«Дара кәсіпкерлер, шаруа немесе фермер қожалықтарында және жұртшылық шаруашылықтарында мал шаруашылығы өнімдерін өндіру туралы» А-008 (тоқсандық) іріктемелі зерттеу нысандары бойынша Статистикалық бақылаудың ақылы қызмет көрсету шарттарына интервьюерлердің бос орындары.
Үміткерге қоса берілген нысанға сәйкес толтырылған өтінімді, жеке куәлігінің көшірмесі, сонымен бірге білімі туралы құжаттың көшірмесін Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Жетісу облысы бойынша департаментіне (Талдықорған қаласы, Жансүгіров көшесі 111, 311 кабинет) ұсынуға, немесе m.rysbay@aspire.gov.kz электрондық поштаға жолдау қажет.
Өтінімдерді қабылдаудың түпкілікті мерзімі: 2026 жылғы 4 наурыз.
Байланыс телефоны: 8 (728) 241-39-18.