А.С. Сүлейменова ханым
Есептілік және мемлекеттік қаржы-қаражат статистикасы департаментінің бас сарапшысы
Министерство финансов Республики Казахстан
010000 Қазақстан Республикасы, Астана қ,
Мәңгілік Ел, 8, Министрліктер үйі, 4-кіреберіс
8 (7172) 75-04-12
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің статистикалық бюллетені», бюджеттердің атқарылуы туралы есептер http://www.minfin.gov.kz сайтында.
Қазақстанның жиынтық ұлттық деректерінің парағы (ЖҰДП) http://www.stat.gov/kz сайтында
Орталық (республикалық бюджеттің) үкіметтің миллион теңгемен көрсетілген операциялары туралы деректер таратылады. Деректер орталық үкіметтің бюджеттік органдарының операцияларын қамтиды. 1999 жылғы қаңтардан бастап барлық бюджеттен тыс қорлар орталық үкіметтің бюджетіне енгізілген. Мемлекеттік басқару секторының операциялары бойынша деректер шетелдік байланысты гранттарды және 2006 жылғы 1 шілдеге дейін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыруға байланысты операциялар бойынша деректерді қамтиды. 2006 жылғы 1 шілдеден бастап бюджет заңнамасында айқындалған олардың тізбесіне сәйкес Ұлттық қорға жіберілетін бюджетке түсетін түсімдер мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының ақшасын есепке алу үшін ашылған Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шоттарына оларды аудару орталық басқару секторының операцияларында ескерілмейді. Мемлекеттік басқару секторының институционалдық кестесіне сәйкес IFS және GFS статистикалық журналдарында жариялау үшін мемлекеттік қаржы статистикасы бойынша ХВҚ ұсынылатын ақпаратта 2009 жылдан бастап орталық үкіметтің операциялары бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының операциялары енгізілген. Мыналар: кірістер мен шығындар, операциялық сальдо, бюджеттік кредиттер мен бюджеттік кредиттерді өтеуді бөле отырып, таза бюджеттік кредит беру, қаржы активтерін сатып алуды және қаржы активтерін сатып алудан түсетін түсімдерді бөле отырып, қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо, бюджеттің тапшылығы (профициті) және оны секторлардың түрі және резиденттік тиістілігі және қаржы құралдарының үлгісі бойынша бөле отырып, сыртқы және ішкі қаржыландыруды көрсетіп, оны қаржыландыру жөніндегі деректер таратылады.
Абсолютті сомамен қатар жүргізілген төлемдер пайызы көрсетіледі.
Деректер кассалық негізде көрсетіледі.
Қаржы жылы күнтізбелік жылға сәйкес келеді.
Ай сайын, тоқсандық негізде жасалатын қаржыландыруды егжей-тегжей бөлуді қоспағанда.
Ішкі және сыртқы қаржыландыруды егжей-тегжейлі бөлусіз орталық үкіметтің (республикалық бюджеттің) операциялары туралы ай сайынғы деректер есепті кезеңнен кейін бір айдан кешіктірілмей таратылады. Секторлардың түрі, резиденттік тиістілігі және қаржы құралдарының түрі бойынша одан әрі бөле отырып сыртқы және ішкі қаржыландыру ескерілген қаржыландыру туралы толық тоқсан сайынғы деректер есепті кезеңнен кейін бір айдан кешіктірілмей таратылады.
Деректерді шығару күнтізбесі орыс және ағылшын тілдерінде жасалады, онда тиісті жылдың басында ақпараттың шығуының таяу мерзімі туралы хабарлама беріледі және Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің веб-сайтында http://www.stat.gov.kz/ жарияланады.
Деректер Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің веб-сайтында http://www.minfin.gov.kz орналастырылу жолымен барлық мүдделі тараптарға бірмезгілде беріледі.
Деректерді жасау және тарату Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV) талаптарымен және ережелерімен айқындалады. Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің нормаларында (4-б. және 125-б.) бюджеттің атқарылуы туралы және мемлекеттік борыш пен қарыз алу туралы статистиканы тарату талап етіледі. Қаржы министрлігі бюджеттің атқарылу нәтижелігін және айқындылығын қамтамасыз ету үшін белгіленген кезеңділікпен және айтылған мерзімде белгіленген форматта деректерді қалыптастыруға және мемлекеттік қаржы-қаражат статистикасын ұсынуға міндетті.
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің мәтіні қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің Интернет-ресурсында (http://www.minplan.gov.kz) орналастырылған.
Қаржы министрлігінде жұмыс істемейтін мемлекеттік лауазымды тұлғалардың деректер жарияланғанға дейін оларға қол жетімділігі болмайды.
Бюджеттердің атқарылуы туралы жиынтық ақпарат ай сайынғы «Статистикалық бюллетень» басылымында жарияланады.
Ай сайынғы «Статистикалық бюллетень» басылымында есепті кезеңдегі соңғы деректер, ағымдағы және алдыңғы қаржы жылдары үшін тоқсан бойынша деректер жарияланады.Мемлекеттік басқару секторының операциялары бойынша деректер мынадай бөліністе жарияланады: 1) «Қамту сипаттамасы» тармағында жоғарыда сипатталған негізгі құрауыштар; 2) түсімдер, оның ішінде салықтық және салықтық емес түсімдер бөлінісіндегі кірістер, негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер, трансферттердің түсімдері, сондай-ақ бюджеттік кредиттерді өтеу мен қаржы активтерін сатудан түскен түсімдер туралы деректер; 3) функционалдық сыныптама, оның ішінде шығындар, бюджеттік кредиттер бойынша және қаржы активтерін сатып алу бойынша шығыстар туралы деректер; 4) экономикалық және ведомстволық сыныптама бойынша шығыстар туралы деректер; 5) секторлар типі мен резиденттік тиесілігі бойынша бюджеттен қаржыландыру туралы деректер; 6) қаржы құралдарының типі бойынша бюджеттен қаржыландыру туралы деректер.
Қаржы министрлігінің веб-сайты (www.minfin.gov.kz) арқылы «Статистикалық бюллетень» басылымында жарияланатынға ұқсас деректер таратылады. Бұдан басқа, бөлек алдыңғы жылдардағы мемлекеттік,шоғырландырылған, республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы айлық деректер таратылады.
Асты сызылған жерлер қосымша ақпаратқа шығатын гипер байланысты білдіреді
А.С. Сүлейменова ханым
Есептілік және мемлекеттік қаржы-қаражат статистикасы департаментінің бас сарапшысы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
010000 Қазақстан Республикасы, Астана қ.
Мәңгілік Ел, 8, Министрліктер үйі, 4-кіреберіс
8 (7172) 75-04-12
Ай сайынғы бюллетень:
Ай сайынғы «Статистикалық бюллетень» қазақ және орыс тілдерінде шығарылады.
Мемлекеттік басқару секторының операциялары туралы деректердің алғашқы шығарылымына және деректердің егжей-тегжейлі уақыт жағынан қатарларына қатысты электрондық түрдегі «Статистикалық бюллетень» және http://www.minfin.gov.kz Интернеттегі сайттағы дерекқорлары..
Қазақстанның жиынтық ұлттық деректерінің парағы (ЖҰДП)
Мемлекеттік басқару секторының (мемлекеттік бюджет) миллион теңгемен көрсетілген операциялары туралы деректер таратылады. Деректер өздерінің арасында өзара өтелетін операцияларын қоспағанда, орталық үкіметтің бюджеттік органдарының (республикалық бюджет) операцияларын, өңірлікбасқару органдарының, республикалық маңызы бар қаланың,астананың бюджеттік операцияларын қамтитын мемлекеттік басқару бюджеттік органдарының операцияларын қамтиды.Мемлекеттік басқару секторының операциялары жөніндегі деректер (мемлекеттік бюджет) шетелдік байланысты гранттарды және 2006 жылғы 1 шілдеге дейін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыруға байланысты операциялар бойынша деректерді қамтиды. 2006 жылғы 1 шілдеден бастап бюджет заңнамасында айқындалған олардың тізбесіне сәйкес Ұлттық қорға жіберілетін бюджетке түсетін түсімдер мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының ақшасын есепке алу үшін ашылған Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шоттарына оларды аудару ұлттық заңнамасына сәйкес мемлекеттік басқару секторының операцияларында ескерілмейді.
Мемлекеттік басқару секторының институционалдық кестесіне сәйкес мемлекеттік қаржы статистикасы бойынша ХВҚ ұсынылатын ақпаратта 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік қаржы статистикасы саласында техникалық көмек бойынша ХВҚ миссиясының ұсынымдарына сәйкес Әлеуметтік сақтандыру мемлекеттік қорының қаражаты мемлекеттік басқару секторының операцияларында жыл сайынғы негізде GFS статистикалық журналында және тоқсан сайынғы негізде IFS статистикалық журналдарында жариялау үшін ескерілетін болады
Мыналар: кірістер мен шығындар, бюджеттік кредиттер бөле отырып, таза бюджеттік кредиттеу және бюджеттік кредиттерді өтеу, операциялық сальдо, қаржы активтерін сатып алуды және қаржы активтерін сатудан түскен түсімдерді көрсете отырып, қаржы активтерімен операциялар бойынша және бюджет тапшылығы (профициті) және оны одан әрі бөле отырып, сыртқы және ішкі қаржыландыруға бөлу кезінде оны қаржыландыру бойынша және сектор типі және резиденттік тиесілігі бойынша және қаржы құралдарының типі бойынша сальдо.Абсолютті сомамен қатар жүргізілген төлемдер пайызы көрсетіледі.
Деректер кассалық негізде көрсетіледі.
Қаржы жылы күнтізбелік жылға сәйкес келеді.
Мемлекеттік басқару секторының операциялары туралы деректер тоқсан сайын, оның ішінде оны одан әрі сектор түрі, резиденттік тиесілігі бойынша және қаржы құралдарының түрі бойынша бөле отырып, сыртқы және ішкі қаржыландыруды ескере отырып таратылады.
Одан әрі сектор түрі, резиденттік тиесілігі бойынша және қаржы құралдарының түрі бойынша бөле отырып, сыртқы және ішкі қаржыландырудың жалпы сомасын көрсете отырып, мемлекеттік басқару секторының операциялары туралы деректер есепті кезеңнен кейін бір айдан кешіктірілмей таратылады.
Деректерді шығару күнтізбесі орыс және ағылшын тілдерінде жасалады, онда тиісті жылдың басында ақпараттың шығуының таяу мерзімі туралы хабарлама беріледі және Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің веб-сайтында (http://www.stat.gov.kz) жарияланады.
Деректер Қаржы министрлігінің веб-сайтында http://www.minfin.gov.kz орналастырылу жолымен барлық мүдделі тараптарға бірмезгілде беріледі.
Деректерді жасау және тарату Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV) талаптарымен және ережелерімен айқындалады. Қаржы министрлігі бюджеттің атқарылу нәтижелігін және айқындылығын қамтамасыз ету үшін белгіленген кезеңділікпен және айтылған мерзімде белгіленген форматта деректерді қалыптастыруға және мемлекеттік қаржы-қаражат статистикасын ұсынуға міндетті.
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің мәтіні қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің Интернет-ресурсында (http://www.minplan.gov.kz) орналастырылған.
Қаржы министрлігінентыс мемлекеттік лауазымды тұлғалардың деректер жарияланғанға дейін оларға қол жетімділігі болмайды.
-
-
Бюджеттердің атқарылуы туралы жиынтық ақпарат ай сайынғы «Статистикалық бюллетень» басылымында жарияланады.
Ай сайынғы «Статистикалық бюллетень» басылымында есепті кезеңдегі соңғы деректер, соңғы төрт жылдағы деректер, ағымдағы және алдыңғы қаржы жылдары үшін тоқсан бойынша деректер жарияланады.
Мемлекеттік басқару секторының операциялары бойынша деректер мынадай бөліністе жарияланады: 1) «Қамту сипаттамасы» тармағында жоғарыда сипатталған негізгі құрауыштар; 2) түсімдер, оның ішінде салықтық және салықтық емес түсімдер бөлінісіндегі кірістер, негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер, трансферттердің түсімдері, сондай-ақ бюджеттік кредиттерді өтеу мен қаржы активтерін сатудан түскен түсімдер туралы деректер; 3) функционалдық сыныптама, оның ішінде шығындар, бюджеттік кредиттер бойынша және қаржы активтерін сатып алу бойынша шығыстар туралы деректер; 4) экономикалық және ведомстволық сыныптама бойынша шығыстар туралы деректер; 5) секторлар типі мен резиденттік тиесілігі бойынша бюджеттен қаржыландыру туралы деректер; 6) қаржы құралдарының типі бойынша бюджеттен қаржыландыру туралы деректер. Бұдан басқа, өңірлік басқару органдарының операциялары туралы және әрбір өңірлік басқару органының операциялары туралы шоғырландырылған деректер таратылады.
Қаржы министрлігінің веб-сайты арқылы (www. minfin.gov.kz ) «Статистикалық бюллетень» басылымында жарияланатынға ұқсас деректер, сондай-ақ бөлек нақты қаржы кезеңдерінде алдыңғы жылдардағы мемлекеттік,шоғырландырылған, республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы айлық жиынтық деректер таратылады.
Асты сызылған жерлер қосымша ақпаратқа шығатын гипер байланысты білдіреді
Азаматша Н. Асқарова,
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік қарыз алу департаменті, Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борыш басқармасының басшысы,
010000 Қазақстан Республикасы, Астана қ.
Мәнгілік Ел, 8, Министрліктер Үйі, 4-кіреберіс
8 (7172) 75-02-49
Ай сайынғы бюллетень:
Ай сайынғы «Статистикалық бюллетень» қазақ және орыс тілдерінде шығарылады.
Электрондық түрдегі «Статистикалық бюллетень» және Интернеттегі сайттағы елдердің дерекқорлар http://www.minfin.gov.kz .
Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борыш, мемлекет кепілгерлігі бойынша борыш мемлекеттік борыш (ҚР Үкіметі, ҚР Ұлттық Банкі мен ҚР жегілікті атқарушы органдар) пен мемлекет кепілдік берген борыш бойынша деректерді өзіне қамтиды. Жинақталған және өтелмеген борыш көлемі бойынша деректер АҚШ доллары мен есепті жылдың аяғындағы валюта бағамы бойынша ұлттық валютада келтірілген.
Деректер теңгемен және нақты күнге арналған бағам бойынша АҚШ долларымен қолданылады (есепті кезеңнің соңында)
Мемлекеттік борыш - өзара талаптарды ескермей, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің борышына немесе мәслихаттардың шешімдерімен жергілікті атқарушы органдардың борышына жатқызылған алынған (игерілген) және өтелмеген мемлекеттік қарыздардың белгілі бір күнге, сондай-ақ борыштық міндеттемелердің белгілі бір күнге сомасы.
Мемлекеттік борыш ішкі және сыртқы мемлекеттік борыш болып екіге бөлінеді.
Ішкі мемлекеттік борыш - Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының резиденттері алдындағы мемлекеттік ішкі қарыздары мен басқа да борыштық міндеттемелері бойынша мемлекеттік борышының құрамдас бөлігі. Ішкі борыш борыштық құрал түрі бойынша (мемлекеттік бағалы қағаздардың және басқа міндеттемелердің) сыныпталады.
Мемлекеттік сыртқы борыш - Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы мемлекеттік сыртқы қарыздар мен басқа да борыштық міндеттемелері бойынша мемлекеттік борышының құрамдас бөлігі. Сыртқы борыш кредиторлар бойынша сыныпталады.
Нақты күнге сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдіктерімен қамтамасыз етілген, мемлекет кепілдік берген, өзімен алынған (игерілген) және өтелмеген мемлекет емес борыш көлемі жарияланады.
Мемлекеттік қарыз - қарыз алушы Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі немесе жергілікті атқарушы органдар болатын қарыз қатынастары.
Мемлекет кепілдік берген борыш - мемлекеттік кепілдіктермен қамтамасыз етілген, белгілі бір күнге алынған және өтелмеген мемлекеттік емес қарыздар сомасы.
Мемлекет кепілдік берген қарыз - мемлекеттік кепілдікпен қамтамасыз етілген мемлекеттік емес қарыз.
Мемлекет кепілгерліктері бойынша борыш - мемлекет кепілгерлігімен тартылған, белгілі бір күнге алынған және өтелмеген мемлекеттік емес қарыз сомаларының сомасы.
Мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыз - инфрақұрылымдық облигациялар шығару арқылы жүзеге асырылатын мемлекеттік емес қарыз.
Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген, кепілгерлігімен тартылатын қарыздар туралы деректер қарыз қаражаттарын игеру туралы кредиторлар шоттарынан үзінділерді, борышқа қызмет көрсету және өтеу шотына төлемдер алғаны туралы кредиторлардың растамасын және қызмет көрсетілетін банктердің (банк-агенттіктер) есептілігін пайдалана отырып, жасалады
Борыштық ағындар (қарыздарды пайдалану, сондай-ақ өтеу және қызмет көрсету шотына төлемдер) төлем күнін тіркеумен төлем валютасында көрсетіледі.
Қаржы жылы күнтізбелік жылмен сәйкес келеді.
«Статистикалық бюллетень» ай сайынғы басылымында жарияланатын мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген, кепілгерлігімен тартылатын қарыздар туралы деректер Қаржы министрлігінің веб-сайтында ұсынылатын сол деректер болып табылады.
Тоқсан сайын өсу қорытындысымен
Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген, кепілгерлігімен тартылатын қарыздар туралы деректер есепті кезеңнен кейінгі бір айдан кешіктірілмей таратылады.
Деректер шығарылымының күнтізбесі ағылшын және орыс тілдерінде жасалады, онда тиісті ағымдағы жылдың басында ақпарат шығарылымының болжамды мерзімдері туралы хабарлама беріледі және Интернеттегі Қазақстан Республикасының Статистика агенттігінің сайтында жарияланады (http://www.stat.gov.kz).
Деректер бір мезгілде барлық мүдделі тараптарға оларды Интернетте Қаржы министрлігінің сайтына орналастыру жолымен ұсынылады http://www.minfin.gov.kz
Деректерді жасау және тарату Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің (2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV) шарттарымен және ережелерімен айқындалады.
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде (204-бап) Қазақстан Республикасы мемлекеттiк борышының ағымдағы жай-күйi туралы, мемлекеттiк борышты өтеу есебiне төленген ақша сомасы туралы, берiлген мемлекеттiк кепiлдiктер мен кепiлгерліктер бойынша төленген ақша сомасы туралы мәлiметтердің таратылуы регламенттелген.
«Мемлекеттік статистика туралы» заңда Қаржы министрлігін қоса алғанда, статистикаға байланысты қызметпен айналысатын мемлекеттік ведомстволардың өкілеттіктері мен функциялары, сондай-ақ өзара қарым-қатынастары айқындалған. Заңда Қазақстан бойынша экономика, әлеуметтік, демография және экология салаларында статистикалық деректерді жинау, өңдеу және тарату қағидаттары белгіленген.
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің мәтіні қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің веб-сайтында (http://www.minplan.gov.kz) орналастырылған, ал «Мемлекеттік статистика туралы» заңның мәтіні қазақ және орыс тілдерінде Интернетте Қазақстан Республикасының Статистика агенттігінің сайтында (http://www.stat.gov.kz/) орналастырылған
Қаржы министрлігінде жұмыс істемейтін мемлекеттік лауазымды тұлғалардың деректер жарияланғанға дейін оларға қол жетімділігі болмайды.
Қаржы Министрі салық-бюджет саласындағы елеулі өзгерістер туралы мезгіл-мезгілімен түсіндірмелер беріп тұрады. Көптеген жағдайларда деректерге егжей-тегжейлі техникалық түсіндірмелер ілесіп жүреді. Жарияланған деректер бойынша әдіснамалық түсіндірмелер ҚР ҚМ-нің «Статистикалық бюллетень» басылымында беріледі.-
Деректер оларды алғашқы шығарылған сәтінде түпкілікті болып табылады. Кестелерге берілген ескертпелерде деректердің мәртебесі, деректерге берілген түзетулер туралы және әдіснамадағы күрделі өзгерістер туралы ақпарат қамтылған және олар ай сайынғы «Статистикалық бюллетень» басылымының әдістемелік ұсынымдарындағы деректермен бірге келтіріледі. МҚС-ны жасау үшін пайдаланылатын әдіснамадағы күрделі өзгерістерді түсіндірулер туралы ай сайынғы «Статистикалық бюллетень» басылымында әдетте өзгерістер енгізу кезінде беріледі. Кейде әдіснамадағы өзгерістер туралы алдын ала хабар нормативтік құқықтық актілер шеңберінде Интернетте Қаржы министрлігінің сайтында және баспасөз-релиздерінде беріледі-
Әдіснама туралы жиынтық ақпарат, түсіндірме ескертпелер, тұжырымдамалар мен терминдердің айқындамалары Интернетте Қаржы министрлігінің сайтында ұсынылады, сондай-ақ әдістемелік түсіндірулер түрінде ай сайынғы «Статистикалық бюллетень» басылымында жарияланады.
Ай сайынғы Статистикалық бюллетеньде борыш бойынша мынадай деректер: 1) ішкі және сыртқы борышқа бөле отырып, 2) ішкі борышты борыштық құралдарға бөле отырып, 3) сыртқы борышты кредиторға бөле отырып және 4) мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борышты, мемлекет кепілгерлігі бойынша борышты көрсете отырып жарияланады. Қаржы министрлігінің веб-сайты арқылы (http://www.minfin.kz) Статистикалық бюллетеньде жарияланатынға ұқсас деректер, сондай-ақ мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борыш, мемлекет кепілгерлігі бойынша борыш туралы алдыңғы жылдардағы жекелеген — жылдық деректер таратылады.
Асты сызылған жерлер қосымша ақпаратқа шығатын гипер байланысты білдіреді