«Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті» РММ, Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының Ақсай қаласында ауыл шаруашылық санағын өткізу үшін санақ персоналын қабылдау туралы хабарлайды.
Нұсқаушы (еңбек келісім шарты бойынша) - 1 бірлік
Жұмыс мерзімі: 2025 жылдың 1 мамырынан 30 қарашаға дейін
Негізгі функциялар: Ауыл шаруашылық санағын жүргізу кезінде деректер қорына планшет, интернет-ресурс арқылы алғашқы статистикалық деректерді жинау және енгізу сұрақтары жөнінде интервьюерлерді оқыту, интервьюерлер жұмысының сапасына бақылау жүргізу.
Интервьюер (ақылы қызмет көрсету шарты бойынша) - 4 бірлік
Жұмыс мерзімі: 2021 жылдың 1маусымнан 30 маусымына дейін
Негізгі функциялар: Үй шаруашылықтары арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу, тіркеу учаскесінде планшетте электронды түрде ауыл шаруашылық санағын жүргізу, Ақсай қаласындағы санақ объектілерінің тізімдерін құру, картографиялық материалдармен санақ объектілерінің барлығын тексеру. Орташа жүктеме 1380 санақ объектісі.
Кәсіптік білім денгейі: жоғары, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, орта білім жұмыс өтілі бойынша талаптарды қоюсыз.
Жеке құзыреттеріне қойылатын талаптар: Талдамалық пайымдау, командада жұмыс істеу, қарым-қатынас құру, ауызша және жазбаша коммуникация, жауапкершілік, әдептілік нормаларын ұстану, әдістемені игеру, нормативтілік, нәтижеге бағдарлану.
Сұхбаттасуға қатысу үшін түйіндемелер 2025 жылғы 27 сәуірге дейін (нұсқаушылар үшін),15 мамырға дейін (интервьерлер үшін) info.uralsk@statdata.kz электрондық мекенжайына қабылданады.
Анықтама үшін телефон 8 (7112) 50-95-25, 31-64-19