Қысқаша сипаттамасы:
Осы көрсеткіш бірнеше құраушымен анықталады. Қалалық елді мекендерде атмосфералық ауаның сапасы туралы, ең алдымен, тұрақты бақылау жүргізу кезінде қалалық елді мекендерде атмосфералық ауаның ластану деңгейі белгіленген мәндерден (ең жоғары бір реттік/орташа тәуліктік) шекті рұқсат берілген концентрациялардан (ШБК) асып кеткен жылдағы күндердің саны бойынша айтуға болады. Бұдан басқа, атмосфералық ауадағы ластаушы заттар концентрациясының абсолюттік мәнін, сондай-ақ атмосфералық ауа сапасының белгіленген нормативтерінен асатын ластаушы заттардың жерге жақын концентрацияларының әсеріне ұшыраған елдің қала халқының (яғни, кемінде бір мониторинг станциясы бар қала аудандарында тұратын адамдардың жалпы саны) пайызын айқындау қажет.
Әдіснама:
Көрсеткіш Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 желтоқсандағы №223 бұйрығымен бекітілген "Қоршаған орта статистикасы көрсеткіштерін қалыптастыру жөніндегі әдістеме" сәйкес қалыптастырылады.
Ластаушы заттардың концентрациясы туралы деректер атмосфераның жерге жақын қабатындағы атмосфералық ауа сапасының мониторингі желісінен жиналады, ол Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің "Қазгидромет" РМК мамандандырылған қызметінің қолмен немесе автоматты стационарлық мониторинг станцияларынан тұрады. Ауаның ластау ахуалы стационарлық бекеттерде іріктелген ауа сынамаларын талдау және өңдеу нәтижелері бойынша бағаланады. Сапаның негізгі өлшемдері елді мекендердің ауасындағы ластаушы заттардың ШБК мәндері болып табылады.