Құрметті респонденттер!
Респонденттерге қатысты мемлекеттік бақылау жүргізу тәртібіне өзгерістер енгізілді
2024 жылғы 6 сәуірдегі «Бизнесті жүргізу мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы аясында «Мемлекеттік статистика туралы» ҚР Заңының 12-2-бабына өзгерістер енгізілді.
Енді респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді ұсыну кестесінде көрсетілген мерзім ішінде есеп уақтылы тапсырылмаса, профилактикалық бақылаусыз-ақ, респонденттер айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке бірден тартылатын болады.
Сондай-ақ бастапқы статистикалық деректердің дәйексіздігі анықталған жағдайда, респонденттерге статистикалық нысандарға түзетулер енгізу қажеттілігі туралы хабарлама жіберіледі. Түзетулер енгізу статистикалық нысанды қайта ұсыну немесе деректердің дұрыстығын растау бойынша қосымша ақпарат беру арқылы бір жұмыс күні ішінде (бұған дейін екі күн берілген) жасалуы тиіс. Респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді бұрыс ұсынғанын көрсететін дәлел жеткілікті болған кезде әкімшілік құқық бұзушылық бойынша іс қозғалады.
Біз барлық респонденттерді статистикалық есептерді белгіленген мерзім ішінде тапсыруға және себеп-салдарын алдын алу үшін сенімді деректерді ұсынуға шақырамыз.
Аталған өзгерістер 2024 жылғы 8 маусымнан бастап күшіне енеді (БАҚ беттерінде жарияланған күннен 60 күн өткен соң) ескертеміз.
Техникалық қолдау бойынша немесе статистикалық есептілік күнтізбесін қарау, қосымша сұрақтар туындаған жағдайда Бюроның Бірыңғай байланыс орталығына 1446 нөмірі бойынша, сондай-ақ, @statgovkz_bot Telegram-Bot арқылы хабарласуыңызды сұраймыз.