Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
Батыс Қазақстан облысы
Хабарландырулар
13.06.2025
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

Конкурс туралы ақпарат:

 

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 11.06.2025 - 17.06.2025

Қабылдау 1 этап: 18.06.2025-20.06.2025

Қабылдау 2 этап: 24.06.2025

Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 25.06.2025

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 28.06.2025

Сұхбат: 14.07.2025

 

Анықтама телефоны: 8 7112 50 95 25

 

C-O-5 санат үшін орташа лауазымдық жалақы: 208062

(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 

Лауазым атауы: Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Тасқала ауданы статистика басқармасының бас маманы, С-О-5 санаты, 1 бірлік, №21-05-1

 

Функционалдық міндеттері: Статистикалық жұмыс жоспарының орындалуын қамтамасыз етеді; статистикалық байқау әдіснамасына сәйкес бастапқы статистикалық деректерді тексереді; ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы ақпараттық-статистикалық деректер қорын толтырады, жүргізеді және оны өзектендіруді қамтамасыз етеді; статистикалық жинақ дайындауға қатысады; статистикалық тіркелім деректерін өзектендіреді; «е-Статистика» ақпараттық-интерграциялық жүйесіне статистикалық нысандарды қабылдау туралы мәліметтерді енгізеді; респондент кабинетіне кіру және статистикалық нысанды электрондық форматта толтыру бойынша кеңес береді және практикалық көмек көрсетеді; алғашқы статистикалық деректердің құпиялылығын қамтамасыз етеді; іс жүргізуді басқарманың іс номенклатурасына сәйкес жүргізеді. Статистикалық нысандарды қағаз жеткізгіштерде қабылдауды жүзеге асырады; Респонденттерден және үй шаруашылықтарынан қағаз жеткізгіштерде алынған бастапқы статистикалық деректерді тиісті ақпараттық жүйеге енгізуді жүзеге асыру. Әкімшілік дереккөздерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады. Респонденттерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылау респонденттерге бармай жүзеге асырады;

 

Білімі бойынша талап: Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: менеджмент, статистика, информатика, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару.

 

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар: жұмыс өтілі талап етілмейді.

 

Шағым жасау тәртiбi: Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.