Статистикалық байқаулар негізінде үй шаруашылықтарына сауалнама жүргізу бойынша ақылы қазметтерді көрсету шарты бойынша интервьюерлерді жұмысқа қабылдау жарияланады:
1. ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану туралы
2. сапар шығындары туралы
Өткізу орны: Ақтау қ., Жаңаөзен қ., Бейнеу ауданы, Қарақия ауданы, Маңғыстау ауданы, Мұнайлы ауданы, Түпқараған ауданы.
Қызмет көрсету мерзімі: 2025 жылғы 16 қаңтардан 30 қаңтарға дейін.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі), орта техникалық және кәсіби, еңбек өтілі бойынша талаптар қойылмай, жалпы орта білім.
Функционалдық міндеттері:
Респонденттердің жеке сауалнамасы арқылы статистикалық байқау жүргізу, статистикалық нысанды толтыру және аумақтық статистика органына ұсыну, бастапқы статистикалық деректердің құпиялылығын қамтамасыз ету.
Барлық сұрақтар бойынша мына мекенжайға хабарласуға болады: Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 23 шағын аудан, 41 ғимарат, 119 кабинет, анықтама телефоны: 8 (7292) 31-91-55, 31-91-63.
Әңгімелесуге қатысу үшін үміткерлердің өтінімдері m.statmang@aspire.gov.kz , Z.Shuisova@aspire.gov.kz электрондық мекенжайға қабылданады.
Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі 2025 жылғы 8 қаңтар.