Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
Құрметті респонденттер!
21.09.2026
Құрметті респонденттер!

Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі Қазақстан Республикасының «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 3-бабының 3-тармағына сәйкес қызметін жүзеге асыруы оларды қаржылық мониторинг субъектілеріне жатқызуға және мынадай міндеттердің туындауына әкеп соғатын субъектілер айқындалғанын хабарлайды:

- қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама жіберу (https://www.elicense.kz/?lang=ru);

- жеке кабинетте тіркелу (websfm.kz – https://websfm.kz/);

- заңнаманы білу деңгейін тексеруден өту (websfm.kz – https://websfm.kz/);

- ішкі бақылау қағидаларын әзірлеу;

- көрсетілетін қызметтердің (өнімдердің) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдеріне бейімділік дәрежесіне бағалау жүргізу (Заңның 11-1-бабы);

- өз клиенттерін тиісінше тексеру (Заңның 5-бабы);

- қаржылық мониторингке жататын операциялар туралы хабарламалар жіберу (Заңның 4-бабы) және басқа да міндеттерді орындау.

Қосымша түсіндірмелер алу үшін Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігіне 1458 нөмірі бойынша жүгінуді ұсынамыз.

Тізімге оралу