2026 жылғы қаңтар-сәуірде құрылыс жұмыстары көлемінің 2025 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда ұлғаюы имараттар (41,2%) мен құрылысы жұмыстары және жөндеу жұмыстарына байланысты.
2026 жылғы қаңтар-сәуірде орындалған құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) түрлері бойынша ең көп үлесті автомобиль, теміржолдары мен метролар (26,4%), тұрғын емес ғимараттар (жалпы көлемге 21,2%) және тұрғын үйлердің (11,3%) құрылысы алады.
Аумақтық бөлінісінде республиканың он тоғыз өңірінде құрылыс жұмыстары көлемінің ұлғаюы байқалады. Едәуір өсу Ұлытау (3,7 есе), Қызылорда (27,5%), Жамбыл (27,3%), Павлодар (27,2%), Батыс Қазақстан (17%), Ақтөбе (13,1%), және Шығыс Қазақстан облыстарында (12,7%), Шымкент (33%) және Алматы қалаларында (17%) байқалады.
| Барлығы, мың теңге | 2026 жылғы сәуір, пайызбен |
2026 жылғы қаңтар- сәуір 2025 жылғы қаңтар- сәуірге, пайызбен
|
Республикалық көлемге пайызбен | ||
| 2026 жылғы наурызға | 2025 жылғы сәуірге | ||||
| Қазақстан Республикасы | 1 739 462 042 | 68,5 | 114,0 | 114,5 | 100,0 |
| Абай | 34 355 334 | 119,7 | 118,4 | 105,8 | 2,0 |
| Ақмола | 47 941 765 | 131,9 | 217,3 | 103,3 | 2,8 |
| Ақтөбе | 67 995 940 | 89,0 | 122,3 | 113,1 | 3,9 |
| Алматы | 76 236 066 | 71,7 | 97,8 | 106,4 | 4,4 |
| Атырау | 123 215 086 | 72,4 | 90,8 | 101,9 | 7,1 |
| Батыс Қазақстан | 69 297 139 | 64,6 | 116,2 | 117,0 | 4,0 |
| Жамбыл | 74 816 339 | 30,6 | 74,2 | 127,3 | 4,3 |
| Жетісу | 50 775 359 | 109,2 | 95,3 | 89,9 | 2,9 |
| Қарағанды | 113 765 986 | 123,7 | 127,9 | 110,6 | 6,5 |
| Қостанай | 64 645 339 | 36,0 | 97,8 | 104,8 | 3,7 |
| Қызылорда | 68 885 830 | 76,5 | 141,2 | 127,5 | 4,0 |
| Маңғыстау | 89 241 229 | 53,8 | 69,4 | 104,6 | 5,1 |
| Павлодар | 68 039 576 | 77,7 | 128,6 | 127,2 | 3,9 |
| Солтүстік Қазақстан | 25 933 950 | 57,8 | 117,7 | 103,9 | 1,5 |
| Түркістан | 95 837 025 | 52,0 | 93,3 | 110,3 | 5,5 |
| Ұлытау | 69 442 788 | 366,6 | 789,3 | 372,0 | 4,0 |
| Шығыс Қазақстан | 87 730 683 | 97,7 | 107,7 | 112,7 | 5,0 |
| Астана қаласы | 259 019 108 | 56,6 | 105,8 | 108,2 | 14,9 |
| Алматы қаласы | 181 646 242 | 40,6 | 101,0 | 117,0 | 10,4 |
| Шымкент қаласы | 70 641 258 | 33,1 | 92,3 | 133,0 | 4,1 |
Қазақстан Республикасында 2026 жылғы қаңтар-сәуірде пайдалануға берілген жаңа объектілердің жалпы алаңы 6334,1 мың шаршы метрді құрады.
Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 2025жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 4,9% көбейді, 5122,1 мың шаршы метрді құрады, олардан 3464,1 мың шаршы метр - көп пәтерлі және 1645,9 мың шаршы метр - жеке үйлер. Тұрғын үйлердің едәуір бөлігін – 4952,4 мың шаршы метрді немесе 96,7%-ын жеке құрылыс салушылар, оның ішінде, 1717,6 мың шаршы метрді халық пайдалануға берген.
| Пайдалануға берілген тұрғын ғимараттар | Соның ішінде салушылармен | ||||||
| жалпы алаңышаршыметрмен | 2025 жылғы қаңтар-сәуірге пайызбен | мемлекеттікменшік | жекеше меншік | олардан | шетел меншігі | ||
| халықпен | 2025 жылғы қаңтар-сәуірге пайызбен | ||||||
| Қазақстан Республикасы | 5 122 121 | 104,9 | 148 724 | 4 952 375 | 1 717 564 | 100,7 | 21 022 |
| Абай | 42 820 | 146,0 | - | 42 820 | 30 420 | 151,6 | - |
| Ақмола | 137 234 | 101,8 | 1 893 | 135 341 | 80 303 | 92,4 | - |
| Ақтөбе | 275 025 | 113,3 | - | 275 025 | 178 355 | 107,6 | - |
| Алматы | 400 769 | 104,2 | 12 229 | 388 540 | 245 855 | 105,5 | - |
| Атырау | 132 060 | 90,3 | - | 132 060 | 101 009 | 80,1 | - |
| Батыс Қазақстан | 128 273 | 102,2 | 10 253 | 118 020 | 81 123 | 117,9 | - |
| Жамбыл | 176 341 | 101,8 | x | 165 845 | 141 539 | 112,5 | - |
| Жетісу | 81 342 | 112,9 | 14 544 | 66 798 | 64 766 | 155,8 | - |
| Қарағанды | 79 775 | 105,9 | - | 79 775 | 18 776 | 106,9 | - |
| Қостанай | 156 487 | 100,1 | 71 153 | 85 230 | 29 142 | 79,6 | x |
| Қызылорда | 190 658 | 101,8 | - | 190 658 | 148 660 | 92,7 | - |
| Маңғыстау | 128 517 | 104,2 | - | 119 757 | 50 192 | 103,7 | 8 760 |
| Павлодар | 70 301 | 101,7 | - | 67 654 | 39 678 | 71,2 | x |
| Солтүстік Қазақстан | 46 320 | 105,3 | - | 46 320 | 45 555 | 106,9 | - |
| Түркістан | 238 876 | 105,6 | - | 238 876 | 230 621 | 126,2 | - |
| Ұлытау | 18 820 | 108,7 | x | 10 597 | 8 498 | 141,0 | - |
| Шығыс Қазақстан | 72 187 | 102,4 | 8 150 | 64 037 | 23 786 | 103,7 | - |
| Астана қаласы | 1 413 173 | 103,5 | x | 1 393 229 | 30 041 | 166,3 | x |
| Алматы қаласы | 977 831 | 106,8 | - | 976 481 | 87 908 | 65,9 | x |
| Шымкент қаласы | 355 312 | 110,0 | - | 355 312 | 81 337 | 71,5 | - |
2026 жылғы қаңтар-сәуірде білім беру және денсаулық сақтау саласында 11280 оқу орнына арналған 21 жалпы білім беретін мектеп, 1717 орынға арналған 17 мектепке дейінгі ұйымдар және ауысымда 65 келіп-кетушіге арналған 2 амбулаториялық-емханалық ұйымдар пайдалануға берілді.
Құрылыс-монтаж жұмыстары – ғимараттар мен имараттарды тұрғызу, кеңейту, реконструкциялау мен техникалық қайта жарақтандыру бойынша құрылыс жұмыстары; энергетикалық, технологиялық және басқа да жабдықтарды монтаждау жұмыстары.
Объектінің құрылысы – объектінің тәуелсіз бағалауды құрайтын барлық байланысты жабдықтар, құралдар, аспаптар, галереялар, жол өтпелерін, ішкі инженерлік желілер мен коммуникациялар жеке ғимарат немесе құрылымы, құрылыс (қайта жаңарту, кеңейту).
Құрылыс ұйымдарына жөндеу-құрылыс ұйымдарын қоса алғандағы, жалпықұрылыстық және мамандандырылған барлық ұйымдар жатады. Құрылыс ұйымдарының негізгі қызметі тапсырыс берушімен мердігерлік шарт бойынша мемлекеттік «Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне (ЭҚЖЖ)» сәйкес қызмет түрі «Құрылыс» қызметіне жататын жұмыстарды орындаудан тұрады.
Құрылыс жұмыстарының көлеміне жаңа объектілердің құрылысы, күрделі және ағымдағы жөндеу, қайта құру, тұрғын және тұрғын емес ғимараттарды жаңғырту, инженерлік имараттар жұмыстары кіретін жасалған мердігерлік құрылыс шарттары бойынша құрылыс қызметін жүзеге асыратын кәсіпорындар орындаған жұмыстарының құны кіреді.
Құрылыс жұмыстар (қызметтер) көлемінің нақты көлем индексі шын мәніндегі бағада дефлятор есебімен (баға индексі) талданған кезеңнің орындалған құрылыс жұмыстар көлемінің өткен кезеңге арақатынасымен анықталады.
Тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) жалпы алаңы барлық тұрғын үйлердің жалпы алаңының және барлық тұрғын емес үй-жайлардың алаңының, сонымен қатар жалпы мүлік болатын тұрғын үй бөлігінің алаңының қосындысы болып есептеледі.