Өндірістің өсуі тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда – 4,9%, өңдеу өнеркәсібінде – 4%, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтауда – 5,4%, сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызметте 1,1% байқалады.
Өңірлер арасында едәуір өсу Ақмола, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында белгіленді.
2023 жылы өнеркәсіп өнімдері 46992 млрд. теңгеге өндірілді, оның ішінде кен өндіру саласында 21925 млрд.теңгеге (жалпы көлемнен 46,7%), өңдеуде 22047 млрд. теңгеге (46,9%).
Өнiм көлемi, млн. теңге | Өнеркәсіптік өндірістің индексі, 2023 жыл 2022 жылға %-бен | |
---|---|---|
Қазақстан Республикасы | 46 991 787 | 104,4 |
Абай | 1 597 076 | 104,3 |
Ақмола | 1 793 149 | 111,9 |
Ақтөбе | 2 544 950 | 95,2 |
Алматы | 1 753 148 | 106,9 |
Атырау | 10 815 028 | 111,2 |
Батыс Қазақстан | 3 527 139 | 106,7 |
Жамбыл | 856 257 | 100,3 |
Жетісу | 325 227 | 105,3 |
Қарағанды | 3 531 681 | 97,9 |
Қостанай | 2 670 334 | 105,7 |
Қызылорда | 1 043 543 | 104,5 |
Маңғыстау | 3 065 797 | 99,0 |
Павлодар | 3 157 697 | 100,7 |
Солтүстік Қазақстан | 674 862 | 114,4 |
Түркістан | 1 054 754 | 103,0 |
Ұлытау | 1 141 373 | 98,3 |
Шығыс Қазақстан | 2 319 999 | 100,7 |
Астана қаласы | 1 933 017 | 102,0 |
Алматы қаласы | 2 096 034 | 110,1 |
Шымкент қаласы | 1 090 721 | 102,9 |
2023 жылы шикі мұнайды (106,8%), табиғи газды (102,8%) және өзге де пайдалы қазбаларды (110,3%) өндірудің артуына байланысты тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда ӨӨИ 104,9% құрады.
Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс 4%-ға өсті. Жеңіл өнеркәсіп өнімдер(112,2%), резеңке және пластмасса бұйымдар (110,5%), өзге де бейметалл минералдық өнімдер (107,4%), машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдары (112,1%), машина жасау (128,2%) өнімдерінің өндірісі өсті.
Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтауда негізінен электр энергиясын өндіру, беру және тарату өндірісі көлемінің 5,6%-ға, құбыржолдар бойынша газды тәрізді отын өндіру және тарату 5,9%-ға жоғарлауы есебінен ӨӨИ 105,4%-ды құрады.
Сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызметте 2023 жылы ӨӨИ 101,1%-ды құрады. Суды жинау, өңдеу және тарату көлемдері – 9%, ақаба суларды жинау және өңдеу – 4,3%, ластануды жою жөніндегі қызмет және қалдықтарды жою саласындағы өзге де көрсетілетін қызметтер 7,8% артты.
Өндіріс көлемінің өсуі республиканың 16 өңірінде тіркелді, төмендеу Ақтөбе, Қарағанды, Ұлытау, Маңғыстау облыстарында белгіленді.
Өнеркәсіптік өндірістің құндық көріністегі көлемі – өзінің күрделі құрылыс тараптарына және өнеркәсіптік емес бөлімшелерге өткізуге немесе өзінің қызметкерлеріне еңбек ақы есебінде беруге, сондай-ақ тапсырыс бойынша орындалған өндірістік сипаттағы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге арналған кәсіпорындардың өзі шығарған (өз шикізаты және материалдарымен қатар, тапсырыс берушінің шикізаты және материалдарынан дайындалған), барлық дайын бұйымдардың (өнімдердің), жартылай фабрикаттардың құны.
Заттай көріністегі өнеркәсіптік өнім өндіру көлемі – бұл өнімнің нақты түрлерінің заттай көріністегі шығарылы-мы. Заттай көріністегі өнеркәсіптік өндіріс көлемі жалпы шығарылым, аталған кәсіпорын ішінде өнеркәсіптік-өндірістік қажеттіліктеріне жұмсалған және өңделме шикізаттан өндірілген өнімдер қоса есептеледі.
Өнеркәсіптік өндіріс индексі – бұл салыстырылып отырған кезеңдердегі өнеркәсіптік өнім көлемінің өзгерісін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш.
Өнеркәсіптік өнімдер (тауарлар, қызметтер) көрсеткіштерін қалыптастыру үшін өнеркәсіптік кәсіпорындардың, қосалқы қызмет түрі «Өнеркәсіп» болып табылатын кәсіпорындардың, дара кәсіпкерлер, шаруашылық және фермерлік қожалықтардың жалпымемлекеттік статистикалық бақылауларының бастапқы деректері ақпараттық база болып табылады.
Өнеркәсіптік өндіріс индексін есептеу үшін жеке (тауарлық) индекстерді экономикалық қызмет түрлері бойынша индекстерге келесі кезең-кезеңмен агрегациялау өкіл-тауарлардың белгіленген жиыны (себет) бойынша заттай көріністегі серпініне негізделген әдісі қолданылады. Іріленген жиынтықтар үшін индекстер осы жиынтықтарды құрайтын элементтерден орташа өлшем ретінде есептеледі.
Неғұрлым толығырақ әдістемелік түсініктемелер келесі сілтемелер бойынша қолжетімді: