ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Түркістан облысы бойынша департаменті РММ Халықтың тұрмыс деңгейі статистикалық байқауын бойынша Түркістан қаласы бойынша іріктемелі зерттеу жүргізу үшін сұхбатшы қабылданатынын хабарлайды.
Зерттеу өткізу мерзімі – есепті кезеңнің 2024 жылғы қаңтардың 1-нен желтоқсанның 31-не дейін (қоса алғанда) аралығында (тоқсандық, жылдық, бірреттік).
Сухбатшыға қойылатын талаптар: жоғары, орта техникалық және кәсіптік немесе жалпы орта білім, жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар қойылмайды (экономикалық, есеп және аудит, қаржы, құқықтану).
Лауазымдық міндеттері:
- респонденттерге тікелей (жеке) бару және алынған мәліметтерді зерттеудің статистикалық нысандарына толтыру жолымен зерттеуді жүзеге асыру;
- статистикалық байқаулар бойынша алынған алғашқы статистикалық деректердің сапасын, толықтығын және дәйектілігін қамтамасыз ету;
- алғашқы статистикалық деректерді статистикалық нысандарға дұрыс толтырылуын қамтамасыз ету;
- деректерді жинау және байқау аяқталғаннан кейін алғашқы деректердің және жеке деректердің құпиялылық қағидасын,уақыттылық мерзімін сақтау.
Барлық сұрақтар бойынша Шымкент қаласы, Желтоқсан көшесі 30А, №411 кабинеті мекенжайына хабарласуға болады, анықтама телефондары: 8(7252) 39-01-67.