Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    356,6 млрд.
    2024 жылғы қаңтар-ақпанда орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 12,7% өсіп, 356,6 млрд. теңгені құрады.
    70,9%
    Республика бойынша құрылыс жұмыстарының жалпы көлемінен жеке құрылыс ұйымдарымен – 70,9%, шетелдік – 26,4%, мемлекеттік – 2,7% орындалды.
    Орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі

    2024 жылғы қаңтар-ақпанда құрылыс жұмыстары көлемінің 2023 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда ұлғаюы тұрғын емес ғимараттар (14,1%) мен имараттар (12,5%) құрылысы жұмыстары және жөндеу жұмыстарымен байланысты.

    2024 жылғы қаңтар-ақпанда орындалған құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) түрлері бойынша ең көп үлесті тұрғын емес ғимараттар (29,2% жалпы көлемге) мен тұрғын үйлердің (11,9%) құрылысы алады.

    Құрылыс жұмыстары көлемінің нақты көлем индексі
    өткен жылғы тиісті кезеңге пайызбен
    2024 жылғы қаңтар-ақпан
    Динамикалық кестелер

    Аумақтық бөлінісінде республиканың он сегіз өңірінде құрылыс жұмыстары көлемінің ұлғаюы байқалады. Едәуір өсу Жетісу (144,9%), Қызылорда (46,6%), Жамбыл (45,3%), Павлодар (37,7%), Қарағанды (24,4%), Батыс Қазақстан (22,5%), Солтүстік Қазақстан (21,5%), Ақмола (17,9%), Алматы (17,5%), Ақтөбе (15,8%) облыстарында және Астана қаласында (35,2%) байқалады.

    Орындалған құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі
    Барлығы, мың теңге 2024 жылғы ақпан, пайызбен 2024 жылғы қаңтар-ақпан 2023 жылғы қаңтар-ақпанға, пайызбен Республикалық көлемге пайызбен
    2024 жылғы қаңтарға 2023 жылғы ақпанға
    Қазақстан Республикасы 356 645 238 190,6 112,8 112,7 100,0
    Абай 6 236 399 581,1 98,0 108,3 1,7
    Ақмола 5 054 521 114,9 117,2 117,9 1,4
    Ақтөбе 16 088 114 158,5 102,4 115,8 4,5
    Алматы 9 348 378 19,9 24,8 117,5 2,6
    Атырау 115 023 992 161,8 111,8 107,9 32,3
    Батыс Қазақстан 14 076 486 393,4 127,7 122,5 4,0
    Жамбыл 12 083 204 139,2 117,0 145,3 3,4
    Жетісу 6 459 472 889,3 279,5 244,9 1,8
    Қарағанды 20 080 056 300,1 123,0 124,4 5,6
    Қостанай 14 972 715 350,6 111,1 109,9 4,2
    Қызылорда 5 091 783 66,4 100,5 146,6 1,4
    Маңғыстау 9 613 328 211,4 76,6 78,2 2,7
    Павлодар 9 692 406 285,3 158,1 137,7 2,7
    Солтүстік Қазақстан 3 396 000 195,6 161,9 121,5 1,0
    Туркістан 16 159 114 497,1 104,3 100,8 4,5
    Ұлытау 6 471 318 226,2 110,4 100,7 1,8
    Шығыс Қазақстан 14 307 676 214,7 100,8 102,8 4,0
    Астана қаласы 45 531 252 175,8 168,7 135,2 12,8
    Алматы қаласы 21 086 122 185,6 92,4 95,0 5,9
    Шымкент қаласы 5 872 902 211,9 102,0 102,3 1,7
    Электрондық кестелер
    Тұрғын ғимараттарды пайдалануға беру

    Қазақстан Республикасында 2024 жылғы қаңтар-ақпанда пайдалануға берілген жаңа объектілердің жалпы алаңы 2336,9 мың шаршы метр құрады.

    Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің нақты көлем индексі
    өткен жылғы тиісті кезеңге пайызбен
    2024 жылғы қаңтар-ақпан
    Динамикалық кестелер

    Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 2023 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 3,4% азайды, 2073,4 мың шаршы метрді құрады, олардан 1354,7 мың шаршы метр - көп пәтерлі және 699 мың шаршы метр - жеке үйлер. Тұрғын үйлердің едәуір бөлігін – 1877,6 мың шаршы метрді немесе 90,6%-ын жеке құрылыс салушылар, оның ішінде, 716,6 мың шаршы метрді халық пайдалануға берген.

    Пайдалануға берілген тұрғын ғимараттардың жалпы алаңы
    Пайдалануға берілген тұрғын ғимараттар Оның ішінде салушылармен
    жалпы алаңы шаршы метрмен өткен жылғы тиісті кезеңге пайызбен мемлекеттік меншік жекеше меншік олардан шетел меншігі
    халықпен өткен жылғы тиісті кезеңге пайызбен
    Қазақстан Республикасы 2 073 445 96,6 151 922 1 877 595 716 563 84,9 43 928
    Абай 28 131 104,2 - 28 131 6 565 50,8 -
    Ақмола 95 827 79,4 21 741 70 656 42 051 75,4 3 430
    Ақтөбе 98 772 73,3 - 98 772 50 886 54,9 -
    Алматы 133 609 105,0 - 97 449 74 461 145,9 36 160
    Атырау 65 914 66,7 - 64 048 64 048 93,8 x
    Батыс Қазақстан 55 819 102,3 - 55 819 36 515 120,1 -
    Жамбыл 77 837 107,1 11 452 66 385 51 077 95,6 -
    Жетісу 39 939 172,9 17 184 22 755 18 113 98,4 -
    Қарағанды 88 397 98,4 - 88 397 7 586 152,6 -
    Қостанай 106 945 102,1 44 178 62 767 23 393 69,0 -
    Қызылорда 106 799 104,1 - 106 799 94 895 96,6 -
    Манғыстау 50 992 40,8 - 50 992 40 428 103,2 -
    Павлодар 24 899 69,5 - 24 899 24 899 239,1 -
    Солтүстік Қазақстан 11 427 116,9 - 11 427 9 497 99,5 -
    Туркістан 85 846 108,9 14 128 71 718 71 718 91,0 -
    Ұлытау 1 224 10,3 - 1 224 1 224 21,3 -
    Шығыс Қазақстан 10 947 102,6 - 10 947 10 947 102,6 -
    Астана қаласы 667 747 157,2 x 622 036 4 310 51,3 x
    Алматы қаласы 243 384 57,5 - 243 384 70 490 71,0 -
    Шымкент қаласы 78 990 112,9 - 78 990 13 460 21,8 -

    2024 жылғы қаңтар-ақпанда білім беру және денсаулық сақтау саласында 2575 оқу орнына арналған 7 жалпы білім беретін мектеп, 890 орынға арналған 8 мектепке дейінгі ұйымдар және ауысымда 250 келіп-кетушіге арналған 10 амбулаториялық-емханалық мекеме пайдалануға берілді.

    Әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілерді пайдалануға беру
    2024 жылғы қаңтар-ақпан
    Электрондық кестелер
    Глоссарий

    Құрылыс-монтаж жұмыстары – ғимараттар мен имараттарды тұрғызу, кеңейту, реконструкциялау мен техникалық қайта жарақтандыру бойынша құрылыс жұмыстары; энергетикалық, технологиялық және басқа да жабдықтарды монтаждау жұмыстары.

    Объектінің құрылысы – объектінің тәуелсіз бағалауды құрайтын барлық байланысты жабдықтар, құралдар, аспаптар, галереялар, жол өтпелерін, ішкі инженерлік желілер мен коммуникациялар жеке ғимарат немесе құрылымы, құрылыс (қайта жаңарту, кеңейту).

    Методологиялық түсініктемелер

    Құрылыс ұйымдарына жөндеу-құрылыс ұйымдарын қоса алғандағы, жалпықұрылыстық және мамандандырылған барлық ұйымдар жатады. Құрылыс ұйымдарының негізгі қызметі тапсырыс берушімен мердігерлік шарт бойынша мемлекеттік «Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне (ЭҚЖЖ)» сәйкес қызмет түрі «Құрылыс» қызметіне жататын жұмыстарды орындаудан тұрады.

    Құрылыс жұмыстарының көлеміне жаңа объектілердің құрылысы, күрделі және ағымдағы жөндеу, қайта құру, тұрғын және тұрғын емес ғимараттарды жаңғырту, инженерлік имараттар жұмыстары кіретін жасалған мердігерлік құрылыс шарттары бойынша құрылыс қызметін жүзеге асыратын кәсіпорындар орындаған жұмыстарының құны кіреді.

    Құрылыс жұмыстар (қызметтер) көлемінің нақты көлем индексі шын мәніндегі бағада дефлятор есебімен (баға индексі) талданған кезеңнің орындалған құрылыс жұмыстар көлемінің өткен кезеңге арақатынасымен анықталады.

    Тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) жалпы алаңы барлық тұрғын үйлердің жалпы алаңының және барлық тұрғын емес үй-жайлардың алаңының, сонымен қатар жалпы мүлік болатын тұрғын үй бөлігінің алаңының қосындысы болып есептеледі.

    Методологиялық түсініктемелердің анығырақ ақпараты келесі сілтемелер бойынша қолжетімді:
    Шығаруға жауапты:
    Өндіріс және қоршаған орта статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    Ә. Шауенова
    Тел. +7 7172 749056
    Орындаушы:
    O.Эдель
    Тел. +7 7172 749313
    E-mail: o.edel@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
    Онлайн кеңесші