Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
Қостанай облысы
Хабарландырулар
09.01.2026
2026 жылғы 5 қаңтардан 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде іріктемелі статистикалық байқау жүргізу үшін тартылатын интервьюерлердің тізімі
Құрметті азаматтар! «Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Қостанай облысы бойынша департаменті» РММ халықтың өмір сүру деңгейін зерттеу үшін үй шаруашылықтарын тексеру бойынша іріктемелі статистикалық байқау жүргізеді. Сіздерден алынған ақпарат аса құпияда сақталатынына және тек статистикалық мақсаттарға пайдаланылатынына кепілдік береміз. Сіздердің жауаптарыңыз елдегі халықтың және өңірлер бойынша кедейшілік деңгейін, мемлекеттің әлеуметтік және экономикалық саясатының тиімділігі туралы құнды ақпарат алуға мүмкіндік береді. Бұл деректер жиынтық күйінде халықты әлеуметтік қорғау саласында дамуының әртүрлі бағдарламаларын әзірлеу үшін пайдаланылады. Байқауға қатысушы ретінде Сіздің отбасыңыз мүлде кездейсоқ таңдап алынды. Үй шаруашылықтары көше атаулары және үй нөмірлерімен барлық ғимараттар енгізілген Статистикалық тұрғын үй қоры тіркелімінен математикалық, кездейсоқ әдіспен таңдалып алынған болатын. Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінен кездейсоқ таңдап алынған 12 мың отбасынан 40 мыңнан аса адам осы зерттеуге қатысады. Өтеулі қызмет көрсету шарты негізінде зерттелетін отбасыларға төрт есептік көрсеткіш мөлшерінде ақшалай сыйақы (Қазақстан Республикасының қолданыстағы заннамасына сәйкес міндетті салықтарды, жарналарды және басқа да төлемдерді есептен шығарып) төленеді. Сіздерден қажет ақпаратты ұсынуларыңызды сұраймыз. Сұрақнама сұрақтарына жауап беру үшін растайтын құжаттар талап етілмейді, біз Сіздердің сөздеріңізге сенеміз. Сіздердің қатысуларыңыз өте маңызды, сұрау нәтижелерінің нақтылығы Сіздің толық жауаптарыңызға байланысты. Зерттеуді жүргізу үшін интервьюер Сізге жолығып, арнайы куәлігін көрсетеді. Оның келу уақытын статистика органдарынан нақты білуге болады. Сіз облыстық статистика департаментіне байланыс телефоны арқылы хабарласып, өзіңізді қызықтыратын сұрақтарыңызды қоюыңызға болады. Сұрақтар бойынша мына телефон +7 (7142) 53-56-76, 53-63-93 арқылы хабарласуға болады.