Қысқаша сипаттамасы:
БҰҰ АӨНК Киот хаттаммасының А қосымшасына енгізілген парниктік газдардың тізіміне: көміртегінің қос тотығы (СО2), метан (СН4), азоттың шала тотығы (N2O), гидрофторкөміртегілер (ГФК), перфторкөміртегілер (ПФК), алтыфторлы күкірт (SF6) кіреді.
Парниктік газдар шығарындыларының жалпы көлемін жалпы экономика бойынша және экономикалық қызмет түрлері бөлінісінде қалыптастырған жөн. Бұдан басқа, осы көрсеткішті жарияланымдарда халықтың жан басына шаққанда және тұрақты бағаларда ұлттық валютада және АҚШ долларында, сондай-ақ сатып алудың қабілеттілік тепе-теңдігінде (СҚТ) АҚШ долларында көрсетілетін ЖІӨ бірлігіне есептеп көрсету қажет.
Әдіснама:
ҚР-да парниктік газдарды түгендеу жүргізуге жауапты орган Экология және табиғи ресурстар министрлігі (ҚР ЭТРМ) болып табылады. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулері саласындағы мемлекеттік реттеу 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ Экологиялық кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
"Жасыл даму" АҚ Монреаль хаттамасымен реттелмейтін көздерден антропогендік шығарындылар кадастры және парниктік газдар сіңіргіштері абсорбциясы туралы жыл сайынғы Ұлттық баяндаманы дайындау бойынша ҚР ЭТРМ уәкілетті ұйымы болып табылады. Осы баяндама жыл сайын БҰҰ КӨНК-ке сәйкес Қазақстан Республикасының міндеттемелеріне және Қазақстан Республикасы ратификациялаған оған қабылданған хаттамалар мен келісімдерге сәйкес хатшылыққа ұсынылады.