Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    12,8%
    2023 жылғы қаңтар-ақпанда орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 12,8% өсіп, 295,4 млрд. теңгені құрады.
    73,4%
    Республика бойынша құрылыс жұмыстарының жалпы көлемінен жеке құрылыс ұйымдарымен - 73,4%, шетелдік - 26,3%, мемлекеттік - 0,3% орындалды.
    Орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі

    2023 жылғы қаңтар-ақпанда құрылыс жұмыстары көлемінің 2022 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда ұлғаюы тұрғын емес ғимараттар ( 35,4%) мен имараттарды (5,3%) салумен және жөндеу жұмыстарымен байланысты.

    2023 жылғы қаңтар-ақпанда орындалған құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) түрлері бойынша ең көп үлесті тұрғын емес ғимараттар (24,7%) мен тұрғын үйлердің (12,5%) құрылысы алады.

    Құрылыс жұмыстары көлемінің нақты көлем индексі
    өткен жылғы тиісті кезеңге пайызбен
    2023ж. қаңтар-ақпан
    Динамикалық кестелер

    Аумақтық бөлінісінде республиканың 19 өңірінде құрылыс жұмыстары көлемінің ұлғаюы байқалады. Едәуір өсу Жамбыл (75,2%), Манғыстау (55,6%), Ақтөбе (27,8%), Абай (25,3%), Қызылорда (21,3%), Атырау (18,9%), Павлодар (17,0%), Ақмола (10,8%), Алматы (8,3%), Шығыс Қазақстан (8,2%), Қостанай (7,6%) өңірлерінде байқалады.

    Орындалған құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі
    Барлығы, мың теңге 2023 жылғы ақпан, пайызбен 2023 жылғы қаңтар-ақпан 2022 жылғы қаңтар-ақпанға , пайызбен Республикалық көлемге пайызбен
    2023 жылғы қаңтарға 2022 жылғы ақпанға
    Қазақстан Республикасы 295 374 931 190,5 113,0 112,8 100,0
    Абай    5 437 864 16,5 есе 126,6 125,3 1,8
    Ақмола 4 059 930 116,3 78,3 110,8 1,4
    Ақтөбе 13 014 013 226,4 123,6 127,8 4,4
    Алматы 7 519 710 3,6 есе 99,7 108,3 2,6
    Атырау 99 934 303 148,2 112,7 118,9 33,8
    Батыс Қазақстан 11 195 361 3,3 есе 121,3 101,7 3,8
    Жамбыл 8 227 258 260,2 197,5 175,2 2,8
    Жетісу 2 471 612 3,7 есе 95,4 90,2 0,8
    Қарағанды 15 024 278 3,1 есе 120,1 101,5 5,1
    Қостанай 12 862 628 3,4 есе 108,2 107,6 4,4
    Қызылорда 3 281 746 139,5 112,6 121,3 1,1
    Манғыстау 11 587 335 226,3 171,2 155,6 3,9
    Павлодар 6 536 265 181,1 136,3 117,0 2,2
    Солтүстік Қазақстан 2 652 053 98,9 67,7 104,3 0,9
    Туркістан 14 972 085 4,1 есе 108,5 102,8 5,1
    Ұлытау 5 982 414 172,4 89,9 103,6 2,0
    Шығыс Қазақстан 13 073 875 228,4 112,0 108,2 4,4
    Астана қаласы 31 277 754 104,4 100,7 100,5 10,6
    Алматы қаласы 20 893 285 201,3 103,8 102,7 7,1
    Шымкент қаласы 5 371 162 214,3 118,0 111,8 1,8
    Электрондық кестелер
    Тұрғын ғимараттарды пайдалануға беру

    Қазақстан Республикасында 2023 жылғы қаңтар-ақпанда пайдалануға берілген жаңа объектілердің жалпы алаңы 2343,2 мың шаршы метр құрады.

    Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің нақты көлем индексі
    өткен жылғы тиісті кезеңге пайызбен
    2023ж. қаңтар-ақпан
    Динамикалық кестелер

    Пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы 2022 жылғы қаңтар-ақпан айымен салыстырғанда 22,2% ұлғайып, 2 146 мың шаршы метрді құрады, олардан 1 283 мың шаршы метр - көп пәтерлі және 839 мың шаршы метр - жеке үйлер. Тұрғын үйдің едәуір бөлігін – 2 010,9 мың шаршы метрді немесе 93,7%-ын жеке құрылыс салушылар, оның ішінде жалпы көлемінде 39,3% құрайтын, 843,7 мың шаршы метрді халық пайдалануға берген.

    Пайдалануға берілген тұрғын ғимараттардың жалпы алаңы
    Пайдалануға берілген тұрғын ғимараттар Оның ішінде салушылармен
    жалпы алаңы шаршы метрмен өткен жылғы тиісті кезеңге пайызбен мемлекеттік меншік жекеше меншік олардан шетел меншігі
    халықпен өткен жылғы тиісті кезеңге пайызбен
    Қазақстан Республикасы 2 146 333 122,2 74 076 2 010 868 843 667 99,1 61 389
    Абай 27 002 120,5 - 27 002 12 919 95,4 -
    Ақмола 120 764 121,7 - 117 370 55 752 115,6 х
    Ақтөбе 134 675 104,7 - 134 675 92 607 149,0 -
    Алматы 127 265 113,9 - 83 548 51 029 56,4 х
    Атырау 98 853 127,6 - 84 575 68 275 88,1 14 278
    Батыс Қазақстан 54 559 102,3 1 241 53 318 30 401 111,4 -
    Жамбыл 72 681 107,8 12 803 59 878 53 447 79,3 -
    Жетісу 23 106 118,7 - 23 106 18 405 94,6 -
    Қарағанды 89 850 117,3 - 89 850 4 970 31,4 -
    Қостанай 104 781 105,6 11 833 92 948 33 905 61,2 -
    Қызылорда 102 629 101,7 4 403 98 226 98 226 97,3 -
    Манғыстау 124 899 180,7 - 124 899 39 159 82,9 -
    Павлодар 35 837 104,5 - 35 837 10 413 124,2 -
    Солтүстік Қазақстан 9 775 71,9 - 9 775 9 548 108,8 -
    Туркістан 78 802 100,0 - 78 802 78 802 122,2 -
    Ұлытау 11 895 74,3 - 11 895 5 751 95,2 -
    Шығыс Қазақстан 10 667 106,7 - 10 667 10 667 106,7 -
    Астана қаласы 424 825 99,9 43 796 381 029 8 401 38,0 -
    Алматы қаласы 423 499 202,2 - 423 499 99 320 135,4 -
    Шымкент қаласы 69 969 161,5 - 69 969 61 670 186,4 -

    2023 жылғы қаңтар-ақпанда білім беру және денсаулық сақтау саласында 484 оқу орнына арналған 1 жалпы білім беретін мектеп, 125 орынға арналған 3 мектепке дейінгі мекемелер, 150 төсек-орынына арналған 1 аурухана пайдалануға берілді.

    Әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілерді пайдалануға беру
    2023ж. қаңтар-ақпан
    Электрондық кестелер
    Глоссарий

    Құрылыс-монтаж жұмыстары – ғимараттар мен имараттарды тұрғызу, кеңейту, реконструкциялау мен техникалық қайта жарақтандыру бойынша құрылыс жұмыстары; энергетикалық, технологиялық және басқа да жабдықтарды монтаждау жұмыстары.

    Объектінің құрылысы – объектінің тәуелсіз бағалауды құрайтын барлық байланысты жабдықтар, құралдар, аспаптар, галереялар, жол өтпелерін, ішкі инженерлік желілер мен коммуникациялар жеке ғимарат немесе құрылымы, құрылыс (қайта жаңарту, кеңейту).

    Методологиялық түсініктемелер

    Құрылыс ұйымдарына жөндеу-құрылыс ұйымдарын қоса алғандағы, жалпықұрылыстық және мамандандырылған барлық ұйымдар жатады. Құрылыс ұйымдарының негізгі қызметі тапсырыс берушімен мердігерлік шарт бойынша мемлекеттік «Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне (ЭҚЖЖ)» сәйкес қызмет түрі «Құрылыс» қызметіне жататын жұмыстарды орындаудан тұрады.

    Құрылыс жұмыстарының көлеміне жаңа объектілердің құрылысы, күрделі және ағымдағы жөндеу, қайта құру, тұрғын және тұрғын емес ғимараттарды жаңғырту, инженерлік имараттар жұмыстары кіретін жасалған мердігерлік құрылыс шарттары бойынша құрылыс қызметін жүзеге асыратын кәсіпорындар орындаған жұмыстарының құны кіреді.

    Құрылыс жұмыстар (қызметтер) көлемінің нақты көлем индексі шын мәніндегі бағада дефлятор есебімен (баға индексі) талданған кезеңнің орындалған құрылыс жұмыстар көлемінің өткен кезеңге арақатынасымен анықталады.

    Тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) жалпы алаңы барлық тұрғын үйлердің жалпы алаңының және барлық тұрғын емес үй-жайлардың алаңының, сонымен қатар жалпы мүлік болатын тұрғын үй бөлігінің алаңының қосындысы болып есептеледі.

    Методологиялық түсініктемелердің анығырақ ақпараты келесі сілтемелер бойынша қолжетімді:
    Шығаруға жауапты:
    Өндіріс және қоршаған орта статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    Ә. Шауенова
    Тел. +7 7172 749056
    Орындаушы:
    Б. Дүбірова
    Тел. +7 7172 749313
    E-mail: ba.dubirova@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
    Онлайн кеңесші