Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
    Түйінді тұстар
    14,9%
    2025 жылғы қаңтар-қыркүйекте орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 14,9% өсіп, 6441,3 млрд. теңгені құрады.
    93,2%
    Республика бойынша құрылыс жұмыстарының жалпы көлемінен жеке құрылыс ұйымдарымен 93,2%, шетелдік – 6,2%, мемлекеттік –0,6% орындалды.
    Орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі

    2025 жылғы қаңтар-қыркүйекте құрылыс жұмыстары көлемінің 2024 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда ұлғаюы имараттар (19,7%), тұрғын емес ғимараттар (9,8%) мен тұрғын ғимараттар (7,2%) құрылысы жұмыстары және жөндеу жұмыстарына байланысты.

    2025 жылғы қаңтар-қыркүйекте орындалған құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) түрлері бойынша ең көп үлесті автомобиль, теміржолдары мен метролар (23,9%), тұрғын емес ғимараттар (жалпы көлемге 21,8%) және тұрғын үйлердің (12,8%) құрылысы алады.

    Динамикалық кестелер:

    Аумақтық бөлінісінде республиканың он жеті өңірінде құрылыс жұмыстары көлемінің ұлғаюы байқалады. Едәуір өсу Астана (41,8%) және Алматы қалаларында (37,7%), Солтүстік Қазақстан (27,3%), Ақмола (26,4%), Түркістан (25,5%), Қостанай (23,5%), Павлодар (23%) және Алматы облыстарында (21,1%) байқалады.

    Орындалған құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі
    Барлығы, мың теңге 2025 жылғы қыркүйек, пайызбен 2025 жылғы қаңтар- қыркүйек 2024 жылғы қаңтар- қыркүйекке, пайызбен Республикалық көлемге пайызбен
    2025 жылғы тамызға 2024 жылғы қыркүйекке
    Қазақстан Республикасы 6 441 268 113 204,2 106,4 114,9 100,0
    Абай 194 026 154 140,5 59,3 96,9 3,0
    Ақмола 251 415 870 259,9 133,2 126,4 3,9
    Ақтөбе 292 787 174 222,0 109,6 118,1 4,5
    Алматы 303 797 471 195,9 118,0 121,1 4,7
    Атырау 426 634 869 338,0 106,6 71,3 6,6
    Батыс Қазақстан 231 009 293 135,0 58,3 106,0 3,6
    Жамбыл 254 871 355 253,9 108,9 116,5 4,0
    Жетісу 249 882 512 197,3 85,5 113,9 3,9
    Қарағанды 456 166 538 69,3 42,8 101,2 7,1
    Қостанай 256 024 345 294,8 102,3 123,5 4,0
    Қызылорда 206 845 595 152,9 65,1 115,6 3,4
    Маңғыстау 244 020 718 158,0 83,1 115,9 3,8
    Павлодар 325 921 848 422,2 139,9 123,0 5,1
    Солтүстік Қазақстан 178 536 746 263,9 108,0 127,3 2,8
    Түркістан 411 977 204 245,8 120,9 125,5 6,4
    Ұлытау 99 493 224 428,7 140,7 109,7 1,5
    Шығыс Қазақстан 275 377 527 155,2 148,9 110,8 4,3
    Астана қаласы 965 112 498 301,4 205,3 141,8 15,0
    Алматы қаласы 634 124 971 124,6 142,8 137,7 9,8
    Шымкент қаласы 183 242 201 111,4 49,6 96,2 3,3
    Электрондық кестелер:
    Тұрғын ғимараттарды пайдалануға беру

    Қазақстан Республикасында 2025 жылғы қаңтар-қыркүйекте пайдалануға берілген жаңа объектілердің жалпы алаңы 17521,9 мың шаршы метрді құрады.

    Динамикалық кестелер:

    Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 2024 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 3,4% көбейді, 12851,4 мың шаршы метрді құрады, олардан 8072,2 мың шаршы метр - көп пәтерлі және 4666 мың шаршы метр - жеке үйлер. Тұрғын үйлердің едәуір бөлігін – 11812,1 мың шаршы метрді немесе 91,9%-ын жеке құрылыс салушылар, оның ішінде, 4875,5 мың шаршы метрді халық пайдалануға берген.

    Пайдалануға берілген тұрғын ғимараттардың жалпы алаңы
    Пайдалануға берілген тұрғын ғимараттар Соның ішінде салушылармен
    жалпы алаңы шаршы метрмен 2024 жылғы қаңтар- қыркүйекке пайызбен мемлекеттік меншік жекеше меншік олардан шетел меншігі
    халықпен 2024 жылғы қаңтар- қыркүйекке пайызбен
    Қазақстан Республикасы 12 851 397 103,4 791 752 11 812 090 4 875 508 98,1 247 555
    Абай 159 876 67,4 11 119 148 757 72 266 110,4 -
    Ақмола 429 312 100,1 1 503 424 459 202 617 97,9 3 350
    Ақтөбе 615 372 102,6 39 423 575 949 401 872 129,9 -
    Алматы 901 479 116,0 31 887 776 963 621 894 120,2 92 629
    Атырау 475 840 99,3 16 636 459 204 334 404 96,4 -
    Батыс Қазақстан 427 818 102,2 50 308 371 676 230 918 94,5 x
    Жамбыл 522 200 101,7 36 877 485 323 425 947 103,1 -
    Жетісу 249 462 109,0 47 679 201 783 130 314 107,8 -
    Қарағанды 405 973 106,8 9 366 396 607 59 468 122,6 -
    Қостанай 391 006 103,2 55 679 335 327 71 573 64,3 -
    Қызылорда 677 068 104,8 29 337 647 731 594 754 97,0 -
    Маңғыстау 327 893 45,9 8 236 308 997 177 531 72,6 10 660
    Павлодар 238 337 100,0 32 293 206 044 140 205 105,1 -
    Солтүстік Қазақстан 168 362 102,8 16 719 150 889 98 549 100,1 x
    Түркістан 854 306 108,4 143 030 711 276 634 381 93,4 -
    Ұлытау 64 172 124,6 18 976 45 196 34 424 103,4 -
    Шығыс Қазақстан 210 445 104,0 46 006 145 924 72 178 93,8 x
    Астана қаласы 2 947 261 108,2 155 159 2 776 770 44 970 140,8 15 332
    Алматы қаласы 1 989 334 118,2 18 747 1 870 106 277 370 88,3 100 481
    Шымкент қаласы 795 881 102,6 22 772 773 109 249 873 69,4 -

    2025 жылғы қаңтар-қыркүйекте білім беру және денсаулық сақтау саласында 166174 оқу орнына арналған 164 жалпы білім беретін мектеп, 5889 орынға арналған 39 мектепке дейінгі ұйымдар, 435 орынға арналған 2 аурухана және ауысымда 2984 келіп-кетушіге арналған 72 амбулаториялық-емханалық мекеме пайдалануға берілді.

    Электрондық кестелер:
    Глоссарий

    Құрылыс-монтаж жұмыстары – ғимараттар мен имараттарды тұрғызу, кеңейту, реконструкциялау мен техникалық қайта жарақтандыру бойынша құрылыс жұмыстары; энергетикалық, технологиялық және басқа да жабдықтарды монтаждау жұмыстары.

    Объектінің құрылысы – объектінің тәуелсіз бағалауды құрайтын барлық байланысты жабдықтар, құралдар, аспаптар, галереялар, жол өтпелерін, ішкі инженерлік желілер мен коммуникациялар жеке ғимарат немесе құрылымы, құрылыс (қайта жаңарту, кеңейту).

    Методологиялық түсініктемелер

    Құрылыс ұйымдарына жөндеу-құрылыс ұйымдарын қоса алғандағы, жалпықұрылыстық және мамандандырылған барлық ұйымдар жатады. Құрылыс ұйымдарының негізгі қызметі тапсырыс берушімен мердігерлік шарт бойынша мемлекеттік «Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне (ЭҚЖЖ)» сәйкес қызмет түрі «Құрылыс» қызметіне жататын жұмыстарды орындаудан тұрады.

    Құрылыс жұмыстарының көлеміне жаңа объектілердің құрылысы, күрделі және ағымдағы жөндеу, қайта құру, тұрғын және тұрғын емес ғимараттарды жаңғырту, инженерлік имараттар жұмыстары кіретін жасалған мердігерлік құрылыс шарттары бойынша құрылыс қызметін жүзеге асыратын кәсіпорындар орындаған жұмыстарының құны кіреді.

    Құрылыс жұмыстар (қызметтер) көлемінің нақты көлем индексі шын мәніндегі бағада дефлятор есебімен (баға индексі) талданған кезеңнің орындалған құрылыс жұмыстар көлемінің өткен кезеңге арақатынасымен анықталады.

    Тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) жалпы алаңы барлық тұрғын үйлердің жалпы алаңының және барлық тұрғын емес үй-жайлардың алаңының, сонымен қатар жалпы мүлік болатын тұрғын үй бөлігінің алаңының қосындысы болып есептеледі.

    Методологиялық түсініктемелердің анығырақ ақпараты келесі сілтемелер бойынша қолжетімді:

    Шығаруға жауапты:
    Өндіріс және қоршаған орта статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    И. Торгаутова
    (Департамент директорының м.а.)
    Тел. +7 7172 749778
    Орындаушы:
    O.Эдель
    Тел. +7 7172 749313
    E-mail: o.edel@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үйі, 4 кіреберіс