Статистикалық байқаулар бойынша үй шаруашылықтарын тексеру үшін өтеулі қызметтер көрсету шарты бойынша интервьюерлерді қабылдау жарияланады: 1. Халықтың жұмыспен қамтылуын іріктеп зерттеу сауалнамасы. Өтетін орны: Қарағанды қ., Приозерск қ., Саран қ. Қызмет көрсету мерзімі: 2026 жылғы 13 ақпанда бастап 31 желтоқсанға дейін. Біліктілікке қойылатын талаптар: Жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі), орта техникалық және кәсіптік, жалпы орта білім, жұмыс өтілі бойынша талаптар қойылмайды. Функционалдық міндеттері: респонденттердің жеке сауалнамасы арқылы статистикалық байқау жүргізу, статистикалық деректерді жинау планшетте жүзеге асырылады және аумақтық статистика органына ұсынылады, бастапқы статистикалық деректердің құпиялылығын қамтамасыз етеді. Барлық сұрақтар бойынша мына мекенжайға хабарласуға болады: Қарағанды қаласы, Чкалов көшесі, 10, 222 кабинет, анықтама телефоны: 8 (7212) 41-49-75. Әңгімелесуге қатысу үшін кандидаттардың өтінімдері электрондық мекенжайға қабылданады: statkrg@aspire.gov.kz. Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі: 13 ақпаннан 28 ақпанға дейін 2026 жылғы.