Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
Батыс Қазақстан облысы
Хабарландырулар
23.12.2025
Интервьюерлер қабылдау туралы хабарландыру
«ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті» РММ Келушілерді зерттеу сауалнамасы статистикалық байқауларын жүргізу үшін интервьюерлер (өтемелі қызмет көрсету келісімшарты бойынша тартылған қызметкер) қабылдайтынын хабарлайды. Зерттеудің өту мерзімі – 2026 жылғы 19 -30 қаңтар (қоса алғанда) 2026 жылғы 19 қаңтардан бастап Келушілерді зерттеу сауалнамасын жүргізу үшін қажетті интервьюерлер: Орал қаласы 2 бірлік Бөрлі ауданы 1 бірлік Бәйтерек ауданы 1 бірлік Теректі ауданы 1 бірлік Шыңғырлау ауданы 1 бірлік Сұхбаттасуға қатысу үшін түйіндемелер 2025 жылғы 30 желтоқсанға дейін «ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті» РММ, 090001 Орал қаласы, Мұхит көшесі, 50/1 мекенжайына немесе info.uralsk@statdata.kz. электрондық мекенжайына қабылданады. Анықтама үшін телефон: 8(7112) 50-95-25, 50-93-34