Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы БҰҰ ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы Өкілдігімен ынтымақтастықта 2023-2025 жылдарға арналған «Мультииндикаторлық кластерлік зерттеу 2024» (бұдан әрі – МИКС) жобасын іске асыру бойынша жұмыстар жүргізуде.
Бұл зерттеудің мақсаты сенімді деректер мен талдау арқылы балалар құқықтарының қорғалуын монитрингілеу бойынша Қазақстанның мүмкіншілігін кеңейту болып табылады.
Маңғыстау облысының Статистика департаментінің мамандары а.ж. 21 мамырынан бастап 25 маусымға дейін үй шаруашылықтарын аралау арқылы тізімін (листинг) жасау бойынша жұмыстар жүргізетіндігін, сонымен қатар мамандардың Департаментке тиісті екендігін растайтын куәліктері болатындығын назарларыңызға саламыз.
Бұл жобаны іске асыру балалар мен әйелдердің хал-ахуалы деңгейін анықтауға, сондай-ақ ұлттық даму бағдарламалары мен жоспарларының тиімді жүзеге асырудағы прогрессті тексеруге мүмкіндік береді. Сондықтан тұрғындарды осы зерттеуге қатысуға шақырамыз.