Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
    Түйінді тұстар
    560 223
    2026 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалар саны 560223 бірлікті құрады, оның ішінде 452675 жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар.
    1 650 741
    Тіркелген дара кәсіпкерлік субъектілерінің саны 1650741 құрады, оның ішінде 1586140 жұмыс істеп тұрған субъектілер.
    2 139 973
    Тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2139973 бірлікті, оның ішінде жұмыс істеп тұрғандары – 1976028 құрады.
    Мөлшері мен белсенділігі бойынша тіркелген және жұмыс істеп тұрған субъектілер
    2026 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша
    Өлшемділігі бойынша Заңды тұлғалар Дара кәсіпкерлік субъектілері* Филиалдар және шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер*
    тіркелген жұмыс істеп тұрған тіркелген жұмыс істеп тұрған тіркелген жұмыс істеп тұрған тіркелген жұмыс істеп тұрған
    Барлығы 560 223 452 675 1 650 741 1 586 140 28 554 21 607 2 139 973 1 976 028
    Шағын 550 650 443 195 - - 27 432 20 493 2 136 834 1 972 943
    Орта 6 979 6 904 - -    630    626 3 139   3 085
    Ірі 2 594 2 576 - -    492    488 - -

    * Көрсеткіштің төмендеуі ДК субъектілерінің 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа Салық Кодексі аясында енгізілген өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режиміне өтуімен байланысты (Салық кодексінің 718-бабы).

    Субъектілер серпіні

    Жыл сайын тіркелген заңды тұлғалар санының орта есеппен 4,1%-ға өскені байқалады, осылай соңғы он жылда (2016-2025 жылдары) олардың саны 383850-ден 549669 дейін (165819 бірлікке немесе 43,2%-ға) өсті. Осыған байланысты негізгі өсім шағын заңды тұлғалар есебінен орын алатындығын атап өту қажет, олардың саны жыл сайын тұрақты түрде орташа 4,1%-ға көбейді. Шағын кәсіпкерліктен бөлек, орта және ірі заңды тұлғалар серпіні тұрақсыз сипатқа ие. Соңғы онжылдықта, орта және ірі заңды тұлғалар санының жыл сайынғы өсуі аясында, 2017, 2019,2020 және 2023 жылдары олардың саны елеусіз түрде, бірақ (1,4%-ға, 3,1%-ға, 0,7%-ға және 0,8%-ға сәйкесінше) төмендеді.

    Субъектілер серпіні
    Өлшемділігі бойынша 2016 2017 2018 2019 2020 2021 2022 2023 2024 2025
    Барлығы 383 850 412 677 433 774 446 687 461 983 481 732 507 238 526 290 536 241 549 669
    Шағын 374 912 403 862 424 796 437 988 453 343 472 777 497 995 517 123 526 826 540 095
    Орта 6 502 6 432 6 490 6 297 6 235 6 494 6 685 6 689 6 919 6 978
    Ірі 2 436 2 383 2 488 2 402 2 405 2 461 2 558 2 478 2 496 2 596
    Тіркелген және жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар

    2026 жылғы қазанда қыркүйек айымен салыстырғанда, тіркелген заңды тұлғалар санының (0,1%-ға) көбейгені байқалады, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда олардың саны 1,2%-ға көбейді. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны ағымдағы жылдың алдыңғы айымен салыстырғанда 0,3%-ға көбейді, ал өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 4,3%-ға көбейгені байқалады. Жыл басынан бері экономикалық қызмет түрлері бойынша тіркелген заңды тұлғалар санының барынша басым бөлігі «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» саласы бойынша сақталуда, 2026 жылғы 1 қарашада олардың үлесі 26,1%-ды құрайды. Екінші орында – «Құрылыс» (13,6%), үшінші орында – «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» (10%). Осы үш қызмет түрінің жиынтық үлесі барлық тіркелген заңды тұлғалардың 49,6%-ын құрады.

    2026 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша барынша көп тіркелген заңды тұлғалар саны Алматы қаласына (168767 немесе 30,1%), Астана (106180 немесе 19%) және Шымкент (29353 немесе 5,2%) тиесілі. Ең аз тіркелген заңды тұлғалар саны Ұлытау (2920 немесе 0,5%), Жетісу (8735 немесе 1,6%) және Абай (8840 немесе 1,6%) облыстарына тиесілі.

    Қызмет түрлері және белсенділігi бойынша тіркелген заңды тұлғалар
    2026 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша
    Қызмет түрлері бойынша Барлығы Одан
    жұмыс істеп тұрғандар оның ішінде таратылу үдерісінде
    жаңадан тіркелгендер белсенді қызметін уақытша тоқтатқандар
    Барлығы 560 223 452 675 55 917 192 765 203 993 3 238
    Ауыл, орман және балық шаруашылығы 21 979 20 060 2 430 5 721 11 909    87
    Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу 6 921 6 089 1 084 1 215 3 790    36
    Өндеу өнеркәсібі 28 990 23 837 1 811 10 070 11 956    189
    Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау 1 918 1 661    148    507 1 006    11
    Сумен жабдықтау; су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет 2 808 2 329    147    921 1 261    31
    Құрылыс 76 134 60 948 8 339 17 379 35 230    836
    Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу 146 116 107 898 14 826 43 359 49 713 1 057
    Көлік және жинақтау 23 412 18 861 1 667 7 914 9 280    143
    Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету 11 695 9 445 1 188 3 990 4 267    24
    Ақпарат және байланыс 21 006 17 277 2 870 7 223 7 184    46
    Қаржы және сақтандыру қызметі 8 639 6 643 1 581 2 163 2 899    101
    Жылжымайтын мүлікпен операциялар 28 297 24 595 2 279 13 749 8 567    102
    Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет 36 919 30 348 3 107 13 769 13 472    140
    Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет 26 466 21 852 1 771 10 719 9 362    103
    Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру 9 754 9 545    160 9 078    307    25
    Білім беру 32 052 29 587 1 256 21 653 6 678    125
    Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету 13 153 11 950    806 7 756 3 388    29
    Өнер, ойын-сауық және демалыс 8 120 6 731    789 3 026 2 916    24
    Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну 55 843 43 019 9 658 12 553 20 808    129
    Аумақтан тыс ұйымдар мен органдардың қызметі    1 - - - - -
    Өлшем мен меншік нысандары бойынша тіркелген заңды тұлғалар
    2026 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша
    Өлшемділігі бойынша Барлығы Оның ішінде меншік нысандары және түрлері бойынша
    мемлекеттік жеке барлығы одан шетелдік
    мемлекеттің       қатысуымен (шетелдің қатысуынсыз) бірлескен       кәсіпорындар (шетелдің қатысуымен)
    Барлығы 560 223 25 972 464 739    363 11 228 69 512
    Шағын 550 650 20 923 460 707    319 10 925 69 020
    Орта 6 979 3 796 2 891    18    174    292
    Ірі 2 594 1 253 1 141    26    129    200
    Тіркелген және жұмыс істеп тұрған жеке кәсіпкерлік субъектілері (ДК және БДК)

    2026 жылғы қазанда қыркүйек айымен салыстырғанда кейбір тіркелген дара кәсіпкерлік субъектілерінің (0,15%-ға) азайғаны байқалады, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда олардың саны 13,1%-ға азайды. Сонымен қатар жұмыс істеп тұрған дара кәсіпкерлік субъектілер санының ағымдағы жылдың алдыңғы айымен салыстырғанда 0,2%-ға азайғаны байқалады және өткен жылмен салыстырғанда 12,3%-ға азайды. Жыл басынан бері экономикалық қызмет түрлері бойынша тіркелген дара кәсіпкерлік субъектілерінің барынша басым бөлігі «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» саласы бойынша сақталуда, 2026 жылғы 1 қарашада олардың үлесі 38,3%-ды құрады. Екінші орында «Ауыл, орман және балық шаруашылығы» (14,8%), үшінші орында «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» (13,8%). Осы үш қызмет түрінің жиынтық үлесі барлық тіркелген дара кәсіпкерлік субъектілердің 66,9%-ын құрайды.

    Қызмет түрлері бойынша тіркелген және жұмыс істеп тұрған дара кәсіпкерлік субъектілері*
    2026 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша
    Қызмет түрлері бойынша Барлығы Оның ішінде іске асыратындар:
    тіркелген жұмыс істеп тұрған жеке кәсіпкерлік түрінде бірлескен кәсіпкерлік түрінде
    тіркелген жұмыс істеп тұрған тіркелген жұмыс істеп тұрған
    Барлығы 1 650 741 1 586 140 1 578 409 1 514 579 72 332 71 561
    Ауыл, орман және балық шаруашылығы 244 171 236 321 171 950 164 847 72 221 71 474
    Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу    710    613    710    613 - -
    Өңдеу өнеркәсібі 79 855 76 199 79 834 76 180    21    19
    Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау    528    482    528    482 - -
    Сумен жабдықтау; су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет 2 343 2 272 2 342 2 271    1    1
    Құрылыс 70 596 67 772 70 594 67 771    2    1
    Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу 631 572 605 724 631 552 605 707    20    17
    Көлік және жинақтау 94 960 91 655 94 952 91 648    8    7
    Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету 50 377 48 466 50 374 48 463    3    3
    Ақпарат және байланыс 22 794 22 075 22 794 22 075 - -
    Қаржы және сақтандыру қызметі    641    589    641    589 - -
    Жылжымайтын мүлікпен операциялар 84 270 81 761 84 248 81 747    22    14
    Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет 34 379 33 251 34 373 33 245    6    6
    Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет 46 550 45 027 46 537 45 017    13    10
    Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру    48    48    48    48 - -
    Білім беру 31 268 30 146 31 268 30 146 - -
    Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету 9 637 9 249 9 637 9 249 - -
    Өнер, ойын-сауық және демалыс 17 680 17 061 17 678 17 059    2    2
    Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну 228 307 217 375 228 294 217 368    13    7
    Үй қызметшісін жалдайтын үй шаруашылықтарының қызметі, өзіндік тұтынуы үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өндіру бойынша үй шаруашылықтарының қызметі    55    54    55    54 - -

    * Көрсеткіштің төмендеуі ДК субъектілерінің 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа Салық Кодексі аясында енгізілген өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режиміне өтуімен байланысты (Салық кодексінің 718-бабы).

    Тіркелген және жұмыс істеп тұрған филиалдар және шетелдік заңды тұлға филиалдары

    2026 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша тіркелген филиалдар мен шетелдік заңды тұлға филиалдарының саны 28554 бірлікті құрады, оның ішінде жұмыс істеп тұрғаны - 21607. Барынша көп тіркелген филиалдар мен шетелдік заңды тұлға филиалдарының саны Алматы қаласына (3732 немесе 13,1%) және Астана қаласына (3331 немесе 11,7%), және Түркістан облысына (1833 немесе 6,4%) тиесілі. Экономикалық қызмет түрлері бойынша тіркелген филиалдар мен шетелдік заңды тұлға филиалдарының барынша басым үлесі «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» (11948 немесе 41,8%), «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» (3522 немесе 12,3%) және «Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет» (2078 немесе 7,3%) салаларына жатады.

    Өлшем мен меншік нысандары бойынша тіркелген филиалдар
    2026 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша
    Өлшемділігі бойынша Барлығы Оның ішінде меншік нысандары және түрлері бойынша
    мемлекеттік жеке барлығы одан шетелдік
    мемлекеттің       қатысуымен (шетелдің қатысуынсыз) бірлескен       кәсіпорындар (шетелдің қатысуымен)
    Барлығы 24 788 2 636 21 044    94    574 1 108
    Шағын 23 704 2 280 20 364    71    544 1 060
    Орта    610    174    404    13    18    32
    Ірі    474    182    276    10    12    16
    Өлшем мен белсенділігі бойынша тіркелген шетелдік заңды тұлға филиалдары
    2026 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша
    Өлшемділігі бойынша Барлығы Одан
    жұмыс істеп тұрған оның ішінде таратылу үдерісінде
    жаңадан тіркелгендер белсенді қызметін уақытша тоқтатқандар
    Барлығы 3 766 2 130    372    813    945    60
    Шағын 3 728 2 093    372    779    942    60
    Орта    20    19 -    19 - -
    Ірі    18    18 -    15    3 -
    Шетелдік және бірлескен меншік нысанымен тіркелген және жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар, филиалдар және шетелдік заңды тұлға филиалдары

    2026 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша шетелдік меншік нысанымен тіркелген заңды тұлғалар, филиалдар мен шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары саны өткен жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда 16,8%-ға көбейді. Бірлескен меншік нысанымен тіркелген заңды тұлғалар мен филиалдар 0,9%-ға азайды.

    Экономикалық қызмет түрлері бөлінісінде шетелдік және бірлескен меншік нысанымен тіркелген заңды тұлғалар, филиалдар мен шетелдік заңды тұлға филиалдарының барынша басым үлесі «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» – 34,1%, «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» – 15,9%, «Құрылыс» – 11,8% салаларына тиесілі.

    Шетелдік және бірлескен меншік нысанымен тіркелген және жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар, филиалдар мен шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары*
    2026 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша
    Елдер бойынша Заңды тұлғалар, филиалдар мен шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары
    шетелдік меншік нысаны бірлескен меншік нысаны
    тіркелген жұмыс істеп тұрған тіркелген жұмыс істеп тұрған
    Қазақстан 74 386 57 116 11 802 9 043
    Ресей 23 335 17 516 4 686 3 650
    Өзбекстан 13 741 11 620 615 461
    Қытай 11 224 9 402 1 388 1 155
    Түркия 4 977 3 338 717 473
    Қырғызстан 3 177 2 203 394 302
    Әзірбайжан 1 679 1 287 210 151
    Украина 1 271 928 337 270
    Германия 971 756 464 361
    Беларусь 928 730 176 139
    Корея Республикасы 868 555 162 106

    * Тіркелген заңды тұлғалар, филиалдар және шетелдік заңды тұлға филиалдары ең көп 10 көшбасшы ел.

    Тіркелген және жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері

    2026 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің саны өткен жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда 9,4%-ға азайды. Жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің жалпы санындағы жеке кәсіпкерлердің үлесі 68,2%-ды, шағын кәсіпкерлік заңды тұлғалары – 19,6%, шаруа немесе фермер қожалықтары – 12,1%, орта кәсіпкерлік заңды тұлғалары – 0,2%-ды құрады.

    Экономикалық қызмет түрлері бөлінісінде тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің барынша басым үлесі «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» – 36,1%, «Ауыл, орман және балық шаруашылығы» – 12,8%, «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» – 12,3% салаларына тиесілі.

    Қазақстан Республикасындағы аумақтар бөлісінде тіркелген және жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер саны*
    2026 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша
    Өңірлер бойынша Тіркелген Жұмыс істеп тұрғандар
    Қазақстан Республикасы 2 139 973 1 976 028
    Абай 52 510 49 737
    Ақмола 61 201 58 018
    Ақтөбе 82 518 77 322
    Алматы 150 719 131 420
    Атырау 61 233 57 172
    Батыс Қазақстан 56 857 51 889
    Жамбыл 106 555 101 156
    Жетісу 61 024 58 043
    Қарағанды 102 651 94 434
    Қостанай 62 653 59 561
    Қызылорда 60 489 58 625
    Маңғыстау 72 805 69 664
    Павлодар 58 886 54 227
    Солтүстік Қазақстан 35 780 33 203
    Түркістан 201 254 198 992
    Ұлытау 17 133 16 250
    Шығыс Қазақстан 61 976 57 128
    Астана қаласы 275 196 248 419
    Алматы қаласы 418 328 367 634
    Шымкент қаласы 140 205 133 134
    * Көрсеткіштің төмендеуі ДК субъектілерінің 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа Салық Кодексі аясында енгізілген өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режиміне өтуімен байланысты (Салық кодексінің 718-бабы).
    Глоссарий

    Дара кәсіпкерлік – бұл Қазақстан Республикасы азаматтарының, қандастардың таза кіріс алуға бағытталған, жеке тұлғалардың өздерінің меншігіне негізделген және жеке тұлғалар атынан, олардың тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылатын дербес, бастамашыл қызметі. Дара кәсіпкерлік өзіндік немесе бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асырылады.

    Өзіндік кәсіпкерлікті бір жеке тұлға өзіне меншік құқығымен тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті пайдалануға және (немесе) оған иелік етуге жол беретін өзге де құқыққа орай дербес жүзеге асырады.

    Бірлескен кәсіпкерлікті жеке тұлғалар (жеке кәсіпкерлер) тобы өздеріне ортақ меншік құқығымен тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті бірлесіп пайдалануға және (немесе) оған иелік етуге жол беретін өзге де құқыққа орай жүзеге асырады.

    Кәсіпкерлік субъектілерінің санаттары – қызметкерлердің орташа жылдық саны мен орташа жылдық табысқа байланысты кәсіпкерлік субъектілері мына топтарға жатады: "шағын кәсіпкерлік субъектілері", оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілері; орта кәсіпкерлік субъектілері; ірі кәсіпкерлік субъектілері. Мемлекеттік статистика мақсаты үшін тек қана қызметкерлердің орташа жылдық саны белгісі ғана пайдаланылады.

    Қызметтің негізгі түрі – шаруашылық жүргізуші субъект жүзеге асыратын қызметтің кез келген басқа түріне қосылған құн салығынан асатын қызмет түрі;

    Қосылқы қызмет түрі – үшінші тұлғалар үшін өнімді (тауарды және қызметті) өндіру мақсатында жүзеге асырылатын негізгіден басқа қызмет түрі.

    Әдістемелік түсіндірмелер

    Барлық ұсынылған көрсеткіштер Статистикалық бизнес-тіркелім негізінде қалыптасқан, ол заңды тұлғалар, филиалдар және шетелдік заңды тұлға филиалдары, сондай-ақ тіркеу органдарында тіркеуден немесе қайта тіркеуден өткен дара кәсіпкерлік субъектілері туралы ақпаратты қамтиды.

    Ұсынылған кестелер тіркелген және жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың, филиалдардың және шетелдік заңды тұлға филиалдарының, дара кәсіпкерлік субъектілерінің, сондай-ақ қызмет түрлері мен өңірлер бөлінісі бойынша, меншік нысандары бойынша, мөлшері бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің санын көрсетеді.

    Қызмет түрлері қолданыстағы Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне (ЭҚЖЖ) сәйкес ұсынылған. Бірнеше қызмет түрлерін жүзеге асыратын субъектілер ең көп қосылған құн өсімін қамтамасыз ететін, негізгі қызмет бойынша есептеледі.

    Статистикалық бизнес-тіркелімде жұмыс жасайтын субъектілерге мыналар жатады:

    • дәл қазіргі уақытта экономикалық қызметті жүзеге асыратын, яғни белсенді субъектілер;
    • жаңадан тіркелген және экономикалық қызметті әлі жүзеге асырмағандар;
    • уақытша қызметін тоқтатқан субъектілер.

    «Қызметкерлердің саны бойынша заңды тұлғалардың, филиалдар мен өкілдіктердің, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілерінің өлшемділігі жіктеуішіне» сәйкес мөлшері бойынша қызметкерлердің жалпы жылдық санына байланысты субъектілерді 3 топқа бөлу қарастырылған:

    • шағын (100 адамға дейін);
    • орта (101 ден 250 адамға дейін);
    • ірі (250 адамнан астам).

    Филиалдары бар заңды тұлғалар оның барлық филиалдарындағы қызметкерлерінің тізімдік санымен бірге есептеледі.

    Шығаруға жауапты:
    Статистикалық тіркелімдер және жіктелімдер департаменті
    Департамент директоры:
    Е. Бекбердиев
    Тел. +7 7172 749058
    Орындаушы:
    Д. Төлеуғали
    Тел. +7 7172 749795
    E-mail: d.toleugali@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үйі, 4-кіреберіс