2) мемлекеттік статистика принциптерін сақтай отырып, статистикалық қызметті жүзеге асыру;
3) қоғамның, мемлекет пен халықаралық қоғамдастықтың ресми статистикалық ақпаратқа деген сұранысын қанағаттандыру;
4) Ұлттық статистика бюросына жүктелген өзге де мақсаттарды өз құзыреті шегінде жүзеге асыру.
1) мемлекеттік статистикалық қызмет саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жетілдіру мәселелері бойынша Агенттікке ұсыныстар енгізу;
2) респонденттерден алғашқы статистикалық деректерді өтеусіз негізде алу;
3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жариялауға қойылатын талаптарды сақтай отырып, алғашқы және дербес деректерді қоса алғанда, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың дерекқорларына қолжетімділік алу;
4) құзыреті шегінде Ұлттық статистика бюросының, оның аумақтық бөлімшелерінің және ведомстволық бағынысты ұйымының қызметіне қатысты мәселелер бойынша құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және бекіту;
5) Ұлттық статистика бюросына және оның аумақтық бөлімшелеріне жүктелген міндеттердің шешілуін қамтамасыз ететін ақпараттық жүйелерді құру және пайдалану;
6) Ұлттық статистика бюросы қызметінің негізгі бағыттары бойынша басқа мемлекеттік органдармен, ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
7) Агенттікпен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұлттық санақтарды өткізу қажеттілігі туралы ұсыныс енгізу;
8) сотқа жүгіну;
9) байланыс операторларынан респонденттер жөнінде байланыс деректерін алу;
10) мемлекеттік статистика саласындағы өзінің өкілеттіктері мен функцияларының бір бөлігін аумақтық статистика бөлімшелеріне беру;
11) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде алынған коммерциялық, қызметтік, заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жария етпеу;
12) құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қабылдау және қарау;
13) қоғамның, мемлекет пен халықаралық қоғамдастықтың ресми статистикалық ақпаратқа деген сұранысын қамтамасыз ету;
14) респонденттерді алғашқы статистикалық деректерді электрондық түрде ұсынуға қажетті статистикалық нысандармен және (немесе) бағдарламалық қамтылыммен өтеусіз негізде қамтамасыз ету;
15) әкімшілік деректерді статистикалық ақпаратты түзу және статистикалық тіркелімдерді жаңарту үшін пайдалану;
16) Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында Ұлттық статистика бюросы қызметінің бағыттары бойынша ақпаратты жариялауды және уақтылы жаңартуды қамтамасыз ету;
17) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы заңнамасына сәйкес электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық желілерді құру және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету, оларға жеке және заңды тұлғалардың қол жеткізуін ұйымдастыру;
18) қағаз жеткізгіштердегі және электрондық түрдегі алғашқы статистикалық деректердің, әкімшілік деректердің белгіленген мерзімдерде сақталуын қамтамасыз ету;
19) респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну графигін және ресми статистикалық ақпаратты тарату графигін бекіту;
20) статистикалық жұмыстар жоспарында көзделген көлемде ресми статистикалық ақпаратты тарату графигіне сәйкес статистикалық жарияланымдарды қалыптастыруды және ресми статистикалық ақпаратты таратуды қамтамасыз ету;
21) үй шаруашылықтарынан өтеулі және өтеусіз негізде олардың кірістері мен шығыстары туралы қажетті алғашқы статистикалық деректерді алу;
22) статистикалық ақпаратты түзу кезінде алғашқы статистикалық деректердің анықтығын растау үшін респонденттерден қосымша ақпаратты талап ету;
23) респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді бұрмалауы анықталған кезде респонденттерден алғашқы статистикалық деректерді қамтитын статистикалық нысандарға түзетулер енгізуді талап ету;
24) Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында орналастыру арқылы пайдаланушыларға ресми статистикалық ақпарат пен статистикалық әдіснамаға бір мезгілде қол жеткізудің тең құқықтарын қамтамасыз ету;
25) дербес деректерді қамтитын базаға иелік ету, пайдалану және билік ету;
26) статистикалық әдіснама өзгерген жағдайда және жаңартылған, құжатпен расталған ақпарат негізінде статистикалық мақсаттар үшін жарияланған ресми статистикалық ақпаратты қайта қарауды жүзеге асыру;
27) Ұлттық статистика бюросының қызметіне қанағаттанушылық деңгейін мониторингтеу мақсатында респонденттер мен пайдаланушыларға сауал салу жүргізу;
28) ерікті негізде респонденттердің қатысуымен жалпымемлекеттік және (немесе) ведомстволық статистикалық байқаулар бойынша статистикалық нысандар мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтардың жобаларына тестілеу жүргізу және талқылау;
29) жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар мен ұлттық санақтар өткізу кезінде адамдарды интервьюерлер ретінде тарту;
30) тиісті мемлекеттік органдармен, комиссиялармен, санақ персоналымен бірлесіп тұрғындар арасында ұлттық санақтар өткізудің мақсаттары мен тәртібі туралы жаппай түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
31) аумақтық статистика бөлімшелерінің санақ персоналын іріктеуі және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олармен ұлттық санақтарға қатысуға шарттар жасасуы;
32) уәкілетті органның шешімі бойынша пилоттық санақ жүргізу арқылы санақ парақтарын сынау, жүргізілуін ұйымдастыруды және алынған деректерді өңдеуді сынақтан өткізу, сондай-ақ облыстар және республикалық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің ауыл шаруашылығы санағы субъектілерінің тізімдерін қалыптастыруы, нақтылауы, Ұлттық статистика бюросына ұсынуы;
33) өз құзыретінің шегінде мемлекеттік органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын, мемлекеттік статистика мәселелері бойынша олар қабылдаған актілердің күшін жою немесе өзгерту туралы ұсыныстар енгізу;
34) мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан мемлекеттік статистика мәселелері бойынша ақпаратты сұрату және алу;
35) Ұлттық статистика бюросының құзыретіне кіретін мемлекеттік статистика мәселелері бойынша аумақтық бөлімшелер мен ұйымдарға, заңды және жеке тұлғаларға әдіснамалық және консультациялық көмек көрсетуді ұйымдастыру;
36) мемлекеттік статистика мәселелері бойынша білімді насихаттау;
37) бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті қалыптастыру;
38) Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы заңнамасының қолданылуына талдау жүргізу;
39) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін дамыту, ұлттық санақтарды жүргізуге арналған оқыту бағдарламаларын дайындау, сондай-ақ санақ персоналына арналған оқыту семинарларын өткізуді ұйымдастыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
40) реттейтін салада жергілікті атқарушы органдардың жұмысын үйлестіру;
41) негізгі қызмет, республикалық бюджетті жоспарлау мен орындау мәселелері бойынша аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымының жұмысын үйлестіру;
42) әкімшілік дереккөздерге қатысты респонденттерге бармай және бару арқылы профилактикалық бақылау өткізуге заңнамада белгіленген тәртіппен аумақтық статистика бөлімшелерінің мамандарын тарту;
43) бекітілген графикке сәйкес нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг жүргізу;
44) Агенттікпен келісу бойынша халықаралық шарттар жасасу, келіссөздер жүргізу және өз құзыреті шегінде және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шет елдердің тиісті ведомстволарымен, халықаралық ұйымдармен және шетелдік заңды тұлғалармен келісімдерге қол қою;
45) Агенттікпен келісу бойынша шетелдік сарапшылар мен консультанттарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жұмысқа тарту;
46) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қажетті құжаттарды (ақпаратты) және материалдарды сұрату және алу;
46-1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, мемлекеттік статистика органдарына жататын мемлекеттік органдардан уәкілетті орган қалыптастыратын ресми статистикалық ақпаратты жасауға қажетті алғашқы статистикалық деректерді өтеусіз негізде алу;
46-2) сұрау салу негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен сыртқы сектор статистикасын қалыптастыру мақсатында жиналатын алғашқы статистикалық деректерді иесіздендірілген түрде өтеусіз негізде алу;
46-3) статистикалық қызметті жүзеге асыру кезінде тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардан, ұйымдардан мемлекеттік тапсырыстарды және мемлекеттік-жекешелік әріптестікті жүзеге асыру кезінде қалыптастырылған деректерді, оның ішінде Жерді ғарыштан қашықтықтан зондтау деректерін өтеусіз негізде алу және пайдалану;
46-4) мемлекеттік статистика органдарына жататын мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне сұрау салуы негізінде иесіздендірілген алғашқы статистикалық деректерді үшінші тұлғаларға берусіз тек статистикалық мақсаттарда пайдалану үшін ұсыну;
46-5) ақпараттық жүйеде техникалық ақаулардың пайда болғаны, сондай-ақ респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну мерзімін ұзарту және оны техникалық ақаулар жойылғаннан кейін келесі жұмыс күніне ауыстыру туралы хабарламаны ресми интернет-ресурста орналастыру;
46-6) интернет-ресурста және "электрондық үкімет" веб-порталының ашық деректер интернет-порталында орналастыру арқылы пайдаланушылардың сапалы ресми статистикалық ақпаратқа, оның ішінде машинамен оқылатын деректер форматында және статистикалық әдіснамаға бір мезгілде қол жеткізуге тең құқықтарын қамтамасыз ету;
47) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
1) Ұлттық статистика бюросының құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту;
2) ведомстволық статистикалық байқаулар саласындағы жұмыстарды әдіснамалық сүйемелдеу;
3) мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;
4) халықаралық статистикалық стандарттарға сәйкес статистикалық әдіснаманы қалыптастыру;
5) мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру кезінде орталық және жергілікті атқарушы органдар мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін үйлестіру;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құзыреті шегінде мемлекеттік статистика саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру және ынтымақтастық аясында шарттар жасасу;
7) жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 1 шілдесіне дейінгі мерзімде мемлекеттік органдардың және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ұсыныстарын ескере отырып, сондай-ақ статистикалық қызметті талдау қорытындылары негізінде алдағы күнтізбелік жылға арналған статистикалық жұмыстар жоспарын, респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну графигін және ресми статистикалық ақпаратты тарату графигін қалыптастыруды қамтамасыз ету;
8) жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 15 қарашасына дейін статистикалық жұмыстар жоспарын бекіту;
9) статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды ұйымдастыру және жүргізу;
10) алғашқы статистикалық деректерді және (немесе) алынған әкімшілік деректерді қорыту және талдау, техникалық тапсырмаларды әзірлеу және белгіленген тәртіппен талдамалық шешімдер қабылдау, сондай-ақ ресми статистикалық ақпаратты және (немесе) статистикалық ақпаратты тарату;
11) статистикалық сыныптауыштарды әзірлеу және бекіту;
12) мемлекеттік статистика органдарын уәкілетті органның интернет-ресурстарында орналастыру арқылы статистикалық сыныптауыштармен қамтамасыз ету;
13) мынадай статистикалық тіркелімдерді жүргізу:
статистикалық бизнес-тіркелім;
халықтың статистикалық тіркелімі;
ауыл шаруашылығының статистикалық тіркелімі;
тұрғын үй қорының статистикалық тіркелімі;
14) республиканың және оның өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы ақпараттық статистикалық дерекқорлардың жинақталуын, жүргізілуін және жаңартылуын қамтамасыз ету;
15) мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылауды респонденттерге қатысты респонденттерге бармай профилактикалық бақылау нысанында, әкімшілік дереккөздерге қатысты әкімшілік дереккөздерге бармай және бару арқылы профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асыру;
16) мемлекеттік статистика органдарына жататын мемлекеттік органдардың және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің статистикалық қызметінің мемлекеттік органдардың статистикалық ақпаратты түзу процесін сипаттаудың үлгілік әдістемесінде бекітілген талаптарға сәйкестігіне талдау жүргізу, сондай-ақ талдау жүргізуге қажетті құжаттарды (ақпаратты) сұрату;
17) мемлекеттік статистика саласындағы ғылыми-зерттеу әзірлемелерін ұйымдастыру;
18) мемлекеттік органдарда қалыптастырылатын есептіліктің бірыңғай тізілімін әзірлеу;
19) мемлекеттік органдардың статистикалық ақпарат жасау процесін сипаттаудың үлгілік әдістемесін бекіту;
20) жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар бойынша әдістемені әзірлеу және бекіту;
22) жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар жүргізу үшін статистикалық нысандарды, оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды, сондай-ақ оларды бекіту тәртібін бекіту;
23) респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну тәртібін бекіту;
24) жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар және ресми статистикалық ақпаратты қалыптастыру бойынша статистикалық әдіснаманы әзірлеу және бекіту;
25) бағаларды тіркеу қағидаларын әзірлеу және бекіту, сондай-ақ бағаларды тіркеуді жүргізу;
26) әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды, сондай-ақ көрсеткіштерді есептеу әдістемесін келісу;
27) шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің анықтығын қамтамасыз ету;
28) шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің анықтығына нақтылау жүргізу қағидаларын бекіту;
29) уәкілетті орган ресми дереккөздерден алған деректерді мониторингтеу, талдау және салыстыру;
30) салықтық құпияны құрайтын мәліметтерге қолжетімділігі бар лауазымды адамдардың тізбесін бекіту;
31) Қазақстан Республикасының заңнамасында салықтық құпия ретінде айқындалған, ұсынылатын мәліметтер тізбесін және оларды ұсыну тәртібін бекіту;
32) өз құзыреті шеңберінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы заңнамасын бұзатын, мемлекеттік органдар қабылдаған актілерді жою, өзгерту, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтіру туралы ұсыныстар енгізу;
33) сәйкестендірілмеген түрдегі дерекқорларды ғылыми және ғылыми-техникалық қызметте пайдалану үшін ұсыну тәртібін әзірлеу және бекіту;
34) шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізу жөніндегі статистикалық әдіснаманы және тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыру нысандарын бекіту;
35) әкімшілік деректерді өтеусіз негізде ұсыну тәртібін бекіту;
36) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік статистика саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асыру;
37) өз құзыреті шеңберінде Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша ұсыну енгізу және кассациялық наразылық келтіру туралы өтінішхат беру;
38) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыратын органның (лауазымды адамның) әрекеттері (әрекетсіздігі) мен шешімдеріне шағымды өз құзыреті шеңберінде қарау;
39) Қазақстан Республикасы Парламенті комитеттерінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі бөлімдерінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің және өзге де мемлекеттік органдардың сұрау салуы бойынша ресми статистикалық ақпаратты тарату графигінде көзделмеген статистикалық ақпаратты ұсыну;
40) монополияға қарсы органмен келісу бойынша мемлекеттік монополия субъектісі, ведомстволық бағынысты ұйым өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсететін қызметтердің) бағаларын белгілеу;
41) Ұлттық санақтар жүргізу қағидалары мен мерзімдерін әзірлеу;
42) ұлттық санақ жүргізу бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу;
43) пилоттық санақ жүргізу тәртібін әзірлеу және бекіту;
44) санақ парақтарын әзірлеу және бекіту;
45) ұлттық санақтарды жүргізу;
46) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ұлттық санақтарды жүргізу кезінде орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру;
47) мемлекеттік органдармен ақпараттық жүйелерді интеграцияламай өзара іс-қимыл жасау туралы бірлескен актілерді әзірлеу және бекіту;
48) ұлттық санақ қорытындыларын қалыптастыру мен жариялауды қамтамасыз ету;
49) мемлекеттік статистика органдарының статистикалық әдіснаманы әзірлеу мен қалыптастыруға қатысу қағидаларын бекіту;
50) мемлекеттік статистика органдарына жататын мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірлеген ведомстволық статистикалық байқаулар бойынша статистикалық нысандар мен статистикалық әдіснаманы келісу;
51) ресми статистикалық ақпаратты тарату графигінде көзделмеген және респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну графигіне сәйкес респонденттер ұсынатын алғашқы статистикалық деректер негізінде әзірленген статистикалық ақпаратты өтеусіз негізде ұсыну қағидаларын бекіту;
52) үй шаруашылықтарынан олардың кірістері мен шығыстары туралы қажетті алғашқы статистикалық деректерді өтеулі және өтеусіз негізде алу қағидаларын бекіту;
53) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның қызметіне қанағаттанушылық деңгейін мониторингтеу мақсатында респонденттер мен пайдаланушыларға сауал салу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
54) ерікті негізде респонденттердің қатысуымен тестілеу жүргізу және жалпымемлекеттік және (немесе) ведомстволық статистикалық байқаулар бойынша статистикалық нысандар мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтардың жобаларын талқылау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
55) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес өтеулі қызметтер көрсету шарты бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар мен ұлттық санақтарды жүргізу кезінде интервьюерлердің саны мен олардың көрсетілетін қызметтерінің құнын есептеуді бекіту;
56) жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар мен ұлттық санақтарды жүргізу кезінде адамдарды интервьюер ретінде тарту қағидаларын әзірлеу және бекіту;
57) байланыс операторларынан респонденттер бойынша байланыс деректерін алу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
58) статистикалық әдіснама өзгерген жағдайда және жаңартылған, құжатпен расталған ақпарат негізінде статистикалық мақсаттар үшін жарияланған ресми статистикалық ақпаратты қайта қарау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
59) Қазақстан Республикасының үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы заңнамасына сәйкес тергеп-тексеру жүргізу мақсатында сыртқы сауда қызметі саласындағы уәкілетті органның сұрау салуы бойынша, сондай-ақ тергеп-тексеруді жүргізетін органның сұрау салуы бойынша сыртқы сауда қызметі саласындағы уәкілетті орган арқылы мәліметтер ұсыну;
60) сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органның сұрау салуы бойынша мәліметтерді Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасына сәйкес сыртқы сауда қызметін кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеуді қолдану мақсатында ұсыну;
61) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның ақпараттық-статистикалық жүйелерін, дерекқорлары мен олардың платформаларын, статистика тіркелімдерін, интернет-ресурсын қалыптастыруды, сүйемелдеу мен жаңартуды қамтамасыз ету;
62) ресми статистикалық ақпаратты тарату графигінде көзделмеген статистикалық ақпаратты қалыптастыруды қамтамасыз ету;
63) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда ведомстволық бағынысты ұйымның даму жоспарын және оны орындау жөніндегі есепті қарау, келісу және бекіту;
64) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес салықтық әкімшілендіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыру үшін мемлекеттік кірістер органдарына шаруашылық бойынша есепке алу кітабында ескерілген әкімшілік деректерді ұсыну;
65) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
66) нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг жүргізу;
67) санақтың штаттан тыс бөлімінің штат кестесін, құрылымы мен ережесін әзірлеу және бекіту;
68) ұлттық санақтарды жүргізу жөніндегі әдіснамалық құралды әзірлеу және бекіту;
69) статистикалық жарияланымдарды қалыптастыруды және статистикалық ақпаратты тарату графигіне сәйкес уәкілетті органның ведомствосының таратуына жататын ресми статистикалық ақпараттың таратуды қамтамасыз ету;
70) Агенттікпен келісу бойынша Ұлттық статистика бюросының және оның аумақтық бөлімшелерінің мүлкін есептен шығару;
71) жетекшілік ететін бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша нысаналы бюджеттік қаражат есебінен қаржыландырылатын объектілердің (ғимарат пен имараттар, олардың кешендері, инженерлік және көлік
коммуникациялары) құрылысына техникалық-экономикалық негіздемені немесе жобалау-сметалық құжаттаманы бекіту;
72) тиісті қаржы жылына ведомствоға қарасты ұйымның жылдық қаржылық есебін бекіту;
73) бөлінген қаражат шегінде аумақтық бөлімшелердің санақ бөлімдерінің санақ персоналы санының нормативтерін бекіту;
74) ұлттық санақтарды жүргізу кезінде мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл туралы бірлескен актілерді әзірлеу және бекіту;
75) қағаз жеткізгіштердегі және электрондық түрдегі алғашқы статистикалық деректердің, әкімшілік деректердің белгіленген мерзімдерде сақталуын қамтамасыз ету;
77) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.