Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Бюроның құрылымдық бөлімшелерінің байланыс ақпараты
«Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақпараттық-есептеу орталығы» РМК

Кәсіпорын қызметінің мәні мен мақсаты статистиканың барлық бөлімдері бойынша статистикалық дерекқорды қалыптастыру және енгізу, осы деректерді заңнамада белгіленген тәртіппен пайдаланушыларға ұсыну болып табылады.

Т.А.Ә.
Лауазымы
Телефон
Кабинет
1
Қипатов Қайрат Ибрағимұлы
Директоры
8 (7222) 55-25-73
2
Жанабеков Сәрсен Жангелдіұлы
Бірінші орынбасарының м.а.
8 (7222) 55-25-48
3
Мағперов Қуаныш Оралбекұлы
Директордың инфрақұрылым жөніндегі орынбасары
8 (7222) 55-25-48

Кәсіпорын қойылған мақсатты іске асыру үшін мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:

  • 1) жалпы мемлекеттік статистикалық байқаулар және ұлттық санақтар кезінде алынған, аумақтық статистика органдары мен респонденттер ұсынған бастапқы статистикалық деректерді жинау, өңдеу және оларды электрондық түрде сақтау;
  • 2) ақпараттық-статистикалық жүйелерді, деректер қорларын және олардың тұғырнамаларын, статистика тіркелімдерін, уәкілетті органның Ғаламтор-ресурсын қалыптастыру, сүйемелдеу және өзектендіру;
  • 3) статистикалық жарияланымдарды қалыптастыру және статистикалық ақпаратты тарату кестесіне сәйкес уәкілетті органның таратуына жататын ресми статистикалық ақпаратты тарату;
  • 4) ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты қалыптастыру;
  • 5) мемлекеттік органдармен, респонденттер мен статистикалық ақпаратты пайдаланушылармен ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;
  • 6) қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар базасында тиісті саланың уәкілетті органы мен оның аумақтық органдарының ақпараттық инфрақұрылымын қорғауды қамтамасыз ету;
  • 7) тиісті саланың уәкілетті органы мен оның аумақтық органдарының базалық бағдарламалық қамтамасыз етілуін орнату және сүйемелдеу;
  • 8) жаңа статистикалық бақылаулардың нысандарын енгізу бойынша жұмыстарды техникалық және бағдарламалық сүйемелдеу;
  • 9) тиісті саланың уәкілетті органы мен оның аумақтық органдарының компьютерлік және телекоммуникациялық жүйелеріне және техникаға сервистік және техникалық қызмет көрсету, жергілікті есептеу желілерін (ЖЕЖ) құрамалау, серверлерді реттеу, жұмыс станцияларына, көшіру аппараттары мен жедел баспа жабдықтарына жүйелік қызмет көрсету;
  • 10) Кәсіпорынның құзіретіне кіретін, статистикалық ақпаратпен алмасу мәселелері бойынша ақпараттық-есептеу орталықтарымен, басқа елдердің статистика мемлекеттік органдары және халықаралық ұйымдардың өзара іс-қимылын қамтамасыз ету мен іс-шараларға қатысу;
  • 11) кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсетуді ұйымдастыру, кітапхананың материалдық-техникалық базасын нығайту;
  • 12) қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар базасында Тиісті саланың уәкілетті органы және оның аумақтық органдарының бірыңғай ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын құруға, дамытуға, енгізуге және сүйемелдеуге қатысу;
  • 13) статистика саласында кадрларды даярлау, қайта даярлау мен біліктілігін арттыру жөнінде конференцияларды, семинарларды, тренингтерді, курстарды өткізуге қатысу;
  • 14) Тиісті саланың уәкілетті органы мен оның аумақтық органдары үшін электрондық ақпараттық ресурстарын вирусқа қарсы қорғауды және қорғау жүйелерін, мұрағаттауды енгізуді қосып статистикалық деректерді сақтау мен резервтік көшірмелерді құруды ұйымдастыру;
  • 15) Тиісті саланың уәкілетті органы және оның аумақтық органдары үшін статистика мәселелері бойынша журналдарды, ақпараттық бюлеттеньдерді, жинақтарды, анықтамаларды, ақпараттық-жарнамалық материалдарды, ғылыми зерттеулер нәтижелерін, оқу-әдістемелік материалдарды басып шығару, көбейту және тарату;
  • 16) конъюнктуралық сауалнамалар, халықтың тұрмыс деңгейін зерделеу бойынша сауалнамалар жүргізу.

Пошта мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Иманова к., 13, БО “Нурсаулет-2”, 5 қабат
Байланыс телефондары: 1446, 8 (7172) 552548
е-mail: info@statdata.kz
Ғаламтор ресурсы: www.statdata.kz

Онлайн кеңесші