Қысқаша сипаттамасы:
Стратосферадағы озон қабаты Жер атмосферасының маңызды компоненті болып табылады. Ол адамдарды, жануарлар мен өсімдіктер әлемін қысқа толқынды ультракүлгін (УК) сәулелердің әсерінен қорғайды. Озон УК сәулеленудің әсер етуі кезіңде кейбір ОБЗ реакциялары нәтижесінде бұзылады. Озон қабатын бұзатын қосылыстарға хлорфторкөміртегілер (ХФК), көміртегі тетрахлориді, метилхлороформ, галондар, гидрохлорфторкөміртегілер (ГХФК), гидробромфторкөміртегілер (ГБФУ) және метилбромид жатады. Олар өрт сөндіргіштерде (галондар) және ауыл шаруашылығы пестицидтерінде (метилбромид) аэрозольдер үшін еріткіштер, хладагенттер, көбіктендіру және майсыздандыру заттары, ығыстырғыштар ретінде пайдаланылады. ОБЗ-ның озон қабатына әсер ету дәрежесі олардың химиялық сипаттамаларына байланысты болады.
Әдіснама:
Көрсеткіш Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 желтоқсандағы №223 бұйрығымен бекітілген "Қоршаған орта статистикасы көрсеткіштерін қалыптастыру жөніндегі әдістеме" сәйкес қалыптастырылады.
Озон қабатын бұзатын заттарды (ОБЗ) тұтыну бойынша деректерді қалыптастыруға жауапты орган Климаттың өзгеруі жөніндегі үйлестіру орталығы болып табылады.Ақпарат Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің және кәсіпорындардың деректері негізінде қалыптастырылады (мерзімділігі - жылдық).