«Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті» РММ, Батыс Қазақстан облысында ауыл шаруашылық санағын өткізу үшін санақ персоналын қабылдау туралы хабарлайды.
Нұсқаушы (еңбек келісім шарты бойынша)
1. Ақжайық ауданы бойынша – 4 бірлік
2. Бөкей ордасы ауданы бойынша – 2 бірлік
3. Бөрлі ауданы бойынша – 4 бірлік
4. Жәнібек ауданы бойынша – 2 бірлік
5. Жаңақала ауданы бойынша – 3 бірлік
6. Бәйтерек ауданы бойынша – 7 бірлік
7. Казталов ауданы бойынша – 3 бірлік
8. Қаратөбе ауданы бойынша – 2 бірлік
9. Сырым ауданы бойынша – 2 бірлік
10. Тасқала ауданы бойынша – 2 бірлік
11. Теректі ауданы бойынша – 4 бірлік
12. Шыңғырлау ауданы бойынша – 2 бірлік
13. Зачаган кенті бойынша – 3 бірлік
14. Деркөл кенті бойынша – 2 бірлік
15. Круглоозерный кенті бойынша – 1 бірлік
Жұмыс мерзімі: 2025 жылғы 1 маусымнан - 31 желтоқсанға дейін
Негізгі функциялар: Ауыл шаруашылық санағын жүргізу кезінде деректер қорына планшет, интернет-ресурс арқылы алғашқы статистикалық деректерді жинау және енгізу сұрақтары жөнінде интервьюерлерді оқыту, интервьюерлер жұмысының сапасына бақылау жүргізу.
Кәсіптік білім денгейі: жоғары, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, орта білім жұмыс өтілі бойынша талаптарды қоюсыз.
Жеке құзыреттеріне қойылатын талаптар: Талдамалық пайымдау, командада жұмыс істеу, қарым-қатынас құру, ауызша және жазбаша коммуникация, жауапкершілік, әдептілік нормаларын ұстану, әдістемені игеру, нормативтілік, нәтижеге бағдарлану.
Сұхбаттасуға қатысу үшін түйіндемелер 2025 жылғы 15 мамырға дейін info.uralsk@statdata.kz электрондық мекенжайына қабылданады.
Анықтама үшін телефон 8 (7112) 50-95-25,31-64-19