Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    2 748,2 млрд.
    2024 жылғы қаңтар-маусымда орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 8,6% өсіп, 2748,2 млрд. теңгені құрады.
    87,7%
    Республика бойынша құрылыс жұмыстарының жалпы көлемінен жеке құрылыс ұйымдарымен 87,7%, шетелдік – 11,8%, мемлекеттік – 0,5% орындалды.
    Орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі

    2024 жылғы қаңтар-маусымда құрылыс жұмыстары көлемінің 2023 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда ұлғаюы тұрғын ғимараттар (22,4%) мен имараттар (15,6%) құрылысы жұмыстары және жөндеу жұмыстарымен байланысты.

    2024 жылғы қаңтар-маусымда орындалған құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) түрлері бойынша ең көп үлесті тұрғын емес ғимараттар (жалпы көлемге 24%) мен тұрғын үйлердің (15,6%) және автомобиль жолдары (13,3%) құрылысы алады.

    Динамикалық кестелер:

    Аумақтық бөлінісінде республиканың он жеті өңірінде құрылыс жұмыстары көлемінің ұлғаюы байқалады. Едәуір өсу Қызылорда (35,6%) облысында, Астана (35%) қаласында, Жетісу (33,8%), Шығыс Қазақстан (31,5%), Қарағанды (25,6%), Түркістан (23,8%), Маңғыстау (21,2%), Ұлытау (20,7%) облыстарында, Шымкент (18,4%) қаласында және Алматы (14,5%) облысында байқалады.

    Орындалған құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі
      Барлығы, мың теңге 2024 жылғы маусым, пайызбен 2024 жылғы қаңтар-маусым 2023 жылғы қаңтар-маусымға, пайызбен   Республикалық көлемге пайызбен
    2024 жылғы мамырға 2023 жылғы маусымға
    Қазақстан Республикасы 2 748 161 573 213,8 111,7 108,6 100,0
    Абай 74 852 142 4,6 есе 119,4 113,3 2,7
    Ақмола 70 690 212 135,1 81,4 93,5 2,6
    Ақтөбе 115 072 558 2,2 есе 105,5 113,2 4,2
    Алматы 110 391 725 2,1 есе 96,5 114,5 4,0
    Атырау 385 540 350 51,9 42,4 77,1 14,0
    Батыс Қазақстан 82 125 868 164,1 53,4 80,0 3,0
    Жамбыл 122 925 175 6,9 есе 120,7 112,3 4,5
    Жетісу 92 801 028 163,8 89,4 133,8 3,4
    Қарағанды 195 202 693 148,6 113,6 125,6 7,1
    Қостанай 81 761 698 2,8 есе 121,4 110,8 3,0
    Қызылорда 75 815 244 2,7 есе 127,9 135,6 2,8
    Маңғыстау 111 091 823 4,1 есе 190,4 121,2 4,0
    Павлодар 118 024 660 3,7 есе 117,6 111,9 4,3
    Солтүстік Қазақстан 57 289 613 3,9 есе 123,7 112,9 2,1
    Түркістан 181 053 507 4,1 есе 137,5 123,8 6,6
    Ұлытау 44 794 217 126,9 167,4 120,7 1,6
    Шығыс Қазақстан 135 877 346 176,6 187,9 131,5 4,9
    Астана қаласы 362 202 831 2,2 есе 156,0 135,0 13,2
    Алматы қаласы 240 993 166 2,1 есе 100,1 104,5 8,8
    Шымкент қаласы 89 655 717 2,1 есе 104,1 118,4 3,2
    Электрондық кестелер:
    Тұрғын ғимараттарды пайдалануға беру

    Қазақстан Республикасында 2024 жылғы қаңтар-маусымда пайдалануға берілген жаңа объектілердің жалпы алаңы 8468,8 мың шаршы метр құрады.

    Динамикалық кестелер:

    Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 2023 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 1% өсті, 7440,5 мың шаршы метрді құрады, олардан 4574,8 мың шаршы метр - көп пәтерлі және 2827,6 мың шаршы метр - жеке үйлер. Тұрғын үйлердің едәуір бөлігін – 6887,1 мың шаршы метрді немесе 92,6%-ын жеке құрылыс салушылар, оның ішінде, 2961,9 мың шаршы метрді халық пайдалануға берген.

    Пайдалануға берілген тұрғын ғимараттардың жалпы алаңы
      Пайдалануға берілген тұрғын ғимараттар соның ішінде салушылармен
    жалпы алаңы шаршы метрмен өткен жылғы тиісті кезеңге пайызбен мемлекеттік меншік жекеше меншік олардан шетел меншігі
    халықпен өткен жылғы тиісті кезеңге пайызбен
    Қазақстан Республикасы 7 440 546 101,0 388 364 6 887 147 2 961 892 97,5 165 035
    Абай 140 202 107,8 31 715 108 487 34 963 77,0 -
    Ақмола 237 469 76,5 41 830 192 209 128 111 75,4 3 430
    Ақтөбе 352 943 89,8 - 352 943 195 168 77,7 -
    Алматы 588 987 109,1 - 552 827 387 146 100,8 36 160
    Атырау 237 410 88,3 - 235 544 214 946 105,0 x
    Батыс Қазақстан 202 947 73,9 - 200 889 147 269 129,9 x
    Жамбыл 310 952 102,3 15 836 295 116 275 365 107,3 -
    Жетісу 115 545 111,3 31 083 84 462 75 658 122,2 -
    Қарағанды 266 283 114,5 10 622 255 661 34 168 79,9 -
    Қостанай 247 702 102,2 58 514 188 866 74 771 85,3 x
    Қызылорда 330 532 103,7 - 330 532 304 393 98,0 -
    Манғыстау 251 332 70,3 - 251 332 122 769 87,2 -
    Павлодар 162 174 119,4 34 956 127 218 80 044 149,2 -
    Солтүстік Қазақстан 90 445 118,9 3 178 87 267 66 238 121,0 -
    Туркістан 370 858 120,2 14 128 356 730 344 825 126,5 -
    Ұлытау 30 170 105,2 4 357 25 813 21 964 135,1 -
    Шығыс Қазақстан 141 586 104,4 44 205 97 381 38 859 87,8 -
    Астана қаласы 1 676 197 105,2 83 888 1 549 127 16 411 60,2 43 182
    Алматы қаласы 1 235 260 100,8 - 1 157 243 217 857 69,2 78 017
    Шымкент қаласы 451 552 115,8 14 052 437 500 180 967 97,1 -

    2024 жылғы қаңтар-маусымда білім беру және денсаулық сақтау саласында 9012 оқу орнына арналған 23 жалпы білім беретін мектеп, 1620 орынға арналған 14 мектепке дейінгі ұйымдар 250 орынға арналған 1 аурухана және ауысымда 425 келіп-кетушіге арналған 16 амбулаториялық-емханалық мекеме пайдалануға берілді.

    Электрондық кестелер:
    Глоссарий

    Құрылыс-монтаж жұмыстары – ғимараттар мен имараттарды тұрғызу, кеңейту, реконструкциялау мен техникалық қайта жарақтандыру бойынша құрылыс жұмыстары; энергетикалық, технологиялық және басқа да жабдықтарды монтаждау жұмыстары.

    Объектінің құрылысы – объектінің тәуелсіз бағалауды құрайтын барлық байланысты жабдықтар, құралдар, аспаптар, галереялар, жол өтпелерін, ішкі инженерлік желілер мен коммуникациялар жеке ғимарат немесе құрылымы, құрылыс (қайта жаңарту, кеңейту).

    Методологиялық түсініктемелер

    Құрылыс ұйымдарына жөндеу-құрылыс ұйымдарын қоса алғандағы, жалпықұрылыстық және мамандандырылған барлық ұйымдар жатады. Құрылыс ұйымдарының негізгі қызметі тапсырыс берушімен мердігерлік шарт бойынша мемлекеттік «Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне (ЭҚЖЖ)» сәйкес қызмет түрі «Құрылыс» қызметіне жататын жұмыстарды орындаудан тұрады.

    Құрылыс жұмыстарының көлеміне жаңа объектілердің құрылысы, күрделі және ағымдағы жөндеу, қайта құру, тұрғын және тұрғын емес ғимараттарды жаңғырту, инженерлік имараттар жұмыстары кіретін жасалған мердігерлік құрылыс шарттары бойынша құрылыс қызметін жүзеге асыратын кәсіпорындар орындаған жұмыстарының құны кіреді.

    Құрылыс жұмыстар (қызметтер) көлемінің нақты көлем индексі шын мәніндегі бағада дефлятор есебімен (баға индексі) талданған кезеңнің орындалған құрылыс жұмыстар көлемінің өткен кезеңге арақатынасымен анықталады.

    Тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) жалпы алаңы барлық тұрғын үйлердің жалпы алаңының және барлық тұрғын емес үй-жайлардың алаңының, сонымен қатар жалпы мүлік болатын тұрғын үй бөлігінің алаңының қосындысы болып есептеледі.

    Методологиялық түсініктемелердің анығырақ ақпараты келесі сілтемелер бойынша қолжетімді:
    Шығаруға жауапты:
    Өндіріс және қоршаған орта статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    И.С.Торгаутова
    Тел. +7 7172 749778
    Орындаушы:
    O.Эдель
    Тел. +7 7172 749313
    E-mail: o.edel@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
    Онлайн кеңесші