Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Қоршаған ортаны бақылау мен бағалаудың экологиялық индикаторлары
{{ param.name }}
* Әр бағанда кем дегенде бір элементті белгілеңіз!
{{ headingAttr.name }} {{ headingValue.period }}
{{ rowData[attrData.type + '_name'] }} {{ indicatorValue.value }}
Қысқаша сипаттамасы:
Қалдықтар – бұл материалдық және энергетикалық ресурстардың едәуір ысырабы. Қалдықтардың қалыптасу көрсеткіші елдегі экономикалық белсенділік деңгейімен тығыз байланысты және қоғамда қалыптасқан өндірістің және тұтынудың құрылымын көрсетеді. Елде қалыптасқан қалдықтардың жылдық көлемі – барлығы, сондай-ақ экономикалық қызмет түрлері бойынша бөлудегі және үй шаруашылықтарының қызметі нәтижесінде қалыптасқан қауіпті қалдықтардың ЖІӨ бірлігіне, жан басына және т. б.
Әдіснама:
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 желтоқсандағы №223 бұйрығымен бекітілген «Қоршаған орта статистикасының көрсеткіштерін қалыптастыру жөніндегі әдістемеге» сәйкес қалыптастырылады.

Қалдықтардың қалыптасуы бойынша деректерді қалыптастыруға жауапты орган Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі болып табылады. Ақпарат өндіріс және тұтыну қалдықтарының Мемлекеттік кадастры ақпараттық жүйесінде қалдықтарды түгендеу (кезеңділігі – жылдық) жөніндегі есептің қорытындылары бойынша қалыптастырылады. Коммуналдық қалдықтардың қалыптасуы бойынша деректерін Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика бюросы қалыптастырады. Ақпарат 1-қалдықтар мен 2-қалдықтар (кезеңділігі – жылдық) нысандары бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың қорытындылары бойынша қалыптастырылады.
Өлшем бірліктері:
Жылына мың метрикалық тонна өлшенеді. Экономикалық қызметтің әртүрлі түрлері қалдықтарының пайда болу қарқындылығы 2011 жылдың салыстырмалы бағаларында ЖІӨ бірлігіне мың тонна, ал үй шаруашылығы қызметінің пайда болу қарқындылығы – жан басына шаққандағы мың тонна.
Мақсаты:
Бұл көрсеткіштің басты мақсаты – қоршаған ортаға барлық пайда болған қалдықтар мен олардың әртүрлі санаттарының (қауіпті, өнеркәсіптік және қатты тұрмыстық) көрсетілетін қысымын өлшеуді қамтамасыз ету. Қалдықтардың пайда болуының қарқындылығының көрсеткiші қозғаушы күштердiң, сондай-ақ адам қызметіне әрекет ету көрсеткiшi болып табылады. ЖІӨ бірлігіне қалдықтардың қалыптасуы көрсеткіші (экономикалық қызметтің әртүрлі түрлері қалдықтарының пайда болу қарқындылығы) қалдықтардың қалыптасуы динамикасының арақатынасын және елдің экономикалық даму деңгейінің арақатынасын сипаттайды.

Возврат к списку

Онлайн кеңесші