Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
Батыс Қазақстан облысы
Хабарландырулар
13.06.2025
«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

Конкурс туралы ақпарат

 

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 13.06.2025 - 19.06.2025

Қабылдау 1 этап: 20.06.2025- 24.06.2025

Қабылдау 2 этап: 26.06.2025

Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 27.06.2025

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 02.07.2025

Сұхбат: 08.07.2025

 

Анықтама телефоны: 74-96-94

 

C-O-6 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 180000

(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 

Лауазым атауы: Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті әлеуметтік статистикасы басқармасының жетекші маманы (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыс кезеңіне, 2025 жылғы 1 желтоқсан аралығында), C-O-6 санаты

(Лауазым мәртебесі: Уақытша бос)

 

Функционалдық міндеттері: Әлеуметтік статистикасы бойынша статистикалық жұмыстар жоспарының орындалуын қамтамасыз етеді; статистикалық байқау әдіснамасына сәйкес бастапқы статистикалық мәліметтерді қадағалайды; статистикалық мәліметтердің дерекқоры негізінде әлеуметтік статистика бойынша мәліметтерді зерделеу, қорытындылау және іріктеп зерттеу қорытындыларына талдау жүргізеді; жинақ, бюллетеньдер, баспасөз хабарламаларын және басқа статистикалық материалдарды дайындап шығарады; әлеуметтік-демогрфиялық статистикасы бойынша интервьюерлер жұмысын ұйымдастырады, нұсқама өткізеді және олардың жұмыс сапасын бақылайды; салалық каталогтерді жүргізеді және оны жаңғыртады; басқарма номенклатурасына сәйкес іс жүргізеді; респонденттермен, АСБ мамандарымен және мемлекеттік органдармен семинарлар өткізеді; жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды; Мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылауды респонденттерге қатысты респонденттерге бармай жүзеге асыру; Респонденттерден және үй шаруашылықтарынан қағаз жеткізгіштерде алынған бастапқы статистикалық деректерді тиісті ақпараттық жүйеге енгізуді жүзеге асыру; алғашқы статистикалық деректердің құпиялылығын қамтамасыз етеді.

 

Білімі бойынша талап: Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім: менеджмент, статистика, информатика, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару

 

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар: жұмыс өтілі талап етілмейді.