ҚҰРМЕТТІ ПАЙДАЛАНУШЫЛАР! Ұлттық статистика бюросының жаңа веб-сайтына қош келдіңіздер! 2021 жылға дейінгі статистикалық ақпарат бойынша мұрағат деректері old.stat.gov.kz сайтында қолжетімді.
Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Қазақстан статистикасының тарихы
Қазақстан статистикасының тарихы

Қазақстандық мемлекеттік статистиканың пайда болу және даму тарихы, ең алдымен, қоғам мен мемлекеттің дамуы және олардың әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерімен байланысты.

Қазақстан статистикасы пайда болу тарихының бастауы тым әріде жатыр. Бірінші Қазақ мемлекеті – Қазақ хандығы туралы статистикалық мәліметтердің тарихи дәлелдемесі бар. Хандық құрылған жылдары (1459 жыл) Шу және Талас өзендерінің аңғарларындағы (қазіргі Жамбыл облысының аумағында) халық саны 200 мың адамды құрады, ал XV ғасырдың соңында 1 миллион адамға жетті.

Алайда, қазіргі Қазақстанның аумағында ресми статистиканың пайда болуын ХVIII ғасырдың екінші жартысына, яғни Қазақстанның Ресей империясының құрамына кіру кезеңіне жатқызады.

1868
22 қаңтар

Қазақстанның аумағында құрылған алғашқы ресми мемлекеттік статистика органы Түркістан губерниялық статкомитеті (құрылған күні-1868 жылғы 22 қаңтар) және оған ведомстволық бағынысты Сыр-Дария және Жетісу облыстарындағы статистика мекемелері болды. ХІХ ғасырдың 70-жылдарының ортасында Орал облыстық статкомитеті, 1877 жылы – Семей және Ақмола (Омбы қаласында) және 1895 жылы Торғай облыстық статкомитеттері ұйымдастырылды. Алайда, Қазақстанда 1920 жылға дейін аумақтық статистикалық қызметтерді біріктіретін бірыңғай статистикалық орган болған жоқ.

1930
22 ақпан

Бұдан кейінгі жылдары Қазақстанның статистика органдары бірқатар өзгерістерге ұшырады. Сонымен, ҚазОСК-ның 1930 жылғы 22 ақпандағы шешімімен Қазстатбасқармасы дербес орган ретінде жойылып, ол КАКСР Мемлекеттік жоспарлау органымен біріктіріледі. КАКСР Мемлекеттік жоспарлау органы, атап айтқанда оның 1931 жылы КАКСР Мемлекеттік Жоспарлау органы жанындағы Халық шаруашылық есепке алу басқармасы (ХШЕБ) болып қайта құрылған Халық шаруашылық есепке алу секторы республикадағы есепке алу және статистика бойынша орталық басқарушы органға айналды.

1933
23 маусым

1933 жылы Халық шаруашылық есепке алу басқармасы ҚАКСР Мемлекеттік жоспарлау органына айналады, бұл статистика органдарының толықтай республиканың Мемлекеттік жоспарлау органына бағыныстылығын білдірді. Республикада жоспарлау мен статистикалық қызметке басшылықты Қазақ АКСР (1936 жылдан бастап Қазақ КСР) Мемлекеттік жоспарлау органы жүзеге асырды, бұл халық шаруашылығын жоспарлау үшін есепке алу мен статистиканың маңыздылығының өсуіне байланысты жоспарлау және статистика органдарының байланысын одан әрі нығайту қажеттілігімен түсіндірілді.

1987
тамыз

1987 жылғы тамызда Қазақ КСР ОСБ Қазақ КСР Статистика жөніндегі мемлекеттік комитеті болып қайта құрылды, бұл экономикадағы пайда болып жатқан проблемалармен байланысты міндеттерді шешу қажеттілігіне байланысты болды.

1920
8 қараша

1920 жылы 26 тамызда РКФСР құрамында Қазақ Автономиялық Социалистік Республикасының құрылуымен Қазақ АКСР Үкіметі 1920 жылғы 8 қарашадағы қаулысымен «Қазақ АКСР-дегі мемлекеттік статистика туралы ережені» бекітті және Қазақ АКСР-дің Статистика басқармасын құрды. Осылайша, Қазақстанның мемлекеттік статистикасының құрылған күні 1920 жылғы 8 қараша болып есептеледі.

1923

1923 жылы КСРО Халық Комиссарлары Кеңесінің Қаулысына сәйкес КСРО Халық Комиссарлары Кеңесінің жанынан халық комиссариатының құқығымен Орталық статистика басқармасы (КСРО ОСБ) құрылды. КСРО ОСБ-ға КСРО-дағы статистикалық есепке алуға ұйымдастырушылық-әдіснамалық басшылық жасау жүктелді. Осылайша, КСРО ОСБ құрылуы бүкіл ел үшін бірыңғай әдіснаманы енгізудің және статистикалық есеп пен есептілікті ұйымдастырудың бастамасы болды.

1948
10 тамыз

Жоспарлау органдарының құрамында болған жылдары жинақталған статистикалық органдардың жұмысындағы кемшіліктерді жою, мемлекеттік статистиканың жоспарлау және шаруашылық басқарудағы ролін арттыру мақсатында КСРО Министрлер Кеңесінің 1948 жылғы 10 тамыздағы қаулысымен КСРО Мемлекеттік жоспарының Орталық статистикалық басқармасы КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы Орталық статистикалық басқарма болып қайта құрылды. Осы шешімге сәйкес КСРО-ның Қазақ КСР бойынша Министрлер Кеңесі жанындағы уәкілетті мемлекеттік жоспардың статистика басқармасы облыстардағы, аудандардағы және қалалардағы тиісті жергілікті статистикалық органдары бар Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы статистикалық басқарма болып қайта құрылды.

1960

1960 жылы Қазақ КСР Статбасқармасы Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы Орталық статистика басқармасы (Қазақ КСР ОСБ) болып қайта құрылды, ол Республика Үкіметі мен КСРО ОСБ-ға бағынысты одақтас-республикалық органға айналды.

Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан басым міндеттердің бірі – мемлекеттік статистиканы реформалауға кірісті. Қысқа мерзімде нарықтық экономика шарттарына және халықаралық статистикалық нормалар мен стандарттарға жауап беретін статистикалық әдістерді игеру, тәуелсіз мемлекет мәртебесіне сәйкес келетін ұлттық статистика жүйесін құру қажет болды.

Статистика органының негізгі функциясы қоғамда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық процестер туралы жедел ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады. Әлеуметтік құбылыстардың әртүрлілігі және ақпаратты жинау мен талдаудың статистикалық әдістерін одан әрі дамыту түзілетін статистикалық ақпарат көлемінің одан әрі объективті өсуін болжайды. Статистика қызметтерінің алдында жаңа кезеңде тұрған мәселе статистикалық ақпаратты ұсынудың тиімділігін және оның пайдаланушы үшін оның ыңғайлылығын арттырудың жаңа тәсілдерін әзірлеу болып табылады.

Ұлттық статистика бюросы БҰҰ қағидаттарын басшылыққа ала отырып, барлық пайдаланушыларға барлық құпия емес ақпаратқа тең, біржолғы қолжетімділікті қамтамасыз етеді және демократиялық қоғамның дамуына ықпал етеді, осылайша шешім қабылдауда объективтілік пен бейтараптылыққа кепілдік береді. Біз БҰҰ ресми статистиканың он негізгі қағидатын толық қамтамасыз етеміз және қызметті ұйымдастыру бөлігінде халықаралық сапа стандарттарына сәйкестендіру бойынша жұмысты жүргізудеміз.

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы статистика саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыратын және іске асыратын уәкілетті орган болып табылады. Бюроның міндеттерінің бірі елде болып жатқан экономикалық және әлеуметтік процестерді және олардың даму үрдісін жан-жақты және объективті түрде зерделеу, қорытындылау және талдау болып табылады. Бюро осы міндетті орындау тұрғысында мемлекеттік органдарды статистикалық және талдамалық ақпаратпен қамтамасыз ету функциясын орындайды, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалар үшін жиынтық статистикалық ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз етеді.

Пікірлер мен ұсыныстар