Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Ресми статистиканың негізгі принциптері
Ресми статистиканың негізгі принциптері

Қағидаттар ресми статистика қызметімен берілетін ақпараттың нақтылығы мен сенімділігін білдіретін 10 тармақтан тұратын құжат. Негізге алынатын қағидаттар алғаш рет Еуропалық статистика конференциясында (ЕСК) БҰҰ ЕЭК аумағындағы статистика саласындағы жоғары директивтік органмен құрастырылды, оны БҰҰ Статистикалық комиссиясы, кейінірек ЭКОСОС мақұлдады. 2014 жылғы қаңтарда Қағидаттарды Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы қабылдады.

Қағидаттар мемлекеттік статистика органдары қалыптастыратын барлық ақпаратта: деректерді жинау, өңдеу және сақтаудан ресми статистикалық ақпаратты тарату және ресми статистиканы пайдланушыларымен өзара іс-қимыл жасау әдістеріне дейін бар.

Қағидаттар ресми статистиканың барлық ресми статистика өндірушілеріне өте жеңіл және жан-жақты жүйеде жұмыс істеуіне кепілдік беру арқылысенімді статистика негізінде қабылданған статистикалық стандарттарды дайындау және қолдау бойынша бірге жұмыс жасауға мүмкіндік береді.

01 Қағидат
Маңыздылығы, объективтілігі және тең қолжетімділігі
Ресми статистика демократиялық қоғамның ақпараттық жүйесінің таптырмайтын элементі болып табылады, үкіметке, экономикаға және тұрғындарға экономикалық, демографиялық, әлеуметтік және экологиялық ахуалдар туралы деректерді ұсынады. Осы мақсатта практикалық пайдалылық критерийлеріне сәйкес келетін ресми статистиканы ресми статистикалық ведомстволар азаматтардың жария ақпаратқа қол жеткізу құқығын қамтамасыз ету мақсатында объективті негізде жинап, ұсынуы тиіс.
02 Қағидат
Кәсіби стандарттар, ғылыми қағидаттар және кәсіби әдеп
Ресми статистикаға сенімділікті сақтау мақсатында статистикалық ведомстволар ғылыми қағидаттар мен кәсіби әдепті қоса алғанда, қатаң кәсіби пайымдауларға сәйкес статистикалық деректерді жинау, өңдеу, сақтау және ұсыну әдістері мен рәсімдеріне қатысты шешімдер қабылдауға тиіс.
03 Қағидат
Есеп берушілік және ашықтық
Деректерді дұрыс түсіндіруді жеңілдету үшін статистикалық ведомстволар статистика саласындағы дереккөздерге, әдістер мен рәсімдерге қатысты ғылыми стандарттарға сәйкес ақпарат ұсынуы керек.
04 Қағидат
Дұрыс пайдаланбаудың алдын алу
Статистикалық ведомстволар статистикалық деректерді дұрыс түсіндірмеу немесе дұрыс пайдаланбау туралы пікір айтуға құқылы.
05 Қағидат
Ресми статистика көздері
Деректер статистикалық зерттеулер немесе әкімшілік есептілік болсын, статистикалық мақсаттар үшін барлық көздерден жиналуы мүмкін. Статистикалық ведомстволар сапаны, уақыттылығын, шығындарды және респонденттерге түсетін жүктемені ескере отырып, дереккөздерді таңдауы тиіс.
06 Қағидат
Құпиялылық
Статистикалық ақпаратты дайындау үшін статистикалық ведомстволар жинайтын жеке деректер, оның жеке немесе заңды тұлғаларға жататындығына қарамастан, қатаң құпия түрінде болуға және тек статистикалық мақсаттар үшін ғана пайдаланылуға тиіс.
07 Қағидат
Заңнамалылық
Статистикалық жүйелер жұмыс істейтін заңдар, нормалар мен шаралар аясында жария етілуі керек.
08 Қағидат
Ұлттық үйлестіру
Статистикалық жүйедегі келісімділік пен тиімділікті қамтамасыз ету үшін елдер деңгейінде статистикалық ведомстволардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыру қажет.
09 Қағидат
Халықаралық стандарттарды қолдану
Әрбір елде статистикалық ведомстволардың халықаралық тұжырымдамаларды, жіктелімдер мен әдістерді пайдалануы барлық ресми деңгейлерде статистикалық жүйелердің келісімділігі мен тиімділігін қамтамасыз етуге ықпал етеді.
10 Қағидат
Халықаралық ынтымақтастық
Статистика саласында екіжақты және көпжақты ынтымақтастық барлық елдерде ресми статистика жүйесін жақсартуға үлесін қосады.
Онлайн кеңесші