23.12.2025
Интервьюерлер қабылдау туралы хабарландыру
«ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті» РММ үй шаруашылықтарының ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануы жөніндегі зерттеу сауалнамасы статистикалық байқауларын жүргізу үшін интервьюерлер (өтемелі қызмет көрсету келісімшарты бойынша тартылған қызметкер) қабылдайтынын хабарлайды.
Зерттеудің өту мерзімі – 2026 жылғы 12 -30 қаңтар (қоса алғанда)
2026 жылғы 12 қаңтардан бастап үй шаруашылықтарының ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануы жөніндегі зерттеу сауалнамасын жүргізу үшін қажетті интервьюерлер:
Орал қаласы 5 бірлік
Ақжайық ауданы 1 бірлік
Бөрлі ауданы 1 бірлік
Жаңақала ауданы 1 бірлік
Жәнібек ауданы 1 бірлік
Бәйтерек ауданы 1 бірлік
Казталов ауданы 1 бірлік
Қаратөбе ауданы 1 бірлік
Сырым ауданы 1 бірлік
Бөкей ордасы ауданы 1 бірлік
Тасқала ауданы 1 бірлік
Теректі ауданы 1 бірлік
Шыңғырлау ауданы 1 бірлік
Сұхбаттасуға қатысу үшін түйіндемелер 2025 жылғы 30 желтоқсанға дейін «ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті» РММ, 090001 Орал қаласы, Мұхит көшесі, 50/1 мекенжайына немесе info.uralsk@statdata.kz. электрондық мекенжайына қабылданады.
Анықтама үшін телефон: 8(7112) 50-95-25, 50-93-34