Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
Қарағанды облысы
Хабарландырулар
21.11.2025
Интервьюерлерді қабылдау туралы хабарландыру
1. «Тұрмыс деңгейі бойынша үй шаруашылықтарының листингі» 2. «Күнделікті шығыстарды есепке алу күнделігі», «Үй шаруашылықтарының тоқсан сайынғы табыстары мен шығыстарын есепке алу журналы», «Үй шаруашылығының карточкасы», «Халықтың тұрмыс сапасы» статистикалық байқаулары бойынша үй шаруашылықтарын зерттеу үшін өтеулі қызмет көрсету шарты бойынша интервьюердің қабылдау жарияланады. Өткізу орны: Қарағанды қ. Балхаш қ., Саран қ., Теміртау қ., Шахтинск қ., Абай қ., Құлайғыр к., Доскей а., Ботақара к., Ақжол а., Нұра к., Осакаровка к., Ақсу-аюлы к., С.Сейфуллин к. Қызмет көрсету мерзімі: 1. 2025 жылғы 24 қарашадан бастап 23 желтоқсанды қоса алғанда. 2. 2026 жылғы 01 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда. Білім деңгейі бойынша талаптар: Жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі), орта техникалық және кәсіби, жалпы орта білім жұмыс өтілі бойынша талап қойылмайды. Функционалдық мідеттері: Үй шаруашылықтарынан жеке сұрау салу арқылы статистикалық байқау жүргізу, статистикалық нысанды толтыру және аумақтық статистика органына ұсыну, алғашқы статистикалық деректердің құпиялылығын қамтамасыз ету. Барлық сұрақтар бойынша мына мекен-жайға жүгінуге болады: Қарағанды қаласы, Чкалов көшесі, 10, 219 кабинет. Анықтама үшін телефон: 8 (7212) 41-49-75, 25-26-09. Әңгімелесуге қатысу үшін үміткерлердің өтінімдері мына электрондық мекен-жайға қабылданады: statkrg@aspire.gov.kz. Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі 2025 жылғы 25 қараша.