымы Жолаушылар айналымы
    Қазақстан Республикасы 101,9 113,6
    Абай 91,0 97,1
    Ақмола 97,0 102,6
    Ақтөбе 93,1 102,2
    Алматы 96,0 170,3
    Атырау 103,9 112,6
    БатысҚазақстан 101,4 104,1
    Жамбыл 106,2 118,8
    Жетісу 78,5 87,9
    Қарағанды 96,7 101,6
    Қостанай 99,9 111,9
    Қызылорда 100,9 104,2
    Маңғыстау 101,5 171,3
    Павлодар 114,7 114,5
    СолтүстікҚазақстан 88,2 93,1
    Түркістан 95,0 86,7
    Ұлытау 89,4 137,4
    ШығысҚазақстан 89,9 94,5
    Астана қаласы 124,7 115,1
    Алматы қаласы 122,7 117,5
    Шымкент қаласы 128,0 93,2
    Теміржол көлігі

    2024 жылғы қаңтар-қарашада республика темір жол көлігімен 390,6 млн. тонна жүк тасымалданды, бұл 2023 жылғы қаңтар-қараша деңгейінен 2,6%-ға ұлғайды, осы кезеңде жүк айналымы 296,5 млрд. т-км құрады (2023 жылғы қаңтар-қарашамен салыстырғанда 0,9%-ға азайды), 19,2 млн. жолаушы тасымалданды (2023 жылғы қаңтар-қарашаға қарағанда 5,5%-ға артық), жолаушылар айналымы 15 млрд. п-км құрады (2023 жылғы қаңтар-қараша қарағанда 0,9%-ға өсті).

    Автомобиль және қалалық электр көлігі

    2024 жылғы қаңтар-қараша өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда автомобиль көлігімен жүктасымалдау 19,9%-ға өсті және жүк айналымы 20,5%-ға ұлғайғаны байқалады. Бұл ретте жолаушыларды тасымалдау және жолаушылар айналымы тиісінше 9,2% және 24,2%-ға ұлғайды.

    Құбыр көлігі

    2024 жылғы қаңтар-қараша 269,7 млн. тонна жүк тасымалданды (2023 жылғы қаңтар-қарашаға қарағанда 7,5%-ға артық), жүк айналымы 136,7 млрд.т-км құрады (2023 жылғы қаңтар-қарашамен салыстырғанда 4,1%-ға өсті).

    Әуе көлігі

    2024 жылғы қаңтар-қарашада республиканың әуе көлігімен 13,5 млн. жолаушы тасымалданды (2023 жылғы қаңтар-қарашамен салыстырғанда 9,5%-ға ұлғайды), жолаушылар айналымы 26 млрд. п-км құрады (2023 жылғы қаңтар-қарашамен салыстырғанда 8,9%-ға ұлғайды).

    Ішкі су көлігі

    2024 жылғы қаңтар-қарашада ішкі су көлігімен 349,7 мың тонна жүк тасымалданды, (2023 жылғы қаңтар-қарашамен салыстырғанда 53,6%-ға азайды), 231,1 мың жолаушы тасымалданды (2023 жылғы қаңтар-қарашамен салыстырғанда 90,9%-ға өсті).

    Теңіз және жағалау көлігі

    2024 жылғы қаңтар-қарашада теңіз көлігімен 2,6 млн. тонна жүк тасымалданды, 2023 жылғы қаңтар-қарашамен салыстырғанда 2,2 есеге ұлғайғаны байқалады, жүк айналымы 1 453,4 млн. т-км құрады және 2023 жылғы қаңтар-қарашамен салыстырғанда 2 есеге өсті.

    Глоссарий

    Тасымалданған жүктер – көлікпен тасымалданған тоннадағы жүктер саны.

    Көліктің жүк айналымы – жүктерді тасымалдау бойынша көлік жұмыстарының көлемі, тонна-километрмен тұлғаланады. Тасымалданатын жүктің әрбір партиясының (жөнелтудің) салмағын оны тасымалдау арақашықтығына көбейтудің жиынтықталуы арқылы анықталады.

    Жолаушылар тасымалдау – белгілі бір уақыт кезеңінде тасымалданған жолаушылар саны. Көлік, қатынас түрлері бойынша ескеріледі. Жолаушыларды тасымалдау статистикасындағы байқау бірлігі жолаушы-сапары болып саналады.

    Көліктің жолаушылар айналымы – жолаушыларды тасымалдау бойынша жұмыс көлемі. Өлшем бірлігі-жолаушы-километр, яғни 1 жолаушынының 1 километр қашықтыққа орын ауыстыру болып табылады. Әр тасымалдаудың жолаушылар санының туындыларын километрмен тасымалдау қашықтығына қосу арқылы анықталады.

    Нақты көлем индексі – есепті кезеңдегі жүк және жолаушылар тасымалының сандық көлемдерінің базиспен салыстырғанда өзгеруін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш және жүктер мен жолаушыларды тасымалдаудан түсетін кірістердің орташа өлшенген өсу қарқыны негізінде есептеледі.

    Әдіснамалық түсініктемелер

    Шығарылымда 1-көлік айлық нысаны бойынша есеп берген, негізгі қызмет түрі – көлік (ЭҚЖС-ның коды – 49-51) болып табылатын кәсіпорындардың жұмысы, жолаушыларды және жүктерді коммерциялық негізде тасымалдауды жүзеге асыратын экономиканың басқа да салаларындағы кәсіпорындар көрсетілген, сондай-ақ коммерциялық негізде автомобиль көлігінде жүктерді және жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын, тоқсандық нысандар бойынша есеп берген дара кәсіпкерлер: 1-ЖК (автожүк), 1-ЖК (автожолаушылар).

    Шығаруға жауапты:
    Қызмет көрсетужәне энергетика статистикасы департементі
    Департамент директоры:
    Г. Қарауылова
    Тел. +7 7172749060
    Орындаушы:
    Б. Қуандықов
    Тел. +7 7172 749771
    E-mail: b.kuandikov@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер Үйі, 4 кіреберіс