Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Қоршаған ортаны бақылау мен бағалаудың экологиялық индикаторлары
{{ param.name }}
* Әр бағанда кем дегенде бір элементті белгілеңіз!
{{ headingAttr.name }} {{ headingValue.period }}
{{ rowData[attrData.type + '_name'] }} {{ indicatorValue.value }}
Қысқаша сипаттамасы:
Көрсеткіш ормандардың және өзге де орман көмкерген жерлердің ауданын, оның ел ауданына қатынасын және табиғи ормандары, ағаш отырғызулары, өнім алу үшін, сондай-ақ топырақ және су ресурстарын, Экожүйелік қызметтер мен Биоәртүрлілікті қорғау үшін ормандар мен өзге де орман көмкерген жерлердің үлесін сипаттайды. Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық ормандар, сондай-ақ орман өсімдіктерімен қамтылмаған, бірақ орман шаруашылығының мұқтажына арналған орман қорының жерлері Қазақстан Республикасының орман қорын құрайды.Орман қорына орман көмкерген, орман көмкермеген (ағашы кесілген жерлер, алаңқай жерлер және т. б.), арнайы мақсаттағы плантациялар, орман питомниктері, жинақталмаған орман дақылдары, ормансыз жерлер және т. б. жатады. Орман көмкерген жерлер деп -табиғи және қолдан өсірілген орман екпелері (орман дақылдары), сондай-ақ бұталар алып жатқан жерлерді айтады. Алқаағаштар мен бұталардың орман көмкерген жерлерге тиесілігінің негізгі белгісі толымдылығы (ағаштардың сүрекдіңдерге орналасу тығыздығының дәрежесі, олардың алып жатқан кеңістікті пайдалану үлесін сипаттайды) 0.4 және одан жоғары, ал одан жоғары жастағы екпелерде 0.3 және одан жоғары болуы тиіс. Орман өнімі-бірінші кезекте сүрек, талшық, биоэнергия және ормансыз орман өнімдерін өндіруге арналған орман ресурстары болыптабылады.
Әдіснама:
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 желтоқсандағы №223 бұйрығымен бекітілген «Қоршаған орта статистикасының көрсеткіштерін қалыптастыру жөніндегі әдістемеге» сәйкес қалыптастырылады.

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті (ҚР ЭТРМ) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы деректерді қалыптастыру жөніндегі жауапты мемлекеттік орган болып табылады.
Өлшем бірліктері:
км² немесе га өлшенеді
Мақсаты:
Бұл көрсеткіш елдегі ормандардың және өзге де орман көмкерген жерлердің жай-күйін бағалауға мүмкіндік береді, сондай-ақ оларды пайдалану мен қорғау үрдістерін көрсетеді.

Возврат к списку

Онлайн кеңесші