Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
Қарағанды облысы
Хабарландырулар
15.04.2026
Интервьюерлерді қабылдау туралы хабарландыру

Статистикалық байқаулар бойынша үй шаруашылықтарын зерттеу үшін өтеулі қызметтер көрсету шарты бойынша интервьюерлерді қабылдау жарияланады: 

1.     Халықтың жұмыспен қамтылуын және тұрмыс деңгейін іріктемелі зерттеу сауалнамасы 

 

Өтетін орны: Қарағанды қаласы, Приозерск  қаласы, Саран  қаласы

 

Қызмет көрсету мерзімі: 2026 жылғы 16 сәуірден бастап 31 желтоқсанға дейін. 

 

Біліктілікке қойылатын талаптар: Жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі), орта техникалық және кәсіптік, жалпы орта білім, жұмыс өтілі бойынша талаптар қойылмайды. 

 

Функционалдық міндеттері: респонденттердің жеке сауалнамасы арқылы статистикалық байқау жүргізу, статистикалық деректерді жинау планшетте жүзеге асырылады және аумақтық статистика органына ұсынылады, бастапқы статистикалық деректердің құпиялылығын қамтамасыз етеді. 

 

Барлық сұрақтар бойынша мына мекенжайға хабарласуға болады: Қарағанды қаласы, Чкалов көшесі, 10, 222 кабинет, анықтама телефоны: 8 (7212) 41-44-89. 

 

Әңгімелесуге қатысу үшін кандидаттардың өтінімдері электрондық мекенжайға қабылданады: statkrg@aspire.gov.kz. 

Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 16 сәуірден 30 сәуірге дейін.