«Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық
статистика бюросының Ақпараттық-есептеу орталығы» РМК
Кәсіпорын қызметінің мәні мен мақсаты статистиканың барлық бөлімдері бойынша статистикалық дерекқорды
қалыптастыру және енгізу, осы деректерді заңнамада белгіленген тәртіппен пайдаланушыларға ұсыну болып табылады.
«Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақпараттық-есептеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны қызметінің мәні мемлекеттiк монополияға жатқызылған салалардағы қызметтi жүзеге асыру болып табылады.
Кәсіпорынның мақсаты статистиканың барлық бөлімдері бойынша ақпараттық-статистикалық жүйелерді, дерекқорды қалыптастыру және жүргізу, пайдаланушыларға статистикалық ақпаратты заңнамада белгіленген тәртіппен ұсыну болып табылады.
Қойылған мақсатты іске асыру үшін Кәсіпорын мемлекеттік монополияға жататын қызметтің мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
- 1) уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері мен респонденттер ұсынған, жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар мен ұлттық санақтар кезінде алынған бастапқы статистикалық деректерді жинау, өңдеу, сондай-ақ алынған әкімшілік деректерді және (немесе) балама деректерді өңдеу және ресми статистикалық және талдамалық ақпаратты қалыптастыру кезінде электрондық түрде өңдеу кезеңінде оларды сақтау;
- 2) ақпараттық-статистикалық жүйелерді, дерекқорларды және олардың тұғырнамаларын, статистикалық тіркелімдерді, уәкілетті органның интернет-ресурстарын қалыптастыру, қолдап отыру және жаңартып отыру;
- 3) статистикалық жарияланымдарды қалыптастыру және статистикалық ақпаратты тарату графигіне сәйкес уәкілетті органның таратуына жататын ресми статистикалық ақпаратты, сондай-ақ ұлттық санақ қорытындылары туралы ақпаратты тарату;
- 4) ресми статистикалық ақпаратты тарату графигінде көзделмеген статистикалық және талдамалық ақпаратты қалыптастыру жатады.
Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндірумен технологиялық байланысты қызметтің мынадай түрлерін жүзеге асырады:
- 1) статистикалық байқау жүргізу процесін қамтамасыз ету;
- 2) статистикалық ақпараттық жүйелерді, дерекқорларды және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды және мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган ведомствосының (бұдан әрі – уәкілетті орган ведомствосы) және оның аумақтық бөлімшелерінің ақпараттық жүйелерімен технологиялық байланысты инфрақұрылымын дамыту, сүйемелдеу, ақпараттандыру объектілерімен интеграциялау;
- 3) ақпараттық қауіпсіздік шеңберінде уәкілетті орган ведомствосының электрондық ақпараттық ресурстарының, ақпараттық жүйелерінің және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының сыртқы және ішкі қатерлерінен сүйемелдеу;
- 4) мемлекеттік органдармен, респонденттерімен және статистикалық ақпараттың пайдаланушыларымен ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, уәкілетті орган ведомствосының ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын пайдаланушыларға техникалық қолдауды қамтамасыз ету;
- 5) әкімшілік деректерді ресми статистикалық ақпарат қалыптастыру кезінде пайдалану мақсатында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы олардың сапасын бағалауға қатысу;
- 6) бастапқы статистикалық және (немесе) әкімшілік және (немесе) баламалы деректер, мемлекеттік ақпараттық жүйелер мен мемлекеттік дерекқорлар деректері негізінде демографиялық процестерді болжау.
Пошта мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Иманова к., 13, БО “Нурсаулет-2”, 5 қабат
Байланыс телефондары: 1446, 8 (7172) 64-74-89
е-mail: info@statdata.kz
Ғаламтор ресурсы: www.statdata.kz