Іріктемелі статистикалық бақылау бойынша алғашқы статистикалық деректерді жинаудағы ақылы қызмет көрсету шарттары бойынша бос интервьюер орындары «Күнделікті шығыстарды есепке алу күнделігі» Д-003 (тоқсандық), «Үй шаруашылықтарының тоқсан сайынғы табыстары мен шығыстарын есепке алу журналы» Д-004 (тоқсандық), «Үй шаруашылығының карточкасы» Д-008, «Халықтың тұрмыс сапасы» Д-002 (жылына бір рет).
Өңірдің атауы, бос орындар саны:
«Күнделікті шығыстарды есепке алу күнделігі»
Д-003(тоқсандық) , «Үй шаруашылықтарының тоқсан сайынғы табыстары мен шығыстарын есепке алу журналы» Д-004 (тоқсандық), «Үй шаруашылығының карточкасы» Д-008, «Халықтың тұрмыс сапасы» Д-002 (жылына бір рет) іріктемелі статистикалық бақылау бойынша интервьюер:
Ақтау қ.ә. - 7 адам
Жаңаөзен қ.ә. - 3 адам
Қарақия ауданы, Құрық с. - 1 адам
Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қ. - 1 адам.
Білімі:
Жоғары, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жалпы орта білім, жұмыс өтілі бойынша талаптарды қоюсыз.
Міндеттері:
Статистикалық бақылауды өткізуге дайындық:
методологиялық және статистикалық құралдарды зерттеу, тізімді нақтылау.
Жалпы мемлекеттік статистикалық байқауларды жүргізу бойынша бекітілген статистикалық нысаны бойынша респонденттерге жеке сұрау салу және аумақтық статистикалық органға статистикалық деректерді ұсыну. Алғашқы статистикалық деректердің құпиялылығын қамтамасыз ету.
Анықтама телефоны: 8(7292) 31-91-55, 31-91-77, 31-91-64
Түйіндеме мына почтаға қабылданады: m.statmang@aspire.gov.kz
Немесе қолма-қол мына мекенжай бойынша: Актау қ., 23 ш.а., 41 ғимарат, 419 кабинет