16.01.2023
Құрметті пайдаланушылар!
ҚР СЖРА ҰСБ Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті нұсқаулық-кеңес өткізеді.
2023 жылдың 18 қаңтарында сағат 11:00-де кәсіпорындардың бухгалтерлері және экономистерімен 1-инновация «Инновациялық қызмет туралы есеп»(жылдық) , 1-ғылым «қосалқы Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар туралы есеп» (жылдық), статистикалық нысанын тапсыру жөнінде ZOOM бағдарламасы арқылы онлайн семинар өткізіледі.
Барлық ниет білдірушілерді қатысуға шақырамыз.
Біздің мекенжайымыз: Орал қаласы, Мұхит көшесі, 50/1.
Байланыс телефоны: 50-74-01.