Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
Батыс Қазақстан облысы
Хабарландырулар
08.09.2025
Санақ персоналын қабылдау жөніндегі хабарландыру

«Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті» РММ, Батыс Қазақстан облысында  ауыл шаруашылық санағын өткізу үшін  санақ персоналын қабылдау туралы хабарлайды:

1. Ақжайық ауданы –  21 бірлік

2. Бөкей ордасы ауданы – 5 бірлік

3. Бөрлі ауданы –  15 бірлік

4. Жаңақала ауданы – 10 бірлік

5. Жәнібек ауданы – 12 бірлік

6. Бәйтерек ауданы – 35 бірлік

7. Казталов ауданы – 20 бірлік

8. Қаратөбе ауданы – 9 бірлік

9. Сырым ауданы – 13 бірлік

10. Тасқала ауданы – 9 бірлік

11. Теректі ауданы – 18 бірлік

12. Шыңғырлау ауданы – 3 бірлік

13. Зачаган к. – 12 бірлік

14. Деркөл к. – 9 бірлік

15. Круглоозерный к. – 3 бірлік

16. Желаев а. – 1 бірлік


Жұмыс мерзімі: 2025 жылдың 20 қыркүйегінен 20 қазанына дейін


Негізгі функциялар: Үй шаруашылықтары арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу, бекітілген санақ учаскесінде планшетте электронды түрде ауыл шаруашылық санағын жүргізу, санақ объектілерінің тізімдерімен, картографиялық материалдармен санақ объектілерінің барлығын тексеру.

Орташа жүктеме 540 санақ объектісі.
 

Кәсіптік білім денгейі: жоғары, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, орта білім жұмыс өтілі бойынша талаптарды қоюсыз.

Жеке құзыреттеріне қойылатын талаптар: талдамалық пайымдау, командада жұмыс істеу, қарым-қатынас құру, ауызша және жазбаша коммуникация, жауапкершілік, әдептілік нормаларын ұстану, әдістемені игеру, нормативтілік, нәтижеге бағдарлану.

Сұхбаттасуға қатысу үшін түйіндемелер 2025 жылғы 11 қыркүйекке  дейін info.uralsk@statdata.kz электрондық мекенжайына қабылданады.

Анықтама үшін телефон 8 (7112) 50-95-25.