Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 13.06.2025 - 19.06.2025
Қабылдау 1 этап: 20.06.2025- 24.06.2025
Қабылдау 2 этап: 26.06.2025
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 27.06.2025
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 02.07.2025
Сұхбат: 08.07.2025
Анықтама телефоны: 74-96-94
C-O-6 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 180000
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы: Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті әлеуметтік статистикасы басқармасының жетекші маманы, C-O-6
(Лауазым мәртебесі: Бос)
Функционалдық міндеттері: Статистикалық жұмыстар жоспарының орындалуын қамтамасыз етеді; әлеуметтік статистикасы бойынша статистикалық байқаулар мәліметтерінің дерекқорын қалыптастырады; халықтың тұрмыс деңгейі бойынша интервьюерлер жұмысын ұйымдастырады, нұсқама өткізу және олардың жұмыс сапасын бақылайды; статистикалық байқау әдіснамасына сәйкес бастапқы статистикалық мәліметтерді бақылайды; интервьюерлерді статистикалық нысандар бланкілерімен және оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтармен қамтамасыз етеді; интервьюерлермен семинарлар өткізеді; алғашқы статистикалық деректердің құпиялылығын қамтамасыз етеді; құжаттарды мұрағатқа тапсыру үшін қалыптастырады; жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды; үй шаруашылықтарынан қағаз жеткізгіштерде алынған бастапқы статистикалық деректерді тиісті ақпараттық жүйеге енгізуді жүзеге асыру.
Білімі бойынша талап: Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім: менеджмент, статистика, информатика, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:жұмыс өтілі талап етілмейді.