Қазақстандық мемлекеттік статистиканың пайда болу және даму тарихы, ең алдымен, қоғам мен мемлекеттің дамуы және олардың әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерімен байланысты.
Қазақстан статистикасы пайда болу тарихының бастауы тым әріде жатыр. Бірінші Қазақ мемлекеті – Қазақ хандығы туралы статистикалық мәліметтердің тарихи дәлелдемесі бар. Хандық құрылған жылдары (1459 жыл) Шу және Талас өзендерінің аңғарларындағы (қазіргі Жамбыл облысының аумағында) халық саны 200 мың адамды құрады, ал XV ғасырдың соңында 1 миллион адамға жетті.
Алайда, қазіргі Қазақстанның аумағында ресми статистиканың пайда болуын ХVIII ғасырдың екінші жартысына, яғни Қазақстанның Ресей империясының құрамына кіру кезеңіне жатқызады.
Қазақстанның аумағында құрылған алғашқы ресми мемлекеттік статистика органы Түркістан губерниялық статкомитеті (құрылған күні-1868 жылғы 22 қаңтар) және оған ведомстволық бағынысты Сыр-Дария және Жетісу облыстарындағы статистика мекемелері болды. ХІХ ғасырдың 70-жылдарының ортасында Орал облыстық статкомитеті, 1877 жылы – Семей және Ақмола (Омбы қаласында) және 1895 жылы Торғай облыстық статкомитеттері ұйымдастырылды. Алайда, Қазақстанда 1920 жылға дейін аумақтық статистикалық қызметтерді біріктіретін бірыңғай статистикалық орган болған жоқ.
Бұдан кейінгі жылдары Қазақстанның статистика органдары бірқатар өзгерістерге ұшырады. Сонымен, ҚазОСК-ның 1930 жылғы 22 ақпандағы шешімімен Қазстатбасқармасы дербес орган ретінде жойылып, ол КАКСР Мемлекеттік жоспарлау органымен біріктіріледі. КАКСР Мемлекеттік жоспарлау органы, атап айтқанда оның 1931 жылы КАКСР Мемлекеттік Жоспарлау органы жанындағы Халық шаруашылық есепке алу басқармасы (ХШЕБ) болып қайта құрылған Халық шаруашылық есепке алу секторы республикадағы есепке алу және статистика бойынша орталық басқарушы органға айналды.
1933 жылы Халық шаруашылық есепке алу басқармасы ҚАКСР Мемлекеттік жоспарлау органына айналады, бұл статистика органдарының толықтай республиканың Мемлекеттік жоспарлау органына бағыныстылығын білдірді. Республикада жоспарлау мен статистикалық қызметке басшылықты Қазақ АКСР (1936 жылдан бастап Қазақ КСР) Мемлекеттік жоспарлау органы жүзеге асырды, бұл халық шаруашылығын жоспарлау үшін есепке алу мен статистиканың маңыздылығының өсуіне байланысты жоспарлау және статистика органдарының байланысын одан әрі нығайту қажеттілігімен түсіндірілді.
1960 жылы 16 ақпанда Қазақ КСР Статбасқармасы Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы Орталық статистика басқармасы (Қазақ КСР ОСБ) болып қайта құрылды, ол Республика Үкіметі мен КСРО ОСБ-ға бағынысты одақтас-республикалық органға айналды.
1920 жылы 26 тамызда РКФСР құрамында Қазақ Автономиялық Социалистік Республикасының құрылуымен Қазақ АКСР Үкіметі 1920 жылғы 8 қарашадағы қаулысымен «Қазақ АКСР-дегі мемлекеттік статистика туралы ережені» бекітті және Қазақ АКСР-дің Статистика басқармасын құрды. Осылайша, Қазақстанның мемлекеттік статистикасының құрылған күні 1920 жылғы 8 қараша болып есептеледі.
1923 жылы КСРО Халық Комиссарлары Кеңесінің Қаулысына сәйкес КСРО Халық Комиссарлары Кеңесінің жанынан халық комиссариатының құқығымен Орталық статистика басқармасы (КСРО ОСБ) құрылды. КСРО ОСБ-ға КСРО-дағы статистикалық есепке алуға ұйымдастырушылық-әдіснамалық басшылық жасау жүктелді. Осылайша, КСРО ОСБ құрылуы бүкіл ел үшін бірыңғай әдіснаманы енгізудің және статистикалық есеп пен есептілікті ұйымдастырудың бастамасы болды.
Жоспарлау органдарының құрамында болған жылдары жинақталған статистикалық органдардың жұмысындағы кемшіліктерді жою, мемлекеттік статистиканың жоспарлау және шаруашылық басқарудағы ролін арттыру мақсатында КСРО Министрлер Кеңесінің 1948 жылғы 10 тамыздағы қаулысымен КСРО Мемлекеттік жоспарының Орталық статистикалық басқармасы КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы Орталық статистикалық басқарма болып қайта құрылды. Осы шешімге сәйкес КСРО-ның Қазақ КСР бойынша Министрлер Кеңесі жанындағы уәкілетті мемлекеттік жоспардың статистика басқармасы облыстардағы, аудандардағы және қалалардағы тиісті жергілікті статистикалық органдары бар Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы статистикалық басқарма болып қайта құрылды.
1987 жылғы тамызда Қазақ КСР ОСБ Қазақ КСР Статистика жөніндегі мемлекеттік комитеті болып қайта құрылды, бұл экономикадағы пайда болып жатқан проблемалармен байланысты міндеттерді шешу қажеттілігіне байланысты болды.
1991 жылғы 1 наурыздан бастап Мемлекеттік статистика комитеті Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөніндегі мемлекеттік комитеті болып қайта құрылды.
1996 жылы мемлекеттік статистиканы жетілдіру жөніндегі екінші бағдарлама қабылданды, оның негізгі бағыттары: ұлттық шоттар жүйесін құруды аяқтау, салалық статистиканы одан әрі дамыту, статистикалық бақылау әдістерін жүйелі реформалау және статистикалық ақпаратқа деген қажеттілікті барынша толық қанағаттандыру үшін жағдайлар жасау.
2012 жылы ҚАЗСТАТ жобасын іске асыру басталды. Ұлттық статистикалық жүйені нығайту жобасы, ол 6 негізгі құрамдас бөлікті қамтиды:
1992 жылы қаңтарда республиканың Жоғары Кеңесімен Қазақстан тарихында алғаш рет «Қазақстан
Республикасындағы Мемлекеттік статистика туралы заң» қабылданды.
1992 жылы статистиканы, бастапқы және бухғалтерлік есепті қайта құрылымдаудың бірінші бағдарламасы
қабылданды, мұнда ерекше назар мен ресурстар ең іргелі мәселелерді шешуге бағытталды. Экономиканың нақты
секторы, қаржы және банк секторында халықарлық деңгейде салыстырылатын статистикалық мәліметтерді
қалыптастыру мәселелері қаралды. Ұлттық шоттар жүйесіне көшудің, статистиканың жаңа бөлімдерін құрудың
негізі қаланды: сыртқы экономикалық қызмет, төлем балансы, баға және т.б.
1999 жылы мемлекеттік статистиканы жетілдірудің үшінші бағдарламасы қабылданды, оның негізгі мақсаты Қазақстандағы мемлекеттік статистиканы жүйелі реформалау, негізгі халықаралық стандарттар мен классификацияларды, көрсеткіштердің жаңа жүйелері мен статистикалық бақылау әдістерін енгізу болды.
Ұлттық статистикалық жүйені реформалау және деректер экожүйесінің әлеуетін ашу мақсатында 2023 жылы
"Ұлттық деректер экожүйесінің мемлекеттік статистикасын дамыту" тұжырымдамасы әзірленді.
Тұжырымдама 4 негізгі міндетті іске асыруды көздейді: