12.10.2026
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы басшысының ««2025-2027 жылдарға арналған әкімшілік деректерді ұсыну графигін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының 2024 жылғы 12 желтоқсандағы № 210 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» бұйрық жобасы 2026 жылғы 6 қазанда «e-gov» ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында (
https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15924825) орналасқандығын хабарлаймыз.
06.10.2026
2026 жылғы 07 қазан сағат 18:30-дан 2026 жылғы 08 қазан сағат 09:00-ге дейін техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты сайтта және сервистердің жұмысында үзілістер болуы мүмкін екенін хабарлаймыз.
Мүмкін болатын қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністік үшін алғыс айтамыз!
05.10.2026
«Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер органдарының салықтық құпияны құрайтын салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді және құпия ақпаратты ұсынуы жөніндегі өзара іс-қимыл қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 648 және Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюро басшысының 2026 жылғы 28 қыркүйектегі № 31 бірлескен бұйрығы 2026 жылғы 2 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны интернет-порталында (
https://zan.gov.kz/client/#!/doc/230516/kaz) орналасқандығын хабарлаймыз.
30.09.2026
Статистикалық есептілікті толтыру кезінде интерфейс элементтерінің дұрыс көрсетілуін қамтамасыз ету үшін браузердің соңғы нұсқасын пайдалану ұсынылады. Браузердің ескірген нұсқасын пайдаланған кезде есеп нысанындағы жекелеген атаулар мен өрістер дұрыс көрсетілмеуі мүмкін. Көрсетілуіне қатысты қателер туындаған жағдайда, браузерді соңғы нұсқасына дейін жаңартуды сұраймыз.
Браузерді жаңарту мүмкіндігі және қолдау көрсетілетін нұсқасы пайдаланылатын Windows операциялық жүйесінің өзектілігіне байланысты екенін ескертеміз.
21.09.2026
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы басшысының «Құрылымдық статистика бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2020 жылғы 4 ақпандағы № 14 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» 2026 жылғы 31 тамыздағы № 30 бұйрығы 2026 жылғы 15 қыркүйектегі мемлекеттік органдардың интернет ресурстарының бірыңғай платформасында (
https://www.gov.kz/memleket/entities/stat/documents/details/1067195?lang=ru) орналасқандығын хабарлаймыз.
21.09.2026
Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі Қазақстан Республикасының «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 3-бабының 3-тармағына сәйкес қызметін жүзеге асыруы оларды қаржылық мониторинг субъектілеріне жатқызуға және мынадай міндеттердің туындауына әкеп соғатын субъектілер айқындалғанын хабарлайды:
- қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама жіберу (https://www.elicense.kz/?lang=ru);
- жеке кабинетте тіркелу (websfm.kz – https://websfm.kz/);
- заңнаманы білу деңгейін тексеруден өту (websfm.kz – https://websfm.kz/);
- ішкі бақылау қағидаларын әзірлеу;
- көрсетілетін қызметтердің (өнімдердің) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдеріне бейімділік дәрежесіне бағалау жүргізу (Заңның 11-1-бабы);
- өз клиенттерін тиісінше тексеру (Заңның 5-бабы);
- қаржылық мониторингке жататын операциялар туралы хабарламалар жіберу (Заңның 4-бабы) және басқа да міндеттерді орындау.
Қосымша түсіндірмелер алу үшін Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігіне 1458 нөмірі бойынша жүгінуді ұсынамыз.
18.09.2026
2026 жылғы 19 қыркүйек сағат 09:00-ден 2026 жылғы 20 қыркүйек сағат 18:00-ге дейін техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты сайтта және сервистердің жұмысында үзілістер болуы мүмкін екенін хабарлаймыз.
Мүмкін болатын қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністік үшін алғыс айтамыз!
14.09.2026
«Халықтың құқық қорғау органдарына деген сенімділік деңгейі»
(индексі УДН, кезеңділігі жылына екі рет) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны мен оны толтыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы басшысының 2021 жылғы 15 ақпандағы № 6 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» 2026 жылғы 31 тамызда мемлекеттік органдардың интернет ресурстарының бірыңғай платформасында (https://www.gov.kz/memleket/entities/stat/documents/details/1060281?lang=kk) орналасқандығын хабарлаймыз.
07.09.2026
«Еңбек және жұмыспен қамту статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2020 жылғы 7 қыркүйектегі № 34 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» 2026 жылғы 25 тамызда мемлекеттік органдардың интернет ресурстарының бірыңғай платформасында (
https://www.gov.kz/memleket/entities/stat/documents/details/1057872?lang=kk) орналасқандығын хабарлаймыз.
03.09.2026
«Әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізу және тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыру нысандары бойынша статистикалық әдіснаманы бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 10 маусымдағы №136 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының басшысының 2026 жылғы 8 шілдедегі № 17 бұйрығы 2026 жылғы 27 шілдеде мемлекеттік органдардың интернет ресурстарының бірыңғай платформасында (
https://www.gov.kz/memleket/entities/stat/documents/details/1047266?lang=kk) орналасқандығын хабарлаймыз.
21.08.2026
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының м.а. 2026 жылғы 14 тамыздағы № 21 «Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу және кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы» бұйрығы 2026 жылғы 20 тамызда мемлекеттік органдардың интернет ресурстарының бірыңғай платформасында (
https://www.gov.kz/memleket/entities/stat/documents/details/1056424?lang=ru) орналасқандығын хабарлаймыз.
07.08.2026
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық
статистика бюросы басшысының «Білім беру және ғылым, денсаулық сақтау және әлеуметтік
қамсыздандыру статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың
статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық
статистика бюросы басшысының 2022 жылғы 18 қазандағы No 34
бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» 2026 жылғы 11 шілдедегі No 18 бұйрығы 2026 жылғы 3 тамыздағы мемлекеттік органдардың интернет ресурстарының бірыңғай платформасында (
https://www.gov.kz/memleket/entities/stat/documents/details/1049813?lang=ru
) орналасқандығын хабарлаймыз
06.08.2026
«2025-2027 жылдарға арналған статистикалық жұмыстар жоспарын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық
статистика бюросы басшысының м.а. 2024 жылғы 4 қарашадағы No 2 бұйрығына өзгеріс
енгізу туралы» 2025 жылғы 24 шілдеде мемлекеттік органдардың интернет ресурстарының
бірыңғай платформасында (
https://www.gov.kz/memleket/entities/stat/documents/details/698184?
lang=kk) орналасқандығын хабарлаймыз.
04.08.2026
«Мобильді позициялау деректері негізінде туризм статистикасының көрсеткіштерін қалыптастыру әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының басшысының 2026 жылғы 31 шілдегі № 20 бұйрығы 2026 жылғы _ тамызда мемлекеттік органдардың интернет ресурстарының бірыңғай платформасында (
https://beta.egov.kz/memleket/entities/stat/documents/details/1050105?lang=kk) орналасқандығын хабарлаймыз.
14.07.2026
2026 жылғы 17 шілдеден 30 шілдеге аралығында "Келушілерді зерттеу сауалнамасы" (индекс-Н-060) сұхбат берушілер Қазақстаннан шығу сәтінде әуежайларда, теміржол вокзалдарында, автостанцияларда және автомобильді өткізу бекеттерінде резидент еместерден сұрақ қою әдісі арқылы іріктеп зерттеу жүргізілетінін хабарлаймыз. Резидент еместерге белсенді қатысуыңызды сұраймыз! ҚР "Мемлекеттік статистикасы туралы"Заңына сәйкес резидент еместер ұсынған ақпарат тек статистикалық мақсаттар үшін пайдаланылатына және қатаң құпия болып табылатынына кепілдік береміз. Сұрақтар туындаған жағдайда Бюроның Бірыңғай байланыс орталығына 1446 нөмірі бойынша немесе telegram-bot@statgovkz_bot арқылы хабарласуыңызды сұраймыз
10.07.2026
2026 жылғы 10 шілде сағат 13:00-ден 14:00-ге дейін желілік инфрақұрылымда техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты сайтта және сервистердің жұмысында үзілістер болуы мүмкін екенін хабарлаймыз. Мүмкін болатын қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністік үшін алғыс айтамыз!
08.07.2026
Техникалық ақауларға байланысты, статистикалық есептерге қол қою қызметі уақытша қолжетімсіз. Сервис жұмысы жақын арада қалпына келтіріледі.
Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.
03.07.2026
Техникалық ақауларға байланысты Бюроның Бірыңғай байланыс орталығының барлық байланыс арналары, сондай-ақ статистикалық есептерге қол қою сервисі уақытша қолжетімсіз.
Қазіргі уақытта мамандарымыз туындаған ақауларды жою жұмыстарын жүргізуде. Желі жұмысы қалпына келтірілгеннен кейін барлық сервистердің жұмысы қалыпты режимде қайта жалғасады.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз.
30.06.2026
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің 2026 жылғы 2 ақпандағы № 5-НҚ бұйрығымен «Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне» ҚР ҰЖ 03-2019 № 4 Өзгеріс бекітілді және 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
ЭҚЖЖ-ге енгізілген өзгерістердің (өзгертілген ЭҚЖЖ кодтары төменде көрсетілген) қолданысқа енгізілуіне байланысты «Статистикалық бизнес-тіркелім» ақпараттық жүйесінде (СБТ АЖ) ауыстыру кілттері негізінде негізгі және қосалқы экономикалық қызмет түрлерінің кодтарына автоматты түрде қайта кодтау жүргізілетін болады.
Егер автоматты түрде берілген код нақты жүзеге асырылатын қызмет түріне сәйкес келмесе, Бюроның «Респондент кабинеті» немесе «Электрондық үкімет» порталының және екінші деңгейдегі банктердің сервистері арқылы мәліметтерді өз бетінше өзектендіруіңізді сұраймыз.
Ынтымақтастығыңыз үшін алғыс білдіреміз!
29.06.2026
Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің 2026 жылғы 02ақпандағы № 5-НҚ бұйрығымен (бұдан әрі – Бұйрық)«Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші»03-2019 ҚР ҰЖ № 4 Өзгеріс бекітілді және 2026жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
Осыған байланысты сіздің кәсіпорынның негізгі және қосалқы қызмет түрлеріне өзгеріс енгізу қажеттігін хабарлаймыз!
Беттер:
1
2
3
4
5
...
21
Келесі