Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Қоршаған ортаны бақылау мен бағалаудың экологиялық индикаторлары
{{ param.name }}
* Әр бағанда кем дегенде бір элементті белгілеңіз!
{{ headingAttr.name }} {{ headingValue.period }}
{{ rowData[attrData.type + '_name'] }} {{ indicatorValue.value }}
Қысқаша сипаттамасы:
Көрсеткіш енгізілген пестицидтердің (Инсектицидтер, гербицидтер, фунгицидтер, өсімдіктердің өсуін реттегіштер, родентицидтер және т.б.) жалпы санын, сондай-ақ пестицидтерді ауыл шаруашылығы жерлерінің бір алаңына енгізуді көрсетеді. Пестицидтер – кез-келген зиянкестердің әсерін болдырмауға, жоюға немесе азайтуға арналған заттар. Өсімдіктердің өсуін реттегіштер – өсімдіктердің өсуін баяулататын пестицидтер болып табылады
Әдіснама:
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 желтоқсандағы №223 бұйрығымен бекітілген «Қоршаған орта статистикасының көрсеткіштерін қалыптастыру жөніндегі әдістемеге» сәйкес қалыптастырылады.

Пестицидтерді енгізу жөніндегі деректерді қалыптастыру жөніндегі жауапты мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі болып табылады.
Өлшем бірліктері:
Пестицидтердің саны тоннамен өлшенеді; ауыл шаруашылығы жерлерінің бір алаңына пестицидтерді тұтыну гектарына килограммен көрсетіледі.
Мақсаты:
Пестицидтерді қолданған кезде, ең алдымен, ауылшаруашылық дақылдарын қорғау үшін олардың қоршаған ортаға зиянды әсерінің қаупі артады (топырақтың ластануы және қоршаған ортаның басқа компоненттеріне теріс әсер ету). Бұл көрсеткіш пестицидтерді тұтыну қарқындылығы тұрғысынан қоршаған ортадағы қысымды өлшеуге мүмкіндік береді, бұл олардың әртүрлі аймақтарға, жекелеген аумақтарға және дақылдарға тигізетін қауіпті бағалауға мүмкіндік береді.

Возврат к списку

Онлайн кеңесші