«Халықтың құқық қорғау органдарына және сот жүйесіне сенімділік деңгейі» статистикалық байқауы бойынша үй шаруашылықтарын зерттеу үшін өтеулі қызмет көрсету шарты бойынша интервьюердің қабылдау жарияланады.
Өткізу орны: Қарағанды қ., Приозерск қ.,Саран қ., Теміртау қ., Абай қ., Топар к., Қарқаралы қ., Молодежный к., Ағадыр к.
Қызмет көрсету мерзімі: 2026 жылғы 1 сәуірден бастап 15 мамырды қоса алғанда.
Білім деңгейі бойынша талаптар: Жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі), орта техникалық және кәсіби, жалпы орта білім жұмыс өтілі бойынша талап қойылмайды.
Функционалдық мідеттері: Үй шаруашылықтарынан жеке сұрау салу арқылы статистикалық байқау жүргізу, статистикалық деректерді жинау планшетте жүзеге асырылады және аумақтық статистика органына ұсынылады, алғашқы статистикалық деректердің құпиялылығын қамтамасыз ету.
Барлық сұрақтар бойынша мына мекен-жайға жүгінуге болады: Қарағанды қаласы, Чкалов көшесі, 10, 217, 219 кабинет.
Анықтама үшін телефон: 8 (7212) 41-44-67, 8-705-140-23-18.
Әңгімелесуге қатысу үшін үміткерлердің өтінімдері мына электрондық мекен-жайға қабылданады: statkrg@aspire.gov.kz.
Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 16 наурыздан бастап 27 наурызға дейін.