Әдіснама:
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 желтоқсандағы №223 бұйрығымен бекітілген «Қоршаған орта статистикасының көрсеткіштерін қалыптастыру жөніндегі әдістемеге» сәйкес қалыптастырылады.
Тұщы суды алу бойынша деректерді қалыптастыруға жауапты орган Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі болып табылады. Деректер «Суды алу, пайдалану және суды бұру туралы есептілік» 2-тп (сушар) нысанының негізінде қалыптастырылады. Есепті ауыл шаруашылығы қажеттілігі үшін суды пайдаланатын барлық су пайдаланушылар, сондай-ақ басқа пайдаланушылар ұсынады.