Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Ұлттық статистика бюросы
Шымкент қаласы
Хабарландырулар
17.09.2025
Хабарландыру

        Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика  бюросының Шымкент қаласы бойынша департаменті, «Халықтың құқық қорғау органдарына және сот жүйесіне сенімділік деңгейі» нысаны бойынша іріктеп зерттеу өткізу үшін бос қызмет орнына 5  интервьюер қабылдауға конкурс жарияланатынын хабарлайды. Өткізу мерзімі 2025 жылғы 1 қазан мен 15 қараша аралығында.

 Интервьюердің біліктілігіне қойылатын талаптар: жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі), орта техникалық және кәсіптік немесе жалпы орта білім, жұмыс өтілі бойынша талаптарды ұсынусыз.

Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттар ұсынылады:

1) Уәкілетті органмен анықталған нысанда өтінім;

2) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;

3) Білім деңгейі бойынша құжаттардың көшірмелері және қосымшалары.

Жұмысқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Шымкент қаласы бойынша департаментіне, мына мекен жай бойынша: Шымкент қаласы, Желтоқсан көшесі 30А, құжаттарын қолма-қол ұсынады, телефон 39-50-45, 39-50-76.

Онлайн кеңесші