Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
Қарағанды облысы
Хабарландырулар
22.12.2025
Интервьюерлерді қабылдау туралы хабарландыру
Статистикалық байқаулар негізінде үй шаруашылықтарына сауалнама жүргізу бойынша ақылы қазметтерді көрсету шарты бойынша интервьюерлерді жұмысқа қабылдау жарияланады: 1) ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану туралы 2) сапар шығындары туралы Өткізу орны: Қарағанды қ., Балқаш қ., Приозерск қ., Саран қ., Теміртау қ., Шахтинск қ., Абай ауданы, Ақтоғай ауданы, Бұқар жырау ауданы, Қарқаралы ауданы, Нұра ауданы, Осакаров ауданы, Шет ауданы. Қызмет көрсету мерзімі: 2026 жылғы 12 қаңтардан 30 қаңтарға дейін. Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі), орта техникалық және кәсіби, еңбек өтілі бойынша талаптар қойылмай, жалпы орта білім. Функционалдық міндеттері: Респонденттердің жеке сауалнамасы арқылы статистикалық байқау жүргізу, статистикалық нысанды толтыру және аумақтық статистика органына ұсыну, бастапқы статистикалық деректердің құпиялылығын қамтамасыз ету. Барлық сұрақтар бойынша мына мекенжайға хабарласуға болады: Қарағанды қаласы, Чкалов көшесі, 10, 110 кабинет, анықтама телефоны: 8 (7212) 41-45-42. Әңгімелесуге қатысу үшін үміткерлердің өтінімдері statkrg@aspire.gov.kz электрондық мекенжайға қабылданады. Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі 2026 жылғы 5 қаңтар.